|
|
|
Қазақстан Республикасында инфляциялық процестердi реттеу Инфляцияға қарсы кешендi саясатты әзiрлеу мен iске асыру мақсатында: 1. Қазақстан Республикасында инфляциялық процестердi реттеу жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi Iс-шаралар жоспары) бекітілсiн. 2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (келісім бойынша) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет 20 шiлдеге және 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының iске асырылуы туралы есептi ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет 30 шiлдеге және 30 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 379-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасында инфляциялық процестерді реттеу жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
Ескерту: әрiптiк аббревиатураны таратып жазу: ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қаржыминi - Қаржы министрлігі Еңбекминi - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі ҰБ - Ұлттық Банк ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі ТМРА - Табиғи монополияларды реттеу агенттiгі СА - Статистика агенттiгi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |