|
|
|
Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын нығайту бойынша қосымша ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 1060 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасының режимiн ретке келтiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын нығайту бойынша қосымша iс-шараларды өткізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Комиссия 2004 жылғы 22 қарашаға дейiн Yкiметке белгіленген тәртiппен шекара алабынан көшiрiлуге тиiс Қазақстан Республикасының азаматтарына өтемақы төлеу және тұрғын үйлер мен жер учаскелерiн беру тәртібін және республикалық бюджеттен осы iс-шараларға талап етілетiн қаржыландыру көлемiн есептеудi көздейтiн қаулының жобасын енгізсiн. 3. Комиссияға қажет болған кезде Қазақстан Республикасы мүдделi мемлекеттік органдарының мамандарын оның қызметіне қатысу үшiн тарту құқығы берiлсiн. 4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі болып белгіленсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1184 қаулысымен бекітілген Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын нығайту бойынша қосымша iс-шараларды өткізу жөніндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Сауат Мұхаметбайұлы орынбасары, жетекшi Атанов - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер Мұрат Марданұлы министрлiгінiң Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшiсi, жетекшiнiң орынбасары Көпеев - Қазақстан Республикасының Төтенше Мұхамбет Жұманазарұлы жағдайлар министрi Оспанов - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын Бақыт Сағындықұлы басқару агенттiгiнiң төрағасы Выборов - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер вице- Анатолий Николаевич министрi - Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң төрағасы Әшiтов - Қазақстан Республикасының Еңбек және Батыржан Зайырқанұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрi Әрiпханов - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- Айдар Әбдiразақұлы министрi Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика және Наталья Артемовна бюджеттік жоспарлау вице-министрi Стамқұлов - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице- Үбайдолла Мырзағалиұлы министрi Зәкиев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк Болат Сейітқазынұлы комитетi Шекара қызметiнiң директоры (келісім бойынша) Ержанов - Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау Аманияз Қасымұлы агенттігі төрағасының бiрiншi орынбасары Омаров - Қазақстан Республикасы Индустрия және Қайсар Оспанұлы сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi комитетiнiң төрағасы Әбдиев - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты Жазбек Ниетұлы әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетiнiң төрағасы Әбiшев - Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Қазақстан Ислам Алмаханұлы облысы әкімінiң бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |