|
|
|
Мемлекеттiк кәсiпорын туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 ж. 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар Жарлығы (ҚР Президентінің 23.12.95 ж. N 2722 Жарлығымен; ҚР 19.06.97 г. N 132-1; 11.07.97 г. N 154-1; 16.12.98 ж. N 320-1; 04.10.99 ж. N 469-1; 04.11.99 ж. N 472-1; 04.05.01 ж. N 185-II; 21.05.02 ж. N 323-II; 04.06.03 ж. N 431-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 жылғы 11 маусымдағы N 561-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 1-Тарау. Жалпы ережелер (1 - 17 баптар) 2-Тарау. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорын (18 - 30 баптар) 3-Тарау. Қазыналық кәсiпорын (31 - 45 баптар) 4-Тарау. Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын (46 - 51 баптар) ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес кіріспе алынып тасталды 1-Тарау. Жалпы ережелер ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңына сәйкес 1-бап толықтырылды 1-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындар 1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға: 1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар; 2) жедел басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады. 2. Мемлекеттiк меншiктiң түрлерiне қарай кәсiпорындар: 1) республика меншiгiндегi кәсiпорындар - республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар; 2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар - коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар болып бөлiнедi. 3. Басқа мемлекеттiк кәсiпорын құрған мемлекеттiк кәсiпорын еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады. 4. Мемлекеттiк банктердiң құқықтық ережелерiнiң, құрылуының, лицензиялануының, қызметiнiң реттелуiнiң, жауапкершiлiгiнiң, қайта ұйымдастырылуы мен таратылу шарттарының ерекшелiктерi қолданылып жүрген банк заңдарымен белгiленедi. 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құратын кәсiпорындар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кәсiпорындарының қызметiн құру, реттеу және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Жарлықпен белгiленедi. ҚР Президентiнiң 23.12.95 ж. N 2722 заң күші бар Жарлығымен 2-бап өзгертілді; ҚР 04.05.01 ж. N 185-II; 21.05.02 ж. N 323-II Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мiндет-мақсаты 1. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады: 1) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау; 2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету); 3) мемлекеттiк монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру. 2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi. ҚР Президентiнiң 23.12.95 ж. N 2722 заң күші бар Жарлығымен 3-бап өзгертілді; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 3-бап өзгертілді; ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңымен 3-бап жаңа редакцияда 3-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк меншiк құқығын жүзеге асыру 1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын республикалық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) орындайды. Министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары (бұдан әрi - мемлекеттік басқару органдары) болып табылады. 2. Коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты функцияларын тиiсті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкiмияты (бұдан әрi - уәкілетті орган) жүзеге асырады. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөліністің әкiмияты не жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттік берген атқарушы орган (бұдан әрi мемлекеттiк басқару органы) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып табылады. ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 21.05.02 ж. N 323-II Заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды құру 1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасы Үкiмет белгiлеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады. 2. Мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшысы уәкiлдi орган болады. 3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Жарлықтың 18-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi. Қазыналық кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Жарлықтың 32-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi. 5-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындарды тiркеу және қайта тiркеу 1. Мемлекеттiк кәсiпорын өзi мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылған деп саналады және заңды тұлғаның құқығына ие болады. Мемлекеттiк кәсiпорындарды тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 2. Бұл заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу туралы заң актiлерiнде көзделген жағдайда мемлекеттiк кәсiпорын қайта тiркеуге жатқызылады. ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 6-бап өзгертілді 6-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысы 1. Жарғы мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшы құжаты болып табылады. Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысын мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) бекiтедi. 2. Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысында: кәсiпорынның түрi, оның фирмалық атауы, құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) туралы мәлiмет, кәсiпорынның тұрған жерi, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаты, басшының өкiлеттiгi, жұмыс режимi, кәсiпорын мүлкiнiң құралуы мен табысты бөлу тәртiбi, кәсiпорынды қайта ұйымдастыру мен оның қызметiн тоқтату шарттары болуы тиiс. Жарғыда сондай-ақ кәсiпорын мен құрылтайшы (уәкiлеттi орган), кәсiпорынның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары айқындалады. Жарғыда заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн. 7-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның фирмалық атауы 1. Мемлекеттiк кәсiпорынның фирмалық атауында мүлiк иесi мемлекеттiк меншiктiң қай түрiне (республикалық немесе коммуналдық) жататыны және ведомстволық бағыныстылығы көрсетiлуi керек. Жедел басқару құқығындағы кәсiпорынның фирмалық атауында оның қазыналық болып табылатындығы көрсетiлуi тиiс. 2. Мемлекеттiк кәсiпорынның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және фирмалық атауы бар мөрi болады. ҚР 04.10.99 ж. N 469-1; 04.05.01 ж. N 185-II; 21.05.02 ж. N 323-II Заңдарымен 8-бап өзгертілді және толықтырылды 8-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаты 1. Мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсатын, мемлекеттiк басқару органының ұсынуы бойынша, оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) айқындайды, бұл кәсiпорынның жарғысында бекiтiледi және шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорындарға қатысты бөлiгiнде - осы Жарлықтың 18-бабының талаптарына, ал қазыналық кәсiпорындарға қатысты бөлiгiнде - осы Жарлықтың 32-бабының талаптарына сәйкес келуi керек. Мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруге жол берілмейді. 2. Мемлекеттік кәсіпорынға өз Жарғысында көрсетілген қызметінің нысанасы мен мақсатына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелерді жасауына тыйым салынады. 3. Кәсiпорынның жарғысында айқындалған, қызмет мақсатына қайшы жасаған мәмiлесi заңдарда белгiленген тәртiппен оның құрылтайшысының (уәкiлдi органының) талабы бойынша күшi жоқ деп танылуы мүмкiн. Кәсiпорын басшысының кәсiпорынның қызметiнде жарғыдан тыс iс-әрекет жасауы еңбек мiндеттерiн бұзған болып табылады және белгiленген ретпен тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдануға апарып соғады. ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 9-бап өзгертілді 9-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды басқару 1. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органының мыналарға: 1) мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң басым бағыттарын айқындауға; 2) мемлекеттiк кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң ағымдағы және перспективалық жоспарларын, оның iшiнде жоспарлы қаржылық көрсеткiштерiн, оларды берудiң мерзiмдiлiгi мен тәртiбiн қарауға және бекiтуге; 3) уәкілетті органға тиiстi есептi ол белгілеген мерзiмде табыс ете отырып, мемлекеттiк кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарлы көрсеткiштерiнiң орындалуын бақылауға және талдауға; 4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін тәртiппен мемлекеттiк басшыны тағайындауға және оны аттестаттаудан өткiзуге; 5) мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң мақсатқа сай пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; 6) осы Жарлықпен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерімен өзінің құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға өкілеттіктері болады. 2. Заңды тұлға ретiнде кәсiпорынның органы мемлекеттiк басқару органына есеп беретiн кәсiпорынның басшысы болып табылады. 3. Мемлекеттік басқару органы кәсіпорынның басшысымен қатынасты Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жеке еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді. Жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзімінен, еңбек, демалыс жағдайларынан, материалдық жағынан қамтамасыз етілуінен, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында көзделген кепілдіктер ескеріле отырып, атқаратын қызметінен босату негіздерінен басқа, кәсіпорын басшысының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, оның ішінде таза табыстың белгіленген бөлігін мемлекеттік бюджетке уақтылы аудармағаны және қаржы-шаруашылық есептілігі туралы мәліметтер бермегені үшін жауапкершілігі айқындалады. 4. Кәсiпорын басшысы меншiк иесiнiң және мемлекеттiк басқару органының алдында кәсiпорынның жұмыс жағдайы үшiн жеке дара жауап бередi. 5. Кәсiпорын басшысы жеке дара басшылық жасау принциптерi бойынша iс-қимыл жасайды және кәсiпорынның барлық мәселелерiн осы Жарлық пен кәсiпорын жарғысы белгiлеген құзыретiне сәйкес дербес шешедi. 6. Басшы кәсiпорын атынан сенiмхатсыз iс-қимыл жасайды, барлық органдарда кәсiпорынның мүддесiн бiлдiредi, осы Жарлықпен белгiленген шектерде кәсiпорынның мүлкiне өкiмдiк етедi, шарттар жасайды, сенiмхат бередi, банкiлiк есеп-шоттарын ашады және өзге де мәмiлелер жасайды, барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi. 7. Басшы өз құзыретi шегiнде және еңбек заңдарына сәйкес қызметкерлердi кәсiпорынға жұмысқа қабылдайды және оларды жұмыстан шығарады, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазаға тартады. Басшының ұсынысы бойынша мемлекеттiк басқару органы лауазымға тағайындайтын немесе лауазымнан босататын кәсiпорын қызметкерлерiнiң номенклатурасы кәсiпорынның жарғысында белгiленедi. 8. Басшының орынбасарларын кәсiпорын басшының ұсынысы бойынша мемлекеттiк басқару органы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Басшының орынбасарларының және кәсiпорынның басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн басшы белгiлейдi. Басшының орынбасарлары өздерiнiң құзыретi шегiнде кәсiпорынның атынан iс-қимыл жасайды, оны мемлекеттiк органдарға және басқа кәсiпорындарға танытып бiлдiредi, шаруашылық операцияларын және сенiмхатсыз шарттар жасап, сондай-ақ кәсiпорын қызметкерiне сенiмхат бере алады. ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 10-бап өзгертілді 10-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi 1. Кәсiпорынның мүлкiн негiзгi және айналыс қаражаты, сондай-ақ құны кәсiпорынның дербес балансында көрсетiлген құндылықтар құрайды. 2. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, пайлар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды. 3. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi: 1) оған меншiк иесi берген мүлiктiң; 2) өз қызметiнiң нәтижесiнде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қосқанда); 3) заңдармен тыйым салынбаған өзге де қаражат негiздерiнiң есебiнен қалыптастырылады. 4. Мемлекеттiк кәсiпорындардың негiзгi құралдарға жататын, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында бекiтiлген мүлiкке, сондай-ақ оларға тиесiлi акцияларға қатысты сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ. 5. Шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмде уәкiлеттi орган мемлекеттiк кәсiпорынға кейіннен мүлiктi баланстан шығара отырып, оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстаудың және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерiн белгiлеуге құқылы. 11-бап. Мемлекеттiк меншiк түрi не ведомстволық бағыныстылығы ауысқан кезде кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарының сақтаулы Заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорынды республикалық иелiктен коммуналдық иелiкке бергенде немесе керiсiнше iстегенде, не мемлекеттiк басқарудың бiр органының бағынысынан басқа бiр органның бағынысына берген кезде ондай кәсiпорын өзiне тиiстi мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығын (жедел басқару құқығын) сақтап қалады. ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 12-бап өзгертілді 12-бап. Мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын 1. Мемлекеттiк кәсiпорын тұтас алғанда мүлiк кешенi ретiнде жылжымайтын мүлiк болып танылады және мемлекеттiк меншiк құқығының объектiсi болып табылады. 2. Мүлiктiк меншiк ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, оның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқығы, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атауы, тауар белгiлерi) және басқа да айрықша құқықтар енедi. 3. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын жөнiнде ол бiртұтас мүлiктiк кешен ретiнде болғанда мәмiлелер (кепiлге беру, жалдау және басқалары) жасауы - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша, ал коммуналдық кәсiпорын жөнiнде - жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады. ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 13-бап өзгертілді 13-бап. Мемлекеттiң тапсырысы 1. Мемлекеттiк кәсiпорын үшiн мемлекеттiң тапсырысын орындау мiндеттi болып табылады. Егер бұл шарттар мемлекеттiң тапсырысында көзделген болса, кәсiпорынның тауарларды (жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетудi) сатып алушы немесе сатушы ретiнде шарттар жасаудан бас тартуға құқығы жоқ. 2. Мемлекеттiң тапсырысы кәсiпорынға мемлекеттiк басқару органы арқылы жеткiзiледi. 3. Мемлекеттiң тапсырысында қамтылмаған өнiмдердi (жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетудi) кәсiпорын өз бетiмен сатады. ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 14-бап өзгертілді 14-бап. Заңсыз келген табыстарды кәсiпорыннан алып қою Заңдарда тыйым салынған, оның жарғысында көзделмеген, қызметтi жүзеге асырудан кәсiпорынға түскен табыс, сондай-ақ сатылатын тауарлардың (жұмыстар атқарудың, қызметтер көрсетудiң) бағасын көтеру нәтижесiнде түскен табыс Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджетке алып қойылады. 15-бап. Мемлекеттiк органдардың заңсыз iс-әрекеттерiне кәсiпорынның шағым жасауы Кәсiпорын мемлекеттiк органдардың заңсыз iс-әрекеттерiне, оған қоса ол уәкiлдi органның кәсiпорын пайдасын алып қоюға, мүлiктi қайта бөлуге, мемлекеттiң тапсырысын беруге, кәсiпорын шығаратын тауарларға (жұмыстар атқаруға, қызметтер көрсетуге) баға қоюға байланысты жасаған, сондай-ақ кәсiпорынның құқығы бұзылатын басқадай iс-әрекеттерiне белгiленген тәртiп бойынша сотқа шағым жасауға құқылы. ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 21.05.02 ж. N 323-II Заңдарына сәйкес 16-бап өзгертiлдi 16-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды қайта ұйымдастыру және тарату 1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, ал коммуналдық кәсiпорын - жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен қайта ұйымдастырылады және таратылады. Кәсiпорын азаматтық заңдарда көзделген басқа негiздемелер бойынша да таратылуы мүмкiн. Кәсiпорынды қайта ұйымдастыру және таратуды, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады. 2. Таратылған кәсiпорынның кредит берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлкiн уәкiлдi орган қайта бөледi. Таратылған кәсiпорынның ақшасы осы кәсiпорынның кредит берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалатын мүлкiн сату нәтижесiнде түскен ақша қаражатымен қоса тиiстi бюджеттiң табысына есептеледi. 17-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды жекешелендiру Мемлекеттiк кәсiпорын жекешелендiру туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жекешелендiрiледi. 2-Тарау. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорын ҚР 04.11.99 ж. N 472-1; 04.05.01 ж. N 185-II; 04.06.03 ж. N 431-II Заңдарымен 18-бап өзгертілді және толықтырылды 18-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынның мiндет-мақсаты Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мынадай қызметтер аясында құрылуы (бұрын құрылғандарды iс-әрекет жасауы) мүмкiн: 1) қару-жарақты және оның оқ-дәрiсiн, қорғаныс құралдарын, әскеритехникасын, қосалқы бөлшектердi, санатталатын элементтер мен оның приборларын әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату; босатылған әскери-техникалық құралдарды қайта өңдеу және жою (құрту, ұқсату, көму); 2) уранды және басқа бөлшектенетiн материалдарды, сондай-ақ одан жасалатын бұйымдарды алу, өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу, көму және сату; арнаулы қорғаныс құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға болатын нормадан асатын мөлшерде радиоактивтi заттары бар өнiм шығару және сату; 3) дәрi-дәрмектер, дәрiлiк заттар мен емдеу препараттарын, медициналық жабдықтар мен құрал-сайман жасау және сату; 4) 5) энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау, желiлiк көлiк, байланыс, коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында, республикалық және жергiлiктi инфрақұрылымда тiршiлiкте қамтамасыз ететiн басқа жүйелерде өзiнiң табиғи монополия жағдай мен әлеуметтiк экономикалық маңыздылығы жағынан тiкелей мемлекеттiк басқаруын қажет ететiн шаруашылық қызметiн жүзеге асыру; 6) банк, сақтандыру және өзге де қаржы қызметi саласында; 7) заңдарда қаржыландырудың арнайы тәртібі белгіленген мемлекеттік автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектілерінің желісін ұстау мен дамыту; 8) почта байланысы мен телекоммуникация, жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс желілерін пайдалану; 9) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым, мәдениет және спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру; 10) бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметі саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру; 11) қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру. 12) мемлекеттік құқық және жер кадастрларын жүргізуді қамтамасыз ететін қызметті жүзеге асыру. Мемлекеттік органдардың қызметтік ғимаратын пайдалану және жабдықтау функцияларын орындау мақсатында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар құруға тыйым салынады. 19-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынның мазмұны Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және осы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Жарлықта және өзге де заң құжаттарында белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады. 20-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi 1. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi бола алады. 2. Кәсiпорынның қарамағында тек өзiнiң жарғылық мақсаттарында көзделген қызметтi қамтамасыз ету үшiн қажеттi, не осы қызметтiң өнiмi ретiнде алынған мүлiк қана бола алады. ҚР 19.06.97 ж. N 132-I; 11.07.97 ж. N 154-1; 21.05.02 ж. N 323-II Заңдарына сәйкес 21-бап өзгертiлдi және толықтырылды 21-бап. Кәсiпорынның жарғылық және резервтiк капиталдары 1. Кәсiпорынның жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшысы белгiлейдi, бiрақ оның мөлшерi кәсiпорынға берiлген мүлiктiң жалпы құнынан аспауы керек және кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10.000 кем болмайды. Жарғылық капиталдың мөлшерi кәсiпорынның жарғысында көрсетiледi. Жарғылық капиталды меншiк иесi (құрылтайшы) кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеуден өту қарсаңында толық құруға тиiс. 2. Жарғыда көрсетiлгендей кәсiпорын резерв капиталын қалыптастыруға мiндеттi және ол жарғылық капиталдың 10 процентiнен кем болмауы керек және резерв қорының белгiленген дәрежесiне жеткенге дейiн құрамында қалған пайданың кем дегенде 5 процентiн осы мақсатқа жұмсауы керек. Резерв капиталының қаржысы тек қана шығынды жабуға, бюджет алдындағы мiндеттемелердi орындауға, мемлекеттiк кредиттердi өтеуге және кәсiпорынның басқадай қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда сыйақы (мүдде) өтем төлеуге жұмсалады. 3. Егер кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде жарғылық және резервтiк капиталдардың өзге тәртiптерiн қалыптастыру мен мөлшерлерi белгiленген болса, онда кәсiпорындар оларды осы актiлерде көзделген мөлшерлерде құрады, бiрақ ол осы баптың 1-тармағында көрсетiлгеннен кем болмауы керек. 22-бап. Шаруашылықты жүргiзу құқығына ие болу және тоқтату 1. Мүлiктi құрылып қойған мемлекеттiк кәсiпорынға бекiту туралы меншiк иесi (уәкiлдi орган) шешiм қабылдаған мүлiкке қатысты шаруашылық жүргiзу құқығы, егер заңдарда немесе меншiк иесiнiң (уәкiлдiк органның) шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, бұл кәсiпорында мүлiктi кәсiпорынның дербес балансына бекiтiп берген сәттен бастап пайда болады. 2. Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудың жемiсi, өнiмi мен кiрiсi, сондай-ақ кәсiпорын шарттар немесе өзге де негiздер бойынша алған мүлiк меншiк құқығына ие болуға арналған заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне келiп түседi. 3. Мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығы меншiк құқығын тоқтатуға арналған заңдарда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша, сондай-ақ меншiк иесiнiң (уәкiлдi органның) шешiмiмен кәсiпорыннан мүлiк заңды жолмен қайтарып алынған жағдайларда тоқтатылады. Заңды жолмен қайтарып алу реттерiне, атап айтқанда: 1) кәсiпорынның жарғылық қызметiнiң мақсатына сай келмеген мүлiктi қайтарып алу (осы Жарлықтың 20-бабының 2-тармағы); 2) артылып қалған, пайдаланылмайтын не өз мақсатында пайдаланылмайтын мүлiктi қайтарып алу жатады. ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 23-бап алынып тасталды 23-бап. алынып тасталды ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 24-бап алынып тасталды 24-бап. алынып тасталды ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 21.05.02 ж. N 323-II Заңдарына сәйкес 25-бап өзгертiлдi 25-бап. Кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын жүзеге асыру шарттары 1. Қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығы негiзiнде жүзеге асыратын кәсiпорынның уәкілетті органның жазбаша келiсiмiнсiз:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |