|
|
|
Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысы ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. N 361; 25.09.01 ж. N 1233; 03.04.02 ж. N 397 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен ҚР Үкіметінің 2003 ж. 23 cәуірдегі N 387 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылатын редакция Елдің экономикасындағы туризмнің рөлін арттыру және туризмді дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. N 361; 25.09.01 ж. N 1233; 03.04.02 ж. N 397 қаулыларымен Құрам өзгертілді Туризм жөніндегі кеңесінің құрамы Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Премьер- Бауыржан Әлiмұлы Министрiнiң орынбасары, төраға Тұрлыханов - Қазақстан Республикасы Туризм және Дәулет Болатұлы спорт жөніндегі агенттігінің төрағасы, төрағаның бірінші орынбасары Никитинский Евгений - Қазақстан Республикасының Туризм Сергеевич және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары Үйлестіру кеңесiнiң мүшелерi Уәлиев - Қазақстан Республикасы Алпинизм Қазбек Шәкiмұлы ұлттық қорының президентi (келiсiм бойынша) Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Көпенов Жидебай - "Астана қаласының туризм орталығы" Құдайбергенұлы еншiлес мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының директоры Қоңырбаев Уәліхан Сиянбекұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Консулдық қызмет департаментiнiң директоры Құлыбаев Асқар Алтынбекұлы - "Жiбек жолы - Қазақстан" ұлттық компаниясы" ААҚ-ның президентi Раева Роза Әбдіхамитқызы - Қазақстан Туристiк Ассоциациясының президентi Рахметов Нұрлан - Қазақстан Республикасының Құсайынұлы Мемлекеттiк кiрiс бiрiншi вице-министрі Алшанов - Халықаралық қоғамдық академияның Рахман Алшанұлы ректоры (келiсiм бойынша) Несiпбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Құрманбек Кеңесұлы қауiпсiздiк комитетiнің Бас штабы бастығының орынбасары - Шекара қызметі шекаралық бақылау басқармасының бастығы (келiсiм бойынша) Дүйсенғалиев - Дүниежүзiлiк туристiк ұйымы Тимур Талашұлы Iскерлiк кеңесiнiң мүшесi (келiсiм бойынша) Закирьянов - Қазақстан Республикасы Спорт және Қайрат Хайроллаұлы туризм академиясының ректоры (келiсiм бойынша) Казанцев - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Павел Олегович жанындағы Кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссияның мүшесi, Астана қаласы Кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғау жөнiндегi ассоциациясының президентi Мұсаев - Қазақстан Республикасының Iшкi Өмiрбай Көпбайұлы iстер министрлiгi Көшi-қон полициясы департаментi бастығының орынбасары Ысқақов - Қазақстан Республикасының Табиғи Нұрлан Әбдiлдаұлы ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрi Шамсутдинова - "Қазақстан тұтынушыларының Светлана Юрьевна ұлттық лигасы" республикалық қорының президентi Белоног - Қазақстан Республикасының Анатолий Александрович Денсаулық сақтау вице-министрi, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi Шнейдмюллер - Қазақстан Республикасының Көлiк Владимир Викторович және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Мұртазаев - Қазақстан Республикасының Экономика Мұрат Арзаұлы және сауда вице-министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 қаулысымен бекітілген Туризм жөніндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Туризм жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған туризмдi дамыту жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасын орындау мақсатында құрылды. 2. Кеңес Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 3. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты туризмдi дамыту жөнiндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ елдiң туристiк кешенiн дамытуды жандандыруға бағытталған мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады. 4. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Туризм туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 5. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады. 2. Кеңестiң негiзгі мiндеттерi мен құқықтары 6. Кеңестiң негізгi мақсаттары мен мiндеттерi: 1) туризм саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға министрлiктердiң, ведомстволардың және өзге де ұйымдардың қатысуы жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу; 2) туристiк рынокта қалыптасқан процестердi талдау мен болжау негiзiнде шешiмдер қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы қызметiнiң негiзгi бағыттарын жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу; 3) туристiк қызметi экспорттау және импорттау саласындағы демпингке қарсы саясат жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу; 4) туризмнiң басым түрлерi мен туристiк аймақтарды қалыптастыру және дамыту жөнiнде келiсiлген ұсыныстарды әзiрлеу; 5) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың туризмнiң қауiпсiздiгi және туристiк лектердi бақылауды қамтамасыз ету бойынша қызметтi үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады. 7. Негiзгi мiндеттердi және өз функцияларын iске асыру мақсатында Кеңес заңнамада белгiленген тәртiппен: өз құзыретi шегiнде: 1) туризмдi дамыту мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдардың және өзге де органдардың қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге; 2) туристiк ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға; 3) туризм саласындағы заңдық және нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажеттiгi туралы ұсыныстар енгізуге; 4) өз функцияларын орындау үшiн қажетті ақпаратты мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға; 5) Кеңестiң құзыретiне жататын қажетті материалдар әзiрлеуге ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандарды тартуға; 6) орталық және жергіліктi атқарушы органдардың ақпараттық деректер банкiн пайдалануға; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыруға құқылы. 3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру 8. Кеңесті Төраға басқарады. Төраға Кеңестiң қызметiне басшылық жасайды, мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, оның жалпы шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. 9. Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi, кезектi мәжiлiстiң күн тәртiбiн жасау мен Кеңес хаттамаларының жобаларын әзiрлеудi Төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бiрi жүзеге асырады. 10. Кеңестiң мәжiлiстерiне материалдар әзiрлеудi бақылау, оларды Кеңес мүшелерiне тарату және Кеңес жұмысын қамтамасыз ету үшiн қажеттi көлемде iс қағаздарын жүргiзудi кеңес хатшысы жүзеге асырады. 11. Кеңес мүшелерiне мәжiлiстiң күн тәртiбi, оның кезектi мәжiлiсiнен кемiнде 15 күн бұрын кешiктiрiлмей жiберiледi. Төраға материалдарды әзiрлеуге мәжiлiске кемiнде 10 күн бұрын басқа да мерзiмдi белгiлей алады. 12. Кеңес мәжiлiсi қажеттілігiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. 13. Кеңестiң кезектi мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңестiң Төрағасы белгiлейдi. 14. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсiн төраға өз бастамасымен, немесе Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгінiң өтiнiшi бойынша шақырылады. 15. Кеңестiң мәжiлiсi оған Кеңес мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса, өкiлеттi болып саналады. 16. Кеңес шешiмдерi ашық дауысқа салынып қабылданады және үйлестiру кеңесi мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. 17. Кеңестiң хаттамасына Төраға және мәжiлiске қатысқан үйлестiру кеңесi мүшелерi қол қойып, мәжiлiс өткiзiлгеннен кейiн 5 күн iшiнде Кеңес мүшелерiне қаралған мәселелердi шешу құзыретiне енетiн мемлекеттiк органдарға, тiзiмiн Төраға айқындайтын өзге де мүдделi ұйымдарға жiберiледi. 18. Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдауға тиiстi мәселелер бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен ресiмделедi және оның мәжілісiне енгiзiледi. 19. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады. 4. Кеңес қызметiн тоқтату 20. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысында бекiтiлген Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жұмыс топтары жанынан кеңесшi органдардың қызметiн құру және тарату жөнiндегi нұсқаулықта көзделген негiздер бойынша Кеңес өз қызметiн тоқтатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |