|
|
|
Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2001 ж. 11 наурыздағы N 151 бұйрығы (ҚР Білім және ғылым министрінің 21.03.02 ж. N 200 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Білім және ғылым министрінің 13.02.03 ж. N 82 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 30 бабына сәйкес және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелері бекітілсін. 2. Жоғары және орта кәсіптік білім департаменті (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты, белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министрі Ә. Ахметовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң 2001 жылғы 11 наурыздағы N 151 бұйрығымен бекiтiлген Жоғары оқу орындарының қызметiн ұйымдастыру ЕРЕЖЕЛЕРІ 1. Кiрiспе 1999 жылдың 7 маусымындағы Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңы жаңа ұлттық бiлiм жүйесiнiң моделiн қалыптастырудың негiзi болып табылады, оның келешектегi даму стратегиясын және осы саладағы мемлекеттiк саясат принциптерiн айқындайды. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын үлестiрiлген құзыреттерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi, білiм беру саласындағы орталық атқарушы органдар және жергiлiктi атқарушы органдар және жергiлiктi бiлiм берудi басқару органдары жүзеге асырады. Барлық бiлiм беру ұйымдарына жалпы ғылыми-әдiстемелiк басшылықты, олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншiктiлiгiне қарамастан, бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган жүзеге асырады. Осы мақсатпен аталмыш орган білiм беру ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi. Осындай бiлiм беру ұйымдарының қызметiн реттеу бiлiм беру субъектiлерi тең жағдайларда болуы және бiлiм беру саласында тең құқықтарды пайдалануы үшiн керек. Әрине, қоғамдағы демократиялық принциптердiң дамуы бiлiм беру ұйымдарының академиялық еркiншілiгiн ұлғайтуға бағытталған. Сонымен бiрге бiр топ мәселелердiң реттелуі үкімет деңгейінде немесе орталық атқарушы орган деңгейiнде немесе бiлiм беру ұйымының өз деңгейiнде шешiледi. Бәрi де бұл мәселелердiң бiлiм беру субъектiлерiнiң, бiлiм алушылардың, олардың ата-аналары мен бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң мүдделерiн қандай дәрежеде қозғауына байланысты болады. Кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымы жоғары оқу орны деп аталады. Жоғары оқу орны (ЖОО), оның ведомстволық бағыныстылығына және меншiктiлiгiне қарамастан, өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымындағы "Бiлiм туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бiлiм беру саласын реттейтiн жарлықтарына, басқа бiлiм беру жүйесiнiң қарым-қатынасын реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлерге, осы Ережеге және өзiнiң Жарғысына сәйкес атқарады. Осы Ереже арқылы кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн ұйым қызметiнiң жалпы мәселелерi, факультеттер мен кафедралардың жұмысы, жоғары оқу орындарында экстернат түрiнде оқытуды ұйымдастыру, жоғары оқу орындарында қысқартылған мерзiмде оқытуды ұйымдастыру, кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыс беру, бiлiм алушыларды аралық аттестаттаудан өткiзудi ұйымдастыру тәртiбi, "Қазақстан тарихы" пәнiнен мемлекеттiк емтихан ұйымдастыру және жүргiзу, дипломдық жобаларды (жұмыстарды) даярлау, бiлiм алушылардың кәсiби практикасын ұйымдастыру және өткiзу реттеледi. 2. Кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң негiзгі мәселелерi 1. Қазақстан Республикасында кәсiптiк жоғары білiм беретiн бiлiм беру ұйымдары заңды тұлғалық құқықтары бар, кәсiптiк жоғары бiлiм беру және кәсiптiк жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын, iргелi және қолданбалы ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыратын, бiлiм алушылардың тәрбиесiн қамтитын және кәсiптiк жоғары бiлiм туралы құжат беруге құқығы бар ұйымдар болып табылады. 2. Кәсiптiк жоғары білiм беретiн бiлiм беру ұйымдарының басты мiндетi - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм беру үшiн қажеттi жағдайлар жасау арқылы кәсiптiк жоғары бiлiм беру және кәсiптiк жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыру. 3. Бiлiм беру жүйесiнiң басым мiндеттерi: жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру; азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу; еңбек рыногында бәсекелесуге қабiлеттi бiлiктi жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және бiліктiлiгiн арттыру; жұмыстан босатылған қызметкерлердi және жұмыспен қамтылмаған халықты қайта оқыту және қайта даярлау; әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттік тiлді, орыс, шетел тiлдерiн меңгеру; оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық әлемдiк коммуникациялық желiлерге шығу. 4. Кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм ұйымдары: мемлекеттiк (бiлiм беру мекемелерi және бiлiм беру кәсiпорындары); мемлекеттiк емес (жеке меншiк, Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң жоғары оқу орындары); халықаралық болулары мүмкiн. 5. Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарының мынадай түрлерi белгiленедi: университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище). Жоғары оқу орнының мәртебесiн (түрiн, үлгiсiн) және оның атауын бiлiктiлiк талаптарын ескере отырып, оның құрылтайшылары айқындайды және ол жоғары оқу орнының Жарғысында көрсетiледi. 6. Мемлекеттiк жоғары оқу орнын бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкiметi құрады, қайта ұйымдастырады және жояды. Мемлекеттiк емес жоғары оқу орны құрылтайшылардың шешiмi бойынша құрылады, қайта ұйымдастырылады және жойылады. Бiлiм беру ұйымы жойылған жағдайда құрылтайшылар бiлiм алушылар оқу жылын елiмiздiң басқа жоғары оқу орындарында аяқтап шығулары үшiн шаралар қолдануға мiндеттi. Қазақстан Республикасында орналасқан халықаралық және шетелдiк жоғары оқу орындарын, шетелдiк жоғары оқу орындары филиалдарын құру халықаралық шарттар мен мемлекетаралық келiсiмдер, сондай-ақ бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдар арасындағы шарттардың (келiсiмдердiң) негiзiнде жүзеге асырылады, олардың жарғыларын құрылтайшы елдердiң Үкiметтерi (уәкiлеттi органдары) бекiтедi. Медициналық жоғары оқу орындары клиникалық базасы болған жағдайда ғана құрылуы және жұмыс істеуі мүмкiн. 7. Жоғары оқу орны қазiргi заңдарға сәйкес өз Жарғысын әзiрлейдi. Жоғары оқу орнының жарғысын оның құрылтайшылары бекiтедi және заң бойынша белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзедi. 8. Бiрыңғай оқу-ғылыми-өндiрiстiк кешен ретiнде жұмыс iстейтiн жоғары оқу орнының құрамына жоғары оқу орнының құрылымдық бiрлiктерi немесе заңды тұлғалық мәртебесi бар оқу, ғылыми, өндiрiстiк және басқа да бөлiмшелер кiре алады. Жоғары оқу орны бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу-тәрбиелiк кешендерге, оқу-ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiктерге, ассоциацияларға және тағы басқа бiрлестiктерге кiре алады және аталған бөлiмдердi өз бетiмен құруға құқы бар. Жоғары оқу орны бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның рұқсатымен тиiстi лицензиясы бар болғанда орта жалпы, бастауыш кәсiптiк және орта кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыра алады. 9. Кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн ұйымдар қазiргi заңдарға сәйкес, халықаралық қызмет атқаруға құқықтары бар. 10. Жоғары оқу орындарының филиалдарынан, оқу және ғылыми институттарынан басқа құрылымдық бөлiмшелерiн құру белгiленген тәртiппен құрылтайшының келiсiмiмен iске асырылады. Филиалдар, оқу және ғылыми институттар және ғылыми орталықтар құру қалыптасқан заң тәртiбi бойынша құрылтайшы келiсiмiмен жүргiзiледi. 11. Жоғары оқу орны лицензия алған сәттен бастап бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына ие болады және оның мерзiмi бiткеннен кейiн және Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленген тәртiппен лицензиясы қайтып алынған жағдайларда бiлiм беру қызметін жүргізу құқығынан айырылады. 12. Жоғары оқу орны тәрбие жұмысы, кадрларды алу және орналастыру, ғылыми, қаржы-шаруашылық және басқа iс-әрекеттердi, Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген шекте, өз бетiнше жүзеге асыра алады. 13. Қазақстан Республикасының азаматтары конкурстық негiзде, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес, мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарт шегiнде мемлекеттiк аттестациядан өткен мемлекеттiк жоғары оқу орындарында және мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарында, егер азамат осы деңгейдегi бiлiмдi алғаш рет алып отырса, тегiн жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алуға құқығы бар. Бiлiм алушыға тегiн бiлiм беру мемлекеттiк бiлiм беру грантын беру арқылы заңда белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады . Кәсiптiк бiлiм алу үшiн конкурстық негiзде берiлетiн мемлекеттiк бiлiм беру несиесi мен мемлекеттiк студенттiк несиесiн қамтитын мемлекеттiк бiлiм берудi несиелендiру жүйесi құрылады. 14. Азаматты жоғары оқу орнына қабылдау кезiнде бiлiм беру ұйымы оны өз Жарғысымен, бiлiм беру жұмысын жүргiзуге құқық беретiн лицензиясымен және қабылдау тәртiбi, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, осы оқу орнында дайындық жүргiзiлетiн жоғары кәсiптiк бiлiм деңгейi мен құрылымын, алатын бiлiктiлiгiн реттейтiн басқа да құжаттармен таныстыруға мiндеттi. 15. Жоғары оқу орнына қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен Типтiк қабылдау ережесiне сәйкес айқындалады. 16. Студенттер қабылдау көлемi мен құрылымы, мемлекеттiк бiлiм беру грантын немесе мемлекеттiк бiлiм беру несиесiн алған және осы жоғары оқу орнында ақылы оқуға тiлек бiлдiрген азаматтар санымен анықталады. Жоғары оқу орны бiлiм беруге құқық беретiн лицензияға сәйкес егер ол туралы жоғары оқу орнына қабылдаудың Типтiк ережесiнде жазылмаса, ақылы оқытуға қабылдау тәртiбiн, құрылымы мен көлемiн өз бетiнше белгiлейдi. 17. Жоғары оқу орындарында оқыту жеке адамның мүмкiндiгi мен қажеттiлiгiн ескере отырып, келесi түрлерде жүргiзiлуi мүмкiн: күндiзгi, сырттай оқу, кешкiлiк оқу, алыстан бiлiм беру (дистанциялық) және экстернат. 18. Орта кәсiптiк бiлiмi бар азаматтар ұқсас мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік бiлім ала алады немесе жоғары кәсіптік бiлiмi бар азаматтар ақылы негiзде қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша екiншi жоғары кәсiптiк бiлiм ала алады. 19. Жоғары оқу орнында жоғары кәсiптiк бiлiмдi кадрлар даярлау, мазмұны мен оқыту мерзiмдерi әртүрлi бiлiм берудiң бiлiмдiк-кәсiптiк бағдарламалары бойынша жүргiзiледi: бакалавриатта жүзеге асырылатын жоғары негiзгi бiлiм; магистратурада жүзеге асырылатын жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм; жоғары арнаулы бiлiм. 20. Жоғары оқу орындарында, мерзiмдерi мен деңгейлерi әртүрлi бiлiм беру бағдарламалары бойынша, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк, қосымша кәсiптiк бiлiм беру, тиiстi лицензиясы бар болған жағдайда - орта жалпы, бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк бiлiм беру және мамандарды қайта даярлау жүзеге асырылуы мүмкiн. 21. Жоғары кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларының мазмұны жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарымен айқындалады және жоғары оқу орны жасаған жұмыс оқу жоспары мен бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. 22. Оқу жылының ұзақтығы, бiтiрушi курстардан басқа барлық курстарда 30 аптадан кем және 36 аптадан артық болмауы керек. Емтихан сессиясының ұзақтығы бiр оқу жылында 6 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылы қыркүйектiң 1 басталады және жұмыс оқу жоспарына сәйкес аяқталады. Күндiзгi оқыту түрi студенттерi үшiн жылына екi реттен кем емес, жалпы ұзақтығы 7-10 аптадан аз емес демалыс белгiленедi. 23. Жоғары оқу орындарында төмендегiдей оқу сабақтарының түрлерi белгiленедi: лекциялар, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар, кеңестер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, өздiк жұмыстар, практикалық, курстық жобалар (курстық жұмыстар), дипломдық жобалау (дипломдық жұмыс), магистрлiк диссертациялар. Лекциялар оқу үрдiсiнде ұйымдастырушы және бағыттаушы роль ойнайды, мамандарды дайындау негiзiн айқындайтын маңызды бағдарламалық материалды баяндайды, студенттердi осы ғылым негiздерiмен таныстырады, студенттердiң өз бетiнше тереңдетiлген жұмыс iстеу қабiлеттiлiгi мен қажеттiлiгiн дамытады. Лекциялық сабақтарды негiзiнен ғылым докторлары мен профессорлар, ғылым кандидаттары мен доценттер, аға оқытушылар жүргізедi. Жоғары оқу орындары лекция оқуға тәжiрибелi практикалық және ғылыми қызметкерлердi шақыра алады. Семинарлар, практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарды оқытушылар, ассистенттер жүргiзедi. Жоғары оқу орындары оқу сабақтарының басқа түрлерiн де өткiзе алады. Аудиториялық сабақтардың барлық түрлерi үшiн ұзақтығы 40 минуттен аз емес академиялық сағат белгiленедi. 24. Бiлiм алушылардың оқу сабақтарын ұйымдастыру мақсатында, мамандықтың бағыты мен тiл бөлiмдерiне сәйкес факультет деканының өкiмiмен академиялық топтар ұйымдастырылады. Академиялық топтағы бiлiм алушылар саны негiзiнен 20-25 адам болады. 25. Жоғары оқу орындарындағы тiл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасыны "Тiл туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 26. Жоғары оқу орны қазақ тiлiн мемлекеттiк тiл ретiнде бiлудi және дамытуды, сонымен қатар орыс тiлiн және бiр шетел тiлiн үйретудi, жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi cтандарттарына сәйкес, қамтамасыз етуi керек. 27. Бiлiм алушылардың бiлiмдерi, дағдылары, шеберлiктерi "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттандырарлық", "қанағаттандырарлықсыз", "сынақ", "сынақ емес" сияқты бағалармен немесе көрсетiлген бағаларға сәйкес рейтингтiк баллдармен анықталады. 28. Ағынды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргiзу тәртiбiн бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiткен, бiлiм алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi туралы Ережелер негiзiнде және жұмыс оқу жоспарына, оқу үрдiсiнiң кестесiне сәйкес білiм беру ұйымы белгiлейдi. Оқыту кезеңiнде жақсы бағаны көтеру мақсатымен емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi. 29. Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарының барлық талаптарын орындаған бiлiм алушы, жоғары кәсiптiк бiлiмi және бiлiктiлiгi туралы құжат (диплом) беру мәселесiн шешетiн қорытынды мемлекеттiк аттестаттауға жiберiледi. Дипломның қосымшасына оқытылған пәндердiң тiзiмi бағасымен қоса жазылады. 30. Оқу жоспарындағы барлық пәндердiң 75 % кем емес бөлiгiн құрайтын барлық курстық емтихандар мен дифференциалды сынақтарды "өте жақсы" деген бағаға, қалған пәндердi "жақсы" деген бағаға тапсырған, бiтiру жұмысын "өте жақсы" деген бағаға қорғаған және мемлекеттiк емтиханды "өте жақсы" деген бағаға тапсырған бiтiрушiге үздiк диплом берiледi. 31. Бiтiрушi курстың бiлiм алушысы егер ол үздiк диплом алуға бүкiл оқу кезеңiнде талаптанса, білiм беру ұйымының басшысының рұқсатымен үш пән бойынша емтиханды қайта тапсыруға құқығы бар (егер - үздiк диплом алуға талаптанған студенттiң сынақ кiтапшасында емтихандар мен дифференциалды сынақтар бойынша "қанағаттандырарлықсыз" деген бiр баға немесе "жақсы" деген үш бағасы болса, оған Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясы жұмысын бастауға екi аптадан кеш емес уақыт қалса, ректордың бұйрығымен оған бұл пәндердi қайта тапсыруға рұқсат етiледi). 32. Жоғары кәсiптiк бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға жоғары оқу орны белгiленген үлгiге сәйкес академиялық анықтама бередi. 33. Жоғары оқу орнының тәрбиелеу мәселелерi бiлiм алушылардың, оқытушылардың, қызметкерлердiң бiрiккен оқу, ғылыми, шығармашылық, өндiрiстiк iс-әрекеттерiмен iске асырылады. 34. Жоғары оқу орындардағы тәртiп бiлiм алушылар мен оқытушылардың бiр-бiрiнiң адамдық қасиеттерiн құрметтеу негiзiнде сақталады. Бiлiм алушыларға қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдiстерiн қолдануға жол берiлмейдi. 35. Мамандарды дайындаудың мiндеттi құрамдық бөлiгi - жоғары оқу орнында жүргiзiлетiн iргелi, iздестiру және қолданбалы, ғылыми, сондай-ақ әдiстемелiк зерттеу жұмыстары. Жоғары оқу орындары өздерiнiң ғылыми зерттеулерiн, оқу және әдiстемелiк жұмыстарын қазiргi нормативтiк құқықтық актiлер мен заңдарға сәйкес жоспарлайды және жүзеге асырады. 36. Жоғары оқу орнын басқаруды, егер Қазақстан Республикасы Заңында басқасы қарастырылмаса, жоғары оқу орнының құрылтайшысы тағайындаған басшы тiкелей жүзеге асырады. Жоғары оқу орнының басшысы өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамаған жағдайда, құрылтайшы келiсiмдi, мерзiмiнен бұрын, бiр жақты бұзуына болады. 37. Жоғары оқу орнының басшысы, дара басшылық принциптерiмен жоғары оқу орнының Жарлығы және осы Ережемен анықталатын құзыретiне сәйкес жұмыс iстейдi және жоғары оқу орны қызметiнiң барлық мәселелерiн өз бетiнше шешедi. 38. Жоғары оқу орнының басшысы жоғары оқу орнының атынан сенiмхатсыз қызмет етедi, барлық органдар алдында оның мүддесiн жақтайды, заңда бекiтiлген тәртiппен жоғары оқу орнының мүлкiн басқарады, келiсiм жасайды, сенiмхаттар бередi, банкте есеп ашады және басқа да жұмыстар жүргiзедi, барлық қызметкерлер, оқытушылар және бiлiм алушылар үшiн мiндеттi бұйрық шығарады және нұсқау бередi. 39. Өз құзыретi көлемiнде және 1999 жылдың 10 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының еңбек туралы" Заңына сәйкес жоғары оқу орнының басшысы қызметкерлер мен оқытушыларды жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады, марапаттау және жаза қолдану шараларын қолданады. 40. Бiлiм беру ұйымы басшысының орынбасарларын, егер Қазақстан Республикасы Заңында басқасы қарастырылмаса, бiлiм беру ұйымы басшысының ұсынысы бойынша оның құрылтайшылары тағайындайды. Жоғары оқу орны басшылары орынбасарларының және басқа басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн басшы бекiтедi. 41. Жоғары оқу орнын басқарудың коллегиалдық органы бiлiм беру ұйымының кеңесi, қамқоршы кеңес, ғылыми-әдiстемелiк кеңес және жалпы жиналыс - болып табылады. Аталған кеңестердiң құрылу тәртiбi және құзыретi бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiткен Коллегиалдық басқару органдары туралы ережемен анықталады. Жоғары оқу орнының басшысы, келiсiм мерзiмi өткенде өз қызметi туралы жоғары оқу орны кеңесiнiң мәжiлiсiнде, жоғары оқу орнының басқа да ұжым мүшелерiн және бiлiм алушылардың өкiлдерiн қатыстыра отырып, есеп бередi. Мемлекеттiк жоғары оқу орнының кеңесiнiң жоғары оқу орнының басшысына сенiм бiлдiру мәселесiн қарастыруға құқығы бар, ашық және жабық (құпия) дауыс беру қорытындысы бойынша, егер сенiмсiз деп 2/3 және одан да көп кеңес мүшелерi дауыс берсе, онда бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органнан басшыны өз қызметiнен босатуын сұрайды. 42. Жоғары оқу орнының құрылымдық бөлiмшелерiн жоғары оқу орны бекiтедi және өз қызметiн осы Ереже және жоғары оқу орны Жарғысы негiзiнде жүзеге асырады, ал олардың саны мен сипатын осы жоғары оқу орнының мамандықтары мен мамандандырылуының жиынтығына, сондай-ақ оқытушылар мен бiлiм алушылардың санына сәйкес жоғары оқу орнының кеңесi белгiлейдi. 43. Жоғары оқу орны құрылымына байланысты, оның жекелеген бөлiмшелерiнде, сайлау тәртiбi мен уәкiлеттiлiктерi жоғары оқу орнының Жарғысымен анықталатын, басқарудың сайлаулы коллегиалдық органдары кеңестер құрылуы мүмкiн. Аталған кеңестердiң құрамына бiлiм алушылардың өкiлдерi кiрулерi тиiстi. 44. Жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымының құрылымдық бөлiмшелерi ретiнде оқу үрдiсiн жүргiзумен және ұйымдастырумен айналысатын факультеттер, кафедралар, оқу және ғылыми институттар, оқу-әдiстемелiк бөлiмi (басқармасы) және басқалары болады. 45. Факультет, институт немесе оған теңестiрiлген құрылымдық бiрлiк бiр немесе бiрнеше ұқсас мамандықтар бойынша студенттердi, магистранттарды, курсанттарды және аспиранттарды даярлауды; экономиканың, бiлiм берудiң және мәдениеттiң тиiстi салаларының басқарушы, инженерлiк-техникалық және педагогикалық қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды, сондай-ақ осы мамандық профилiне қатысты кафедралар жұмысын басқаруды, жүзеге асыратын жоғары оқу орнының оқу-ғылыми-әдiстемелiк және әкiмшiлiк бөлiгi болып табылады. 46. Кафедра немесе оған теңестiрiлген құрылымдық бiрлiк - бiр немесе бiрнеше ұқсас пәндер бойынша оқу, әдiстемелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын, бiлiм алушылар арасында тәрбиелiк жұмыс жүргiзетiн, сондай-ақ ғылыми педагогикалық кадрлар даярлайтын және олардың бiлiктiлiгiн жетiлдiретiн жоғары оқу орнының (факультеттiң немесе институттың) негiзгi оқу-ғылыми құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. 47. Жоғары оқу орнының немесе оның филиалдарының басшысына, басшының орынбасарларына, құрылымдық бөлiмшелердiң және бiрлiктердiң басшыларына, оқу орнының iшiнде немесе оқу орнынан тыс жерде, штаттық басқа басшылық қызметтердi (педагогтiк, ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк басшылықтан басқа) қатар атқаруға рұқсат етілмейдi (мемлекеттiк жоғары оқу орнының басшысы, басшының орынбасары, деканы (институт директоры), кафедра меңгерушiсi өз қызметiмен қатар қосымша басшылық iстей алмайды, ұйымдастыру - құқықтық түрлерiне қарамастан басқа да шаруашылық субъектiлерiн басқаруға қатыса алмайды). 48. Мемлекеттiк жоғары оқу орнының және филиалдарының басшылары, басшының орынбасарлары, құрылымдық бөлiмшелердiң және бiрлiктердiң басшылары қызметтерiн пенсия жасына жетпеген жеке тұлғалар орындай алады. Пенсия жасына жеткен аталған қызметкерлер, олардың бiлiктiлiктерiне сәйкес, педагогикалық, ғылыми және басқа қызметтерге ауыстырылады. 49. Жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен оқуға қабылданған студенттер, магистранттар, курсанттар, тыңдаушылар, интерндер (дәрiгерлер-интерндер) кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары болып табылады. Жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен оқуға қабылданған стажерлар, ординаторлар (клиникалық ординаторлар), аспиранттар, адъюнктар және доктаранттар жоғары оқу орнынан кейiн бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары болып табылады. 50. Бiлiм алушыларға осы оқу орнында оқығанын анықтайтын тиiстi құжаттар берiледi. Студенттерге, магистранттарға, курсанттарға және тыңдаушыларға тиiстi билеттер - студенттiк билеттер, магистрант, курсант және тыңдаушылар билеттерi, ал стажерларға, аспиранттарға, адъюнктерге және докторанттарға - тиiстi куәлiктер берiледi. 51. Жоғары оқу орнында бiлiм алушылар жоғары оқу орнының бiлiм беру үрдiсiндегi ең басты субъект болып табылады. 52. Жоғары оқу орнында бiлiм алушылардың Қазақстан Республикасының "Бiлiм беру туралы" Заңымен, бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның нормативтiк актiлерiмен, жоғары оқу орнының Жарлығымен белгiленген құқықтары мен мiндеттерi бар. 53. Оқу жоспарын орындамағаны, жоғары оқу орнының жарғысында көрсетілген мiндеттердi, iшкi тәртiп ережелерiн бұзғаны үшiн бiлiм алушыларды тәртiпке салу шаралары қолданылады, оларды бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiткен ережеге сәйкес, жоғары оқу орнынан шығаруға дейiн барады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |