|
|
|
Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126-I Заңы (ҚР 05.04.99 ж. N 366-1; 16.11.99 ж. N 482-1; 21.03.02 ж. N 308-II; 09.01.03 ж. N 382-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) I тарау. Жалпы ережелер Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды ҚР 16.11.99 ж. N 482-1 Заңымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Азаматтардың мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығын пайдаланады. 3. Бiр мезгiлде әртүрлi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың тыңдауы бойынша бiр жәрдемақы тағайындалады. 4. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар) мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне кiредi және мүгедектiгiне, асыраушысынан айрылуына және жасына байланысты оларды алуға мұқтаж азаматтарға ақша қаражатын мемлекеттiң мезгiл-мезгiл төлеп тұруы болып табылады. 2-бап. Жәрдемақылар төлеуге арналған қаражат Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар төлеу мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 3-бап. Жәрдемақылар тағайындау тәртiбi 1. Жәрдемақылар тағайындау үшiн өтiнiш жасау жәрдемақыға құқығы пайда болғаннан кейiн, қандай да бiр мерзiммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкiн. 2. Жәрдемақылар тағайындау туралы өтiнiш жәрдемақыға құқығы бар адамның тұрғылықты жерi бойынша халықты әлеуметтiк қорғау органына берiледi, оған тiзбесiн халықты әлеуметтiк қорғау орталық органы бекiтетiн құжаттар қоса тiркеледi. 3. Азаматтарға жәрдемақы тағайындауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен халықты әлеуметтiк қорғау органы жүзеге асырады. 4. Жәрдемақылар тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әлеуметтiк қорғау органы құжаттар табыс етiлген күннен бастап 10 күн мерзiм iшiнде жүзеге асырады. Халықты әлеуметтiк қорғау органы тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн 5 күннен кешiктiрмей ол туралы өтiнiш берушiге хабарлайды. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда халықты әлеуметтiк қорғау органы бас тартылу себебiн жазбаша дәлелдеп, өтiнiш берушiге құжаттарын қайтаруға мiндеттi. 5. Халықты әлеуметтiк қорғау органының шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. 4-бап. Жәрдемақының бiр түрiн екiншiсiне ауыстыру Жәрдемақының бiр түрiн екiншiсiне ауыстыру жәрдемақы алушы адамның халықты әлеуметтiк қорғау органына барлық қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берген күннен бастап жүргiзiледi. 5-бап. Жәрдемақылар тағайындау мерзiмi 1. Жасына байланысты жәрдемақы сондай жәрдемақы тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады. 2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы мүгедектiгi белгiленген күннен бастап, бiрақ оны тағайындауға өтiнiш берген күнге дейiн әрi кеткенде 3 айдан аспайтын мерзiм үшiн тағайындалады. 3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар жәрдемақыға құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады, бiрақ барлық қажеттi құжаттармен жәрдемақыға тағайындауға өтiнiш берiлген күнге дейiн әрi кеткенде 12 айдан аспайтын мерзiм үшiн. 4. Халықты әлеуметтiк қорғау органының өтiнiштi барлық қажеттi құжаттармен бiрге қабылдаған күнi жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш берiлген күн болып есептеледi. ҚР 05.04.99 ж. N 366-1 Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Жәрдемақыларды төлеу тәртiбi 1. Жәрдемақылар аяқталған ай үшiн төленедi. 2. Алушы уақытында талап етпеген жәрдемақылардың есептелген сомасы өткен уақыт үшiн, бiрақ оларды алу үшiн өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленедi. 3. Жәрдемақы тағайындайтын және төлейтiн органның кiнәсi бойынша уақытында алынбаған жәрдемақылар сомасы қандай да бiр мерзiммен шектелмей, өткен уақыт үшiн бiр мезгiлде төленедi. 3-1. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелерiне не жерлеудi жүзеге асырған адамға он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төленедi. 4. Жәрдемақыларды алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 7-бап. Жәрдемақылардан ұстап қалу 1. Жәрдемақылардан ұстап қалу атқару iсi тәртiбiмен жүргiзiлуi мүмкiн. 2. Жәрдемақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жүргiзiледi. 3. Жәрдемақыдан төленуге тиiстi соманың 25 процентiнен артық ұстап қалуға болмайды. 4. Жәрдемақыны тағайындайтын және төлейтiн органның кiнәсi бойынша жәрдемақы түрiнде артық төленген сомалар ұстап қалуға жатпайды. II тарау. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы 8-бап. Жәрдемақы тағайындау шарттары 1. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады. 2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар қашан болғанына - жұмыс немесе қызмет кезiнде, жұмысқа кiрiскенге дейiн немесе жұмысты тоқтатқаннан кейiн болғанына қарамастан тағайындалады. 3. Мүгедек адамға зейнетақы төлеу тағайындалған кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi ескерiле отырып қайта қаралады. 4. Зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен мүгедек адамдарды қайта куәландыру олардың өтiнiшi бойынша ғана жүргiзiледi. ҚР 21.03.2002 N 308 Заңымен 9-бап жана редакцияда 9-бап. Мүгедектік топтары Тіршілік ету әрекетінің шектелу, оның ішінде еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді. Мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін, сондай-ақ мүгедек болған уақытты халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелері анықтайды. Мүгедектікті куәландыру тәртібін, оның себептерін, топтарын және еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін анықтауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органмен келісе отырып белгілейді. ҚР 21.03.02 ж. N 308 Заңымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы тағайындау мерзiмi 1. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы мүгедектiктiң халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі белгілеген бүкiл кезеңiне тағайындалады. 2. Мүгедектiк тобы өзгерген жағдайда жаңа мөлшерде жәрдемақы төлеу мүгедектiк тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады. Қайта куәландырылушы еңбекке қабiлеттi деп танылған жағдайда жәрдемақы еңбекке қабiлеттi деп танылған күнге дейiн төленедi. 3. Егер мүгедек адам қайта куәландыруға ол үшiн тағайындалған мерзiмде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесіне келмесе, оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол мүгедек деп қайта танылған жағдайда тоқтатылған күннен бастап, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiм үшiн қайта басталады. Дәлелдi себептер бойынша қайта куәландыру мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда жәрдемақы төлеу, төлем тоқтатылған күннен бастап, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi оны осы кезең үшiн мүгедек деп таныса, қайта куәландырылған күнге дейiн, бiрақ әрi кеткенде 3 жылдан аспайтын мерзiм үшiн жүргiзiледi. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезiнде мүгедек адам мүгедектiктiң басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, аталған уақыт үшiн жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленедi. Егер жалпы аурудың салдарынан еңбек қабiлетiн жоғалтқан мүгедекке жәрдемақы төлеу еңбек қабiлетiнiң қалпына келуi себептi тоқтатылса немесе ол қайта куәландыруға дәлелдi себепсiз келмеуiнiң салдарынан жәрдемақы алмаса, оны кейiннен мүгедек деп таныған жағдайда бұрын тағайындалған жәрдемақыны төлеу, жәрдемақы төлеу тоқтатылғаннан кейiн 5 жылдан аспайтын уақыт өткен жағдайда, мүгедектiк анықталған күннен бастап жаңартылады. Егер 5 жылдан астам уақыт өтсе, жәрдемақы жалпы негiздерде қайта тағайындалады. ҚР 16.11.99 ж. N 482-1 Заңымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектердiң санаттары Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектерге: 1) жалпы аурулардан, еңбекте мертiгуден, кәсiби аурулардан мүгедек болғандар, 16 жасқа дейiнгi мүгедек балалар; 1-1) бала кезiнен мүгедектер; 2) мүгедектiкке әскери қызметтен өту кезiнде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң, аурудың салдарынан душар болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарынан шыққан мүгедектер, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдар; 3) әскери қызмет мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызмет борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедектiкке душар болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi қоспағанда), Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарынан шыққан мүгедектер; 4) әскери қызметтен өту кезiнде жаралану, контузия, мертiгу, ауыруы салдарынан мүгедектiкке душар болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi қоспағанда), қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жаралану, контузия, мертiгу, ауыруы салдарынан мүгедектiкке душар болған Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi қатарынан шыққан мүгедектер; 5) себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезiндегi радиациялық әсер етудiң салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектер жатады. ҚР 21.03.2002 N 308-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда ҚР 2003 ж. 9 қантардағы N 382-II Заңымен 12- бап өзгертілді 12-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақының мөлшерi 1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында аталған мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы: I топтағы мүгедектерге - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн 7 айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi - айлық есептiк көрсеткiш); II топтағы мүгедектерге - 5 айлық есептiк көрсеткiш; III топтағы мүгедектерге - 3 айлық есептiк көрсеткiш; 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға - 4 айлық есептiк көрсеткiш; бала кезiнен I топтағы мүгедектерге - 7 айлық есептiк көрсеткiш; бала кезiнен II топтағы мүгедектерге - 5,5 айлық есептiк көрсеткiш; бала кезiнен III топтағы мүгедектерге - 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады. 2. Осы Заңның 11-бабының 2) және 5) тармақшаларында аталған мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы: I топтағы мүгедектерге - 9 айлық есептiк көрсеткiш; II топтағы мүгедектерге - 7 айлық есептiк көрсеткiш; III топтағы мүгедектерге - 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады. 3. Осы Заңның 11-бабының 4) тармақшасында аталған мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы: I топтағы мүгедектерге - 16 айлық есептiк көрсеткiш; II топтағы мүгедектерге - 11 айлық есептiк көрсеткiш; III топтағы мүгедектерге - 7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады. 4. Жұмыс iстейтiн жәрдемақы алушыларға мүгедектiгi бойынша жәрдемақы толық мөлшерiнде төленедi. 5. Егер Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан және жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi мүгедектердiң тиiстi санаттары үшiн белгiленген мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы мөлшерiнен кем болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне мүгедектердiң сол санаты үшiн белгiленген жәрдемақы мөлшерiне дейiн жеткiзiлген тиiстi қосымша төлемдер түрiнде жүргiзiледi. III тарау. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы ҚР 16.11.99 ж. N 482-1 Заңымен 13-бап өзгертілді 13-бап. Жәрдемақыны тағайындау шарттары 1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Бұл орайда осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында аталған балалар мен адамдарға жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болғандығына қарамастан тағайындалады. 2. Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерi болып: 1) Егер 18 жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, 18 жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-iнiлерi, апа-сiңлілерi және немерелерi есептеледi, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және немерелерi - егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары болмаса, өгей ұлдары мен қыздары - егер олар ата-аналарынан алимент алмайтын болса есептеледi. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды; 2) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе, әкесi, шешесi (оның iшiнде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы; 3) егер қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке жарамдылығына қарамастан ата-аналардың немесе жұбайлардың бiреуi не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi; 4) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе және заң бойынша асырауға мiндеттi адамдары болмаса және өмiр сүру үшiн басқа қаражат көздерi жоқ болса, атасы мен әжесi есептеледi. 3. 18 жастан асқан оқитын азаматтар асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы орта бiлiм беру жүйесiнде, жоғары және арнаулы орта бiлiм беру жүйесiнiң күндiзгi оқу нысанында оқу орнын бiтiргенге дейiн, бiрақ 23 жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар. 4. Қайтыс болған адамның асырауындағы отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледi. 5. Ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне (асырап алушыға, қамқоршысына) төленедi. 6. Осы Заңның қайтыс болғандардың отбасына қатысты барлық ережелерi, егер бұл фактiлер сот тәртiбiмен белгiленген болса, тиiсiнше хабар-ошарсыз кеткендердiң немесе қайтыс болды деп жарияланғандардың отбасына да қолданылады. 14-бап. Жәрдемақы тағайындалатын кезең Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы қайтыс болған адамның отбасы мүшесi осы Заңның 13-бабына сәйкес еңбекке жарамсыз деп саналатын бүкiл кезеңге, ал "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен отбасы мүшелерiне өмiр бойына белгiленедi. 15-бап. Отбасының барлық мүшелерiне бір жәрдемақы тағайындау 1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақыға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне ортақ бiр жәрдемақы тағайындалады. 2. Отбасы мүшесiнiң талап етуi бойынша оның жәрдемақы үлесi бөлiнедi және оған жеке төленедi. 3. Жәрдемақының үлесiн бөлу оны бөлуге өтiнiш жасаған күннен бастап жүзеге асырылады. 4. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамсыздандырылған отбасы мүшелерiнiң саны өзгерген кезде жәрдемақының мөлшерi жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше көбейтiледi немесе азайтылады. 5. Отбасының мүшелерiнiң бiреуiне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған немесе жәрдемақы төлеудi тоқтата тұруға себеп болған жағдаяттар өткеннен кейiн оны төлеу қайта басталған жағдайларда да жәрдемақы мөлшерiн нақ солайша қайта қарау белгiленедi. ҚР 16.11.99 ж. N 482-1 Заңымен 16-бап өзгертілді 16-бап. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақының мөлшерi 1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшерi отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелерiне 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс. 2. Отбасының асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы алуға құқығы бар еңбекке жарамсыз бiр мүшесi болған кезде жәрдемақы 4 айлық есептiк көрсеткiш; екеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз әрбiр мүшесiне 3,5 айлық есептiк көрсеткiш; үшеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз әрбiр мүшесiне 3 айлық есептiк көрсеткiш; төртеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз әрбiр мүшесiне 2,5 айлық есептiк көрсеткiш; бесеу болған кезде - 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады. Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшелерi болған кезде әркiмге арналған жәрдемақының мөлшерi он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен бiрдей үлес ретiнде есептеледi. 3. Ата-аналарының екеуiнен де айрылған жағдайда балаларға (тұлдыр жетiмдерге) айлық жәрдемақы әрбiр балаға - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, отбасының еңбекке жарамсыз өзге мүшелерiне - 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бiрақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелерiне 15 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде тағайындалады. 4. Қызмет мiндеттерiн атқару немесе әскери қызметтен өту кезiнде қаза тапқан немесе жаралану, контузия, мертiгу, ауыруы салдарынан қайтыс болған әскер қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшерi отбасының еңбекке жарамсыз әрбiр мүшесiне бiр айлық есептiк көрсеткiшке, бiрақ отбасының барлық мүшелерiне 15 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде көбейтiледi. 5. Егер отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерiнен кем болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне отбасының осы еңбекке жарамсыз мүшелерi үшiн белгiленген жәрдемақының мөлшерiне дейiнгi тиiстi қосымша төлем түрiнде жүргiзiледi. IV тарау. Жасына байланысты жәрдемақылар 17-бап. Жәрдемақыларды тағайындау шарттары Жасына байланысты жәрдемақы азаматтарға зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған жағдайда "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жасқа жеткен кезде, не зейнетақы төлемiн зейнетақының ең төмен мөлшерiнен аз мөлшерде алған жағдайда зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан, жинақтаушы Зейнетақы қорларынан тағайындалады. 18-бап. Жасына байланысты әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1. Жасына байланысты айлық жәрдемақы 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады. 2. Зейнеткерлiк жасқа жеткен және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеудi жүзеге асырған азаматтарға жасына байланысты айлық жәрдемақы заң актiлерiнде белгiленген зейнетақының ең төменгi мөлшерiне дейiнгi тиiстi қосымша төлем түрiнде берiледi. V тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер 19-бап. Халықаралық шарттар Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 20-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер 1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылып келген заңдар бойынша әлеуметтiк зейнетақылар, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша зейнетақылар тағайындалған адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап тиiстi бюджеттердiң қаражаты есебiнен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн iс жүзiнде алып келген зейнетақыларының мөлшерiнен кем емес мөлшерде мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төленедi. 2. Аталған жәрдемақыларды төлеу осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 21-бап. Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. 22-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi Осы Заң 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |