|
|
|
Мемлекеттік органдардың нысанды киiм-кешектерi мен нышандары ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 307 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының нысанды киiмдерi мен нышандары мемлекеттік стандарттарының жобаларын қарау, олардың сапалық параметрлерін, нормалары мен бiрыңғай мемлекеттік стильдi қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қолдану практикасын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Мемлекеттік органдардың нысанды киiм-кешектерi мен нышандары жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын. 2. 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың нысанды киiм-кешектерi мен нышандары жөніндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 23 қарашадағы № 1230 қаулысына 1-қосымша Мемлекеттік органдардың нысанды киiм-кешектерi мен нышандары жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы Алтынбаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Мұхтар Қапашұлы министрi, комиссия төрағасы Әбдiрахимов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ғабидолла Рахматоллаұлы қызмет iстерi жөнiндегі агенттігінiң төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Бекбенбетов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Марат Төлегенұлы министрлігінің Қарулы Күштерi тыл бастығының орынбасары - тыл бастығы басқармасы штабының бастығы, хатшы Аюбаев - Қазақстан Республикасы Президентi Күзет Мұхтар Ақатұлы қызметi бастығының орынбасары (келісім бойынша) Сәрсенов - Қазақстан Республикасы Экономикалық Аниятолла Өмiрзақұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары Әбдiров - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кенжеболат Мұхамеджанұлы жанындағы Соттық әкімшілендiру комитеті төрағасының орынбасары (келісiм бойынша) Есжанов - Қазақстан Республикасы Көлiк және Қанат Бөлебайұлы коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитеті төрағасының орынбасары Михалченко - Қазақстан Республикасы Индустрия және Василий Николаевич сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетi төрағасының орынбасары Шақуанов - Қазақстан Республикасы Әдiлет Болат Аташұлы министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi төрағасының орынбасары Аппарбеков - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Серiк Сейiтұлы министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментiнің бастығы Ыбыраев - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Болат Әбиүрұлы министрлігі Тыл департаментiнiң бастығы Иванова - Қазақстан Республикасы Экономика және Наталья Николаевна бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік аппарат, қорғаныс, қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк шығыстарын жоспарлау департаментiнiң директоры Қожымұратов - Қазақстан Республикасы Ауыл Асылбек Әубәкiрұлы шаруашылығы министрлігі Ветеринария департаментінiң директоры Сәттібаев - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Әлейтжан Қалиғұмарұлы министрлiгі Азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер және жедел ден қою департаментiнiң директоры Хасенов - Қазақстан Республикасы Ауыл Сақташ Сатыбалдыұлы шаруашылығы министрлiгі Өсiмдiктердi қорғау және карантинi департаментiнiң директоры Шабақбаев - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Марат Несiпбекұлы Кадр жұмысы мен iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету департаментiнiң бастығы (келісiм бойынша) Торғаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Мұқажан Рымжанұлы қауiпсiздiк комитетінің Әскери-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету департаментi бастығының бiрiншi орынбасары (келісім бойынша) Фролов - Республикалық ұланның әскери-техникалық Павел Михайлович және қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы (келісім бойынша) Тiлеуов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Сәлiмжан Атшыбайұлы қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің Тыл бас басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша) Үкіметінiң 2004 жылғы 23 қарашадағы № 1230 қаулысына 2-қосымша Мемлекеттік органдардың нысанды киiм-кешектерi мен нышандары жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже I. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік органдардың нысанды киiм-кешектерi мен нышандары жөніндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) бiрыңғай мемлекеттік стильдi қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкіметі жанындағы мемлекеттік органдардың нысанды киiм-кешектерi мен нышандарының стандарттары жобаларын әзiрлеу және қарау жөніндегі консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия өзiнің қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комиссия өзiнiң қызметін Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссиямен (бұдан әрi - Республикалық комиссия) өзара iс-қимылда жүзеге асырады. 4. Комиссия шешімдерi ұсынымдық сипатта болады. II. Комиссияның негiзгi мiндеттері 5. Комиссияның негізгі міндеттерi: 1) мемлекеттік органдардың нысанды киiмдерi мен нышандарына қатысты бөлігінде мемлекеттік стильді қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау; 2) мемлекеттік органдардың нысанды киiмдерi мен нышандарының сапасы, қауiпсiздігі, бiрыңғай мемлекеттік стилi, қолданылу және кию заңдылығы мәселелерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетілдiру жөнінде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады. 6. Комиссияның негізгi функциялары: 1) мемлекеттік органдардың нысанды киiмдерi мен нышандарының сапасы, қауiпсiздiгi, бiрыңғай мемлекеттік стилі, қолданылу және кию заңдылығы мәселелерiн регламенттейтiн қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жаңасын әзiрлеу мен қайта қарау жөнiнде ұсыныстар дайындау; 2) мемлекеттік органдардың нышандарын көпшiлiк қолдану практикасын зерделеу және қажет жағдайда, оның Қазақстан Республикасында қолданылуы жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; 3) мемлекеттік органдардың нысанды киiмдерi мен нышандары эскиздерiн, суреттерiн, үлгілерiн, сондай-ақ мемлекеттік стандарттар мен басқа да нормативтiк құжаттардың жобаларын қарау; 4) мемлекеттік органдарға арналған нысанды киiмдер мен нышандар стандарттарын әзiрлеуге, үлгiлерiн жасауға және шығаруға арналған мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерлер үшiн жағдайларды дайындау шеңберiнде ұсынымдар әзiрлеу; 5) мемлекеттік органдардың нысанды киiмдерi мен нышандарына мемлекеттік стандарттар әзiрлеу, өндiру және оларға сәйкес қолдану мәселелерi жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмыстарының қорытындыларын зерделеу, талдау және қорыту; 6) мемлекеттік органдарға арналған нысанды киiмдер мен нышандарды қолданудың құқықтық базасын жетілдiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар әзiрлеу және енгізу; 7) мемлекеттік нышандарды шығаруға, таратуға, насихаттауға, оларды әскери және өзге атрибутикада, мемлекеттік органдарда қолдану практикасында пайдалануға байланысты мәселелер жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады. IV. Комиссияның негiзгi өкiлеттiктерi 7. Комиссия қойылған мiндеттердi шешу үшiн: 1) қоғамдық бастауда орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, шығармашылық және ғылыми ұйымдардың, оқу орындарының мамандарын, республиканың ғалымдары мен мамандарын тартуға; 2) министрлiктерден, өзге де орталық және жергіліктi атқарушы органдардан Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде ақпараттар сұратуға құқылы. V. Комиссия жұмысын ұйымдастыру Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшы мен Комиссия мүшелерiнен тұрады. 1) Комиссияға жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның отырыстарына төрағалық етедi; 2) оның қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес ұйымдастырады; 3) Комиссияның жұмыс жоспарларын бекiтедi, күн тәртібін белгiлейдi және Комиссия отырыстарының хаттамаларына қол қояды; 4) Комиссияның қызметін жетілдiру және оның құзыретіне кiретiн басқа да мәселелер жөнiнде Комиссия мүшелерiнің ұсыныстарын қарайды; 5) Комиссия жүзеге асыратын қызметі үшін жауапты болады. 10. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. 1) Комиссия жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын, оның отырыстарына материалдарды дайындауды жүзеге асырады, отырыстар күн тәртібінің жобасын төрағаның қарауына енгiзедi; 2) Комиссияның іс жүргiзуi үшін жауап бередi және жұмыс жоспарларының iске асырылуын бақылауды қамтамасыз етедi; 3) осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 12. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 13. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жүргізіледi және оның мүшелерінің жалпы санының 2/3 бөлiгi болған кезде заңды. 14. Комиссия шешiмi оның отырыстарына қатысатын мүшелерiнiң санынан кемінде 2/3 ашық дауыспен қабылданады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |