|
|
|
"Халықаралық көрмелер дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 тамыздағы N 1025 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Халықаралық көрмелер дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 2) Кәсіпорынның ағымдағы қызметімен байланысты шығыстар шегеріліп, Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыруға бөлінген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде реттік нөмірі 106а-1-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде реттік нөмірі 19-жол алынып тасталсын; 3) "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 312-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесінде реттік нөмірі 34-жол алынып тасталсын. 4. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Халықаралық көрмелер дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 желтоқсандағы N 1988 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |