|
|
|
Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндер туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 ж. 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығы Осы редакция ҚР Президентінің 15.11.03 ж. N 1226 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстандық патриотизм мен кәсiптiк мақтанышты, сондай-ақ жалпы адамзаттық ынтымақтастықты тәрбиелеу мақсатында қаулы етемiн: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндердiң тiзбесi бекiтiлсiн. 2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндердiң ТIЗБЕСI Отан қорғаушылар күнi - 7 мамыр Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын еске алу күнi - 31 мамыр Баспасөз күнi - 28 маусым Спорт күнi - 13 тамыз Бiлiм күнi - 1 қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тiлдерi күнi - 22 қыркүйек Ұлттық валюта-теңге күнi - 15 қараша
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |