|
|
|
Сот приставтарының нысандық киімі мен ерекшелік белгілері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1726 Қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 22 желтоқсандағы N 1283 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Сот приставтары туралы" 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: Қазақстан Республикасы сот приставтарының нысандық киімінің, ерекшелік белгілерінің сипаттамасы мен үлгілері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот приставтары үшін нысандық киім мен ерекшелік белгілерін дайындауға тапсырыстар беруді ұйымдастырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1726 қаулысымен бекітілген Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 22 желтоқсандағы N 1283 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының сот приставтары нысандық киімінің, ерекшелік белгілерінің сипаттамасы мен үлгілері Сот приставының нысандық киімі 1. Күнделікті киетін костюм Сот приставының күнделікті нысаны күртеден, шалбардан, ұзын жеңді жейдеден, галстуктен және бас киімнен тұрады (1-қосымша). Ерлердің астарлы бас киімі бекітілген үлгідегі фасондық қалып бойынша қара-көк түсті матамен тысталған кепкі үлгісіндегі фетрлік қалпақтан жасалады. Төбелігінің алдында эмблема тігілген, төбеліктің томпақ бөлігінің жиектері алтынмен оқаланған. Күнқағары лакталған, қатқыл. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |