|
|
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясы туралы және ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi кеңейтiлген шаралардың жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1817 қаулысы Осы редакция 2003 ж . 26 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Экономиканың аграрлық секторындағы жағдайдың түбегейлi өзгеруiне байланысты ауыл шаруашылығын дамытудың көкейкестi мiндеттерiн шешуге бағытталған жалпы мемлекеттiк стратегияның шеңберiнде аграрлық саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясы және Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi кеңейтiлген шаралардың жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 2. Министрлiктер мен ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясын iске асыру жөнiндегi кеңейтiлген шаралардың жоспарында айқындалған заң және нормативтiк актiлердi уақтылы және сапалы әзiрлеудi қамтамасыз етсiн. 3. Мыналар: ауыл шаруашылығын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың мақсатты бағдарламалары мен жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеу Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясына негiзделедi; Қазақстан Республикасының жауапты атқарушылары болып табылатын министрлiктерi мен ведомстволары, қоса атқарушылармен келiсiм бойынша, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне, ал Агенттiк - Қазақстан Республикасының Үкiметiне жылына екi рет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асырудың кеңейтiлген жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етедi; қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi кеңейтiлген жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi деп белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi кеңейтiлген жоспарын орындау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, ал оған бақылау жасау - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1817 қаулысына 1 қосымша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясы I. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының қазiргi заманғы жай-күйi Жай-күйi: Рентабельдiлiгi Ауыл шаруашылығының өнiмiн сатудан рентабельдiлiк деңгейi _____________________________________________________________ | | Барлығы % | Оның iшiнде | |____________|_______________|________________________________| | | |өсiмдiк |мал шаруашылығы | | | |шаруашылығы | | |____________|_______________|_______________|________________| | 1990 ж. | 46,0 | 105,4 | 18,9 | |____________|_______________|_______________|________________| | 1991 ж. | 40,2 | 87,8 | 24,9 | |____________|_______________|_______________|________________| | 1992 ж. | 75,8 | 151,7 | -4,9 | |____________|_______________|_______________|________________| | 1993 ж. | -2,2 | 28,2 | -27,7 | |____________|_______________|_______________|________________| | 1994 ж. | -6,7 | 9,8 | -24,5 | |____________|_______________|_______________|________________| | 1995 ж. | -17,9 | -2,9 | -30,7 | |____________|_______________|_______________|________________| | 1996 ж. | -20,8 | -1,9 | -43,7 | |____________|_______________|_______________|________________| Алынған көзi: ҚР Ауылшарминi, Экономминi Қазақстанның ЖIӨ-дегi ауыл шаруашылығының үлесi (%) 1990 ж. 75% - 25% 1996 ж. 86% - 14% Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасындағы шаруашылықтарының барлық шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ауыл санаттарындағы жануарлардың шаруашылығы өнiмiнiң негiзгi негiзгi түрлерiнiң саны түрлерiнiң өндiрiсi (мың тонна) (Диаграмманы қағаздағы нұсқадан қараңыз) Материалдық-техникалық қамтамасыз ету * ауыл шаруашылығының ауыл шаруашылығы машиналарының негiзгi түрлерiмен қамтамасыз етiлуi 65-70% құрайды; * пайдалану мерзiмi 5 және одан артық жылдағы машиналар мен жабдықтардың үлесi 93% жеттi. Топырақтың құнарлылығы * егiстiктiң жартысы (16 млн. га) фосфор мен гумус құрамы төмен жерлердi құрайды; * соңғы 7 жыл iшiнде тыңайтқыштарды себудiң көлемi: органикалығы 10-11 есе, минералдығы - 16-17 есе қысқарды. * гумустың топырақты жыл сайынғы шығындалуы (1 га-ға тоннада) астық себуге 0,5-1, егiстiк себiлiмiнде 1-3 құрайды; * топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру үшiн кемiнде 5 жыл қажет. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi технологияларының жаппай бұзылуы * ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерден, аурулар мен арам шөптерден өнiмдiлiгiнiң жоғалуы оның биологиялық мүмкiншiлiктерiнiң 30% жетедi; * ауыл шаруашылығы жануарларының жем-шөппен және мал дәрiгерлiк профилактикасымен қамтамасыз етiлмеуiнен қатардан шығуы өсе түседi. Капиталды салудың ең тәуекелдi аймағы Өнiмдi өткiзуге байланысты жағдайдың нашарлауы Ауылдағы әлеуметтiк жағдайдың нашарлауы: - кедейшiлiк; - жұмыссыздық; - қылмыс; - бiлiм; - денсаулық сақтау; - экология; - инфрақұрылым. * ауыл тұрғынының санасындағы нарықтық жаңғыртулардың болмай қоймайтындығы жөнiндегi психологиялық өзгерiс. Масылдық және патериналистiк көңiл-күйлердiң әлсiреуi; * жеке меншiкке деген оң қатынас беки түсуде; * жеке меншiк және нарықтық қатынастар нығайып, дами түсуде; * ауыл ендi инфляция көзi болып табылмайды; * салада мемлекет иелiгiнен алу мен монополиясыздандыру жүзеге асырылды; * жаңғыртулар мен дамудың заңдық негiздерi қалыптасты; * экспорт өстi; * айқын жасалған мемлекеттiк саясаттың болмауы. Мемлекеттiк құрылымдар мен басқару жүйелерiнiң өзгерiп жатқан селодағы жағдайға бара-бар көңiл бөлмеуi; * реформалардың зигзаг түрiнде жүзеге асырылуы; - 1992-1994 жылдары экономикалық реформалардың консервациялануы; - 1994-1995 жылдары нарықтық жаңғыртулардың естен тандырыла жүргiзiлуi; - 1996-1997 жылдары экономикалық жаңғыртулардың баяулауы; * қаржы капиталының болмауы; * экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда меншiк қатынастары алға жылжытылмады; - АӨК-де нарықтық және тауар-ақша қатынастарының терең бюрократтық және криминалдық бұрмалануы (N 1 сурет); * ауыл тұрғындарының дәстүрлi консерватизмi мен ментальдiлiгi. Ауылда әлеуметтiк саясаттың бара-бар әлсiремеуi; * ауыл тұрғындарының реформаларға әлсiз бейiмделуi; * сенiмдi өткiзу рыноктарының болмауы; * чиновниктердiң сыбайлас жемқорлығы мен парақорлығы; Мiндеттi түрде республика ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде тауар-ақша қатынасының схемасы СХЕМА (Схеманы қағаздағы нұсқадан қараңыз) II. Мүмкiншiлiктер мен қауiп-қатерлер. Күштi және әлсiз тұстары Даму мүмкiншiлiгi * Iрi өткiзу рыноктары * Жер шары халқының өсуi жылына 85-90 млн. адамды құрайды. * 2005 жылға қарай әлемдiк тұтыну: - 37 млн. тонна бидайға; - 37 млн. тонна жем-шөптiк астыққа; - 48 млн. тонна ақталған күрiшке өседi. * Астықпен әлемдiк сауда жасаудың 80% дамушы елдердiң үлесiне тиедi және астықты тұтынудың жыл сайынғы өсу қарқыны 2% құрайды; * Бидайдың жалпы импортының 1/3-i халқының өсу деңгейi жоғары, оны өндiрмейтiн немесе айтарлықтай емес мөлшерде өндiретiн елдерге тиесiлi; * Азияның дамыған елдерi азық-түлiктiң әлемдiк рыноктарын дамытудың қозғаушы факторлары болып табылады; * Азия тарапынан импортқа деген қажеттiлiк астықтың әлемдiк бағасын ұстап тұратын болады; * Азия азық-түлiктiң елеулi диверсификацияланған рыногын ұсынады (астық, ет және оларды ұқсату өнiмдерi); * ТМД елдерiнiң экономикалық өсуi мен халқының өсуiнiң күтiлуi; * Табиғи шикiзаттан жасалған бұйымдар мен тауарларға деген қажеттiлiктiң өсуiнiң әлемдiк тенденциялары; * Ашық нарықтық саудаға және нарықтың қатынастарды реттеудегi мемлекеттiң рөлiн шектеуге көшу (рыноктардың ашықтығы, субсидиялардың және дотациялардың күшiн жою, кеден реттеуiн оңайлату). Астық рыногы Азық-түлiк рыноктарын дамытудағы жалпы тенденциялар Қазақстан үшiн астықпен сауда жасауда қолайлы жағдайлар тудырады, бұл: * Қытай, Пәкiстан, Ауғанстан, Иран секiлдi жақын аумақтардың қажеттiлiгiнiң ұлғаюы; * географиялық жағдайларға байланысты дәстүрлi өткiзу рыноктарында (ТМД-ның Азиялық және Кавказ республикаларында), iшiнара Ресейде, Солтүстiк Африка, Қиыр Шығыс және Оңтүстiк Азия елдерi импортының өсуiнiң есебiнен орнығып қалуының мүмкiншiлiгi; * астық ағынының әлемдiк саудада Қиыр Шығыс және Оңтүстiк-Шығыс Азия жағына қарай өзгеруi мен жаңа көлiк жолдарының ашылуы экспорттың бiр бөлiгiн үлесiне астықтың әлемдiк импортының 25% жуығы тиесiлi Таяу Шығыс Азияға бағдарлануға мүмкiншiлiк бередi; * тамақтанудың диверсификациясы, экономикалық өсу және халықтың өсуi қатты және күштi бидай сорттарының, сондай-ақ олардың негiзiнде астықты өңдеу өнiмдерiнiң астық рыноктарына қол жеткiзуге жол ашады; * Қазақстанның экспорттық астық рыногының мүмкiн сыйымдылығы - жылына 20-25 млн. тонна астық дақылдарына деген әлемдiк баға оларды Қазақстанда жоғары рентабельдi өндiру үшiн мейлiнше жоғары; * саланың өндiрiстiк емес шығындарды төмендету жөнiнде жеткiлiктi резервтерi бар. Ет рыногы * Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының елдерiне ет пен ет өнiмдерiн дәстүрлi берушi; * ТМД Орта Азия республикалары халықтарының өсуi; * еттi Ислам дүниесi елдерiне, әсiресе Пәкiстан, Иран, Түркия және араб елдерiне берудiң перспективалары; * Қытай - еттi тұтынудың перспективтi, әлеуеттi шексiз рыногы. Жүн рыногы * Европа рыногы - республиканың сапалы жүнi үшiн; * Ресейде, Қырғызстанда және Украинада өндiрiстiң жандануы; * Қытайдың халқының өсуiмен тұтынуының ұлғаюы; * Таяу Шығыс және Орта Азия елдерiнiң (Пәкiстан, Иран) елдерiнде рыноктардың қалыптасуы. Терi шикiзатының рыногы * Қазақстанның терi шикiзатындағы экспорт бойынша қажеттiлiгi 50-60% қанағаттандырылады; * Түркия, Қытай және Ресей тараптарынан тұтыну рыноктарының ұлғаюы; * Үлкен көлемдердегi жоғары сапалы терi шикiзаты - Батыс Европаның қажеттiлiгiне. Мақта рыногы * Мақтаның әлемдiк запасы жақын маңайдағы 2-3 жылға жеткiлiктi; * Әлемдiк тұтынудың ұлғаюы табиғи жоғары сапалы шикiзаттан жасалатын тауарларға деген қажеттiлiкке байланысты; * Өткiзу рыногы кейiн оны 2010 жылға қарай 275-280 мың тоннаға дейiн өсiре отырып 240-250 мың тонна мақта шикiзатын өндiрудi қамтамасыз етедi. * IРI ЗАЙМДАР МЕН ТIКЕЛЕЙ ШЕТЕЛДIК ИНВЕСТИЦИЯЛАР * ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛIК ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МҮДДЕЛIЛIГI Даму қауiп-қатерi * Әлеуметтiк азық-түлiк рыноктарына көлiк жолдарының болмауы; * Бiрқатар рыноктардың Қазақстан тауары үшiн жабықтығы; * Сауда қатынастарының реттелмеушiлiгi; * Әлемдiк рыноктардағы бәсекелестiк пен тамыр-таныстық; * Дәстүрлi рыноктардың төмен сатып алу қабiлетi. КҮШТI ТҰСТАРЫ АСА БАЙ ЖЕР РЕСУРСТАРЫ Барлық ауыл шаруашылығы жерлерi (млн.га) Сурет (Суретті қағаздағы нұсқадан қараңыз) Топырақтың үлгiсi Қазақстан Канада Қара топырақты жерлер - 35% - 35% Қызғылт топырақты жерлер - 55% - 60% Климаттық жағдайлар бойынша Қазақстанның ауыл шаруашылығы шамамен Канадаға тең мәндi: * егiн шаруашылығы тәуекелдi * вегетациялық кезеңде жылумен қамтамасыз етiлуi 2500-4500 градус * жылдық жауын-шашынның мөлшерi: астық себушi аймақтарда 150-320 мм тау етегiндегi және таулы аймақта 460-880 мм Орташа жылдық өндiру. млн.тонна (1991-1996 жылдар) Қазақстан Канада Бидай 10,1 25-26 Жемдiк астық 5,5 24-25 * Әлемдiк деңгейдегi ғылыми-техникалық прогреске жету үшiн ауыл шаруашылығы барлық iшкi салаларының жоғары сыйымдылығы; * Арзан және бiлiктi жұмыс күшi; * Өнiмнiң сапасы; * Iрi сақтау орындары мен ұқсатушы кәсiпорындардың жеткiлiктi қуаттарының болуы; * Дамыған ғылым; * Туып келе жатқан жеке капитал. ӘЛСIЗ ТҰСТАРЫ * Нарықтық жаңғыртулардың аяқталмағандығы; * Тиiмдi мемлекеттiк саясаттың болмауы; * Саланың дамымаған материалдық-техникалық базасы; * Чиновниктiк (сыбайлас жемқорлық және қызмет бабын терiс пайдалану); * Маркетингтiк қамтамасыз ету; * Жұмыс орындарымен қамтамасыз етiлмегендiгi; * Өсiмдiктер мен топырақты қорғау, ауыл шаруашылығы жануарларын сауықтыру, экологиялық жағдай; * Сумен нашар қамтамасыз етiлушiлiк және суландырудың жеткiлiктi емес дамыған жүйесi; * Табиғи-климаттық жағдайлар. III. МАҚСАТТАРЫ 1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiн 2010 жылға қарай 3-3,2 есе, оның iшiнде: * iшкi қажеттiлiк үшiн 30-35%; * экспортқа 65-70% өсiру; Бұл ретте мынадай көрсеткiштерге қол жеткiзiлуi тиiс: * астық өндiру көлемi - 25-27 млн.тонна; * мүмкiн тұқым себу алаңы - 16-17 млн.га; * мүйiздi iрi қара малының жоғары өнiмдi саны - 6,5-7,0 млн.бас; * қой мен ешкiнiң саны - 22-25 млн.бас. 2. Ауыл тұрғындарының кедейлiк деңгейiн төмендету және әлеуметтiк қорғалуын арттыру, салауатты өмiр салтына жәрдемдесу. Оның iшiнде: * ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыру; * мүлiктi пайдаланудан кiрiс алатын оның меншiк иелерiнiң жiгiн құру; * кедейлiкке қарсы күреспен: - ХҚҰ әлеуметтiк займының есебiнен микрокредиттеу; - iрi инженерлiк факторлар өндiрiсiн дамыту саласында жұмыс орындарын құру; - басы артық жұмыс күшiн аймақтық және құрылымдық қайта бөлу; - шағын индустрия саласында жұмыс орындарын құру; - ауылда коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету салаларын қалпына келтiру және дамыту; - ауыл мен қала инфрақұрылымына бюджеттiк қаржыларды бөлу кезiнде сәйкессiздiктi жою жолымен босаған қызметкерлердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. IV. БАСЫМДЫҚТАР 1. Аграрлық секторда нақты меншiк иесiн құру; 2. Нарықтық инфрақұрылым құру және нарықтық қатынастарды дамыту; 3. Салада орнықты қаржы-кредит жүйесiн құру; 4. Ауыл шаруашылығындағы шектеулi қызмет аясында жаңа мемлекеттiк саясат пен жаңа мықты басқару құрылымдары; 5. Өндiрiстiң iрi инженерлiк факторларын дамыту; 6. Салаға тiкелей шетелдiк және отандық инвестицияларды тарту; 7. Iрi сыртқы рыноктар мен жаңа халықаралық көлiктiк коммуникацияларды ашу; 8. Ауыл шаруашылығының өнiмiн терең ұқсату. V. СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ОНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРI Мемлекеттiң стратегиясы мынада: * реформаларды тездетiп аяқтау, саланы қаржылық сауықтыру және оны құрылымдық қайта құру, жедел экономикалық өсу үшiн iрi инвестицияларды тарту және ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң экспорттық әлеуетiн арттыру; * кедейлiкке қарсы күрес және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттыру жөнiнде шұғыл шаралар қолдану. Стратегия үш кезеңде жүзеге асырылады * Бiрiншi кезең - 1998 - 2000 жылдардағы дайындық (реформаларды жедел аяқтау және кедейлiкке қарсы күрес). * Екiншi кезең - 2001 - 2003 жылдардағы тұрақтанушылық (саланы қаржылық сауықтыру, оны құрылымдық қайта құру және босаған жұмыс күшi үшiн басқа салаларда жұмыс орындарын құру). * Үшiншi кезең - 2004 -2010 жылдары ауыл шаруашылығын орнықты дамыту (өндiрiстiң жедел өсуi және экспорттық әлеуеттiң артуы). 1-КЕЗЕҢ МАҚСАТЫ: реформаларды жедел аяқтау және кедейлiкке қарсы күрес БАСЫМДЫҚТАР: * ауыл шаруашылығы секторында жекешелендiру процесiн аяқтау және нақты меншiк иесiн құру; * агроөнеркәсiп кешенiнде бәсекелестiк ортаны құру; * ауыл шаруашылығы рыногында нарықтық қатынастардың бүкiл жүйесiнiң инфрақұрылымдарын құруға жәрдемдесу (басқару мен технологиялардың, өндiрiсшiлердiң кәсiптiк бiрлестiктерiнiң, ұқсатушылар мен өткiзушiлердiң жаңа құрылымдары); * ақпараттық қызмет көрсетулер мен маркетинг жүйелерiн құру; * агроөнеркәсiптiк кешеннiң қаржылық жүйесiнiң базасын құруды бастау; * ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттiк инвестицияларды кеңейту; * ауыл тұрғындарын микрокредиттеу. 2-КЕЗЕҢ МАҚСАТЫ: саланы қаржылық сауықтыру, оның құрылымдық қайта құрылуы және босататын жұмыс күштерi үшiн басқа салаларда жұмыс орындарын құру БАСЫМДЫҚТАР: * ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының қаржылық тұрақтануы; * агроөнеркәсiп кешенiн қаржылық қамтамасыз ету жүйесiнiң түпкiлiктi қалыптасуы; * жұмыс орындарын құру мақсатында тiкелей шетелдiк инвестицияларды кең түрде тарту үшiн құқықтық ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлардың түпкiлiктi қалыптасуы; * ауыл шаруашылығының өндiрiсiнде жеке меншiк сектор рөлiнiң күшеюi; * ауыл шаруашылығының бүкiл инфрақұрылымы үшiн ақпараттық және маркетингтiк қызметтердi қалыптастырудың аяқталуы; * Үкiметтiң займдарын тиiмдi игеру; * аграрлық сектордың сыртқы рыноктарға кең ауқымды шығуы үшiн талап етiлетiн iс-қимыл. 3-КЕЗЕҢ МАҚСАТЫ: өндiрiстiң жедел өсуi және экспорттық әлеуеттi арттыру БАСЫМДЫҚТАРЫ * азық-түлiктiң экспорты үшiн әлеуеттi iрi рыноктарды ашу; * ауыл шаруашылығы өнiмiнiң экспортын ынталандыру және ұлғайту жөнiнде шаралар әзiрлеу; * жүктердi тасымалдаудың көлiктiк проблемаларын шешу; * мемлекет қолдайтын өндiрiстiң инфрақұрылым салаларын жекешелендiру. VI. МЕМЛЕКЕТТIҢ РОЛI Мемлекет: * рыноктың тең құқықты субъектiсi болуы; * өндiрiстiң iрi инженерлiк факторларын дамытуды (суландыру, ирригация, көлiк және энергетика желiлерi және т.б.); * ауылда әлеуметтiк саланы дамытуы және ұстауы; * бәсекелестiктi қолдауы, ақпараттық қызмет көрсетулер және маркетинг жүйелерiн дамытуы; * ауыл шаруашылығы жерлерiнiң, экологияның мониторингiн жүргiзуi; * табиғи зiл-залалардың, эпидемиологиялық және жануарлардың эпизоотикалық аурулары мен өсiмдiктердiң ауруларының алдын алуы және зардаптарын жоюы; * тауарларды сыртқы рыноктарға шығаруы; * саланы бағалық реттеуге жәрдемдесуi тиiс. Мемлекет: * шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шаруашылық қызметi мен нарықтық қатынастарына араласпауы; * тiкелей дотацияларды, субсидияларды жүзеге асырмауы; * нарықтық күштердiң iс-әрекетiн бұрмаламауы; * жеке меншiк сектор тиiмдi жұмыс iстейтiн жерде жаңа мемлекеттiк кәсiпорындар құрмауы (керiсiнше, жекешелендiру мен концессия арқылы оған мемлекеттiк меншiктi беруi) тиiс. Мемлекет өзiнiң рөлiн атқаруы үшiн ауылға бюджеттiк қаржының жалпы сомасының кемiнде 12-15% бағыттайды. 1998 жылы - 1997 жылдың деңгейiн сақтау керек. Оның iшiнде: ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қолдау қоры арқылы конкурстық негiзде 2,5 млрд. теңге қоса кредиттеу. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛIГI Мақсаты - ауыл шаруашылығын орнықты дамыту саясатын қалыптастыру мен жүргiзудi және республиканың агроөнеркәсiп кешенiнiң барлық саласының тиiмдi жұмысы үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз ету ФУНКЦИЯЛАРЫ: * ауыл шаруашылығы саясатын жасау; - стратегиялық жоспарларды әзiрлеу; - басым мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу; - заң актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу; - өндiрiлетiн өнiмнiң сапасына, табиғат ресурстарының ұтымды пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау жасау. * инвестициялық саясат пен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; * әлеуметтiк-экономикалық реформаларды тереңдету және тиiмдi шаруашылық құрылымдарын қалыптастыруға жәрдемдесу; * нарықтық инфрақұрылымдарды құруға жәрдемдесу; * АӨК ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыру. ______________________ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛIГI |Бақылау, ұйымдастыру, | (стратегияның бiрiншi кезеңiн iске |атқарушылық қамтамасыз| асыру уақытына) |ету және кадр жұмысы | |басқармасы (21) | |______________________| |* Ұйымдастырушылық |----------МИНИСТР |қамтамасыз ету және | | |атқаруды бақылау | | |бөлiмi | Вице-министр |* Кадр бөлiмi | | |* Аппаратты қаржылан. | | |дыру бөлiмi | | |* Қабылдау бөлмесi | | |* Қосалқы қызметтер | | |* Баспасөз орталығы | | |______________________| | | ___________________________|_____________________________ | | | | | | | | | | | ____________|__________ | _________|______________ | | |Стратегиялық жоспарлау | | |Ауыл шаруашылығы өндi. | | | |және әлеуметтiк-эконо. | | |рiсiнiң технологиялық | | | |микалық мониторинг | | |саясаты департаментi | | | |департаментi (18) | | |(37) | | | |_______________________| | |________________________| | | |* Стратегиялық жоспар. | | |* Егiншiлiктегi техно. | | | |лау бөлiмi (4) | | |логиялық саясат | | | |* Әлеуметтiк-экономика.| | |басқармасы (9) | | | |лық мониторинг | | |* Мал шаруашылығындағы | | | |бөлiмi (5) | | |технологиялар | | | |* Заң жобалары актiле. | | |басқармасы (9) | | | |рiн әзiрлеу бөлiмi (4) | | |* Балық шаруашылығы | | | |* Еңбек және кiрiс | | |басқармасы (9) | | | |дәлелдемесi бөлiмi (4) | | |* Техникалық саясат және| | | |_______________________| | | сервис басқармасы (9) | | | | |________________________| | | | | | | | | | | _______|_______ __________________|_____ _____________________|_ |Қаржы-кредит, | |Маркетинг, инвестициялар| |Комитеттер (109) (заңды| |салық саясаты | |және сыртқы байланыстар | |тұлғалар) 1. | |және есеп | |департаментi (20) | |_______________________| |басқармасы (14)| |________________________| |* Мал дәрiгерлiгi | |_______________| |* Сыртқы байланыстар | |комитетi (16) | |* Қаржы-кредит | |бөлiмi (3) | |* Орман және аң шаруа. | |саясаты бөлiмi | |* Инвестициялық жобалар | |шылығы комитетi (22) | |Салық саясаты | |бөлiмi (4) | |* Жер ресурстарын | |және есеп мето.| |* Маркетинг бөлiмi (4) | |басқару жөнiндегi | |дологиясы | |* Ақпараттық қызмет | |комитет (43) | |бөлiмi | |көрсету бөлiмi (4) | |* Су ресурстары | |_______________| |* Ғылыми қамтамасыз ету | |жөнiндегi комитет (28) | |және кадрлық даярлау | |_______________________| |бөлiмi (4) | |________________________| Ескерту: Орталық аппарат саны: бұрынғысы - 120 қазiргiсi - 112 (қысқартылғаны 6%) VII. СТРАТЕГИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ НҰСҚАСЫН НЕГIЗДЕУ Ауыл шаруашылығын реформалаудың әлемдiк практикасында дамушы елдерде мынадай екi нұсқа бар: Бiрте-бiрте "Естен тандыру" * әлеуметтiк зардаптарға * әлеуметтiк зардаптарды онша қарайлайтын есепке алмай экономикалық тиiмдiлiк жағында саяси таңдауды жүзеге асырған * жаңғыртуларды ұзақ мемлекеттiк * үлкен қаржы ресурстары қолдау мүмкiншiлiктi мен үлкен мен уақыт тапшылығы бар экономикалық мүмкiншiлiктердегi елдер үшiн елдер үшiн Қазақстанның ауыл шаруашылығын "естен тандыру" нұсқасымен жеделдету бойынша жеделдете реформалау: * ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қаржылық қолдау мүмкiншiлiгiнiң жоқтығына: - ауыл шаруашылығының шығындарын өтеу мен қолдау үшiн ғана жыл сайын кемiнде 3-4 жыл бойы 1,0-1,2 млрд. АҚШ доллары талап етiледi; * республиканың ауыл шаруашылығын "естен тандыру" нұсқасымен жеделдету бойынша реформалауға; * ауыл тұрғындары санасында жеделдетiлген жаңғыртулардың қажеттiлiгi және өзiнiң күшiне сену өзгерiсiне қол жеткiзуге; * ауыл шаруашылығында жеке капиталға негiзделген нарықтық қатынастардың негiзiн қалауына; * салада көпшiлiк жағдайда жеке капиталға негiзделген өндiрiс пен жаңғыртуларға: - 1996 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 3,2 млрд. теңге көлемiнде мемлекеттiк бюджеттiк қаржы көзiнде 312,8 млрд. теңге болды; * саланы мемлекеттiк қаржылық қолдау және олардың қоғамда макроэкономикалық тұрақтылыққа тез керi ықпал етуiнен жеке капиталдың кету мүмкiндiгiмен талап етiледi. Стратегияны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде қаржыландырудың ұсынылатын көлемi 1. Ауыл шаруашылығында өндiрiстi қаржыландырудың қажеттi жалпы көлемi жыл сайын 2,2 - 2,5 млрд. АҚШ долларын құрауы тиiс. Олардың iшiнен: * мемлекеттiк бюджеттен - 150 - 170 млн.АҚШ доллары, оның iшiнде ХҚҰ займының; * мемлекеттiк емес көздерден - 2,0 - 2,2 млрд. АҚШ доллары есебiнен. 2. Бұдан басқа бюджеттiң басқа көздерiнен мемлекеттiк қаражаттың есебiнен: - ауыл жолдарының құрылысын салу; - денсаулық сақтау және бiлiм саласы; - босаған жұмыс күшiн жыл сайын бюджеттен және жұмыспен қамту қорының қаражатынан және ХҚҰ займының есебiнен көлемi 20-25 млн. АҚШ долларымен микрокредиттеу; - ауыл шаруашылығы ғылымы қаржыландырылуы тиiс. 3. "Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын" iске асыру шараларын қаржыландыруды "Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi шаралардың кеңейтiлген жоспарында" көзделген қаржыландыру көздерiне сәйкес жүзеге асыру қажет. Әрбiр шараны қаржыландырудың нақты көлемiн айқындау үшiн тиiстi ведомстволарды тарта отырып қосымша есептер жүргiзу керек. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1817 қаулысына 2 қосымша ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөнiндегi шаралардың кеңейтiлген жоспары 1 КЕЗЕҢ - Дайындық (1998-2000ж.ж.) Мақсаты: реформаларды жеделдете аяқтау және кедейлiкке қарсы күрес ___________________________________________________________________ | | Басымдықтар | Орындау жөнiндегi | Iс-қимыл |
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |