|
|
|
Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 ақпандағы N 254 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 7 мамырдағы N 518 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi, "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегi және "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесi бекiтiлсiн. 2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 17-жол мынадай редакцияда жазылсын: "17. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметi, Әдiлет министрлiгi адвокаттық қызмет нотариустардың қызметi". 3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бұрын қабылдаған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 27 ақпандағы N 254 қаулысымен Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ адвокаттық және нотариаттық қызметтермен айналысу құқығына лицензиялар берудiң тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi. 2. Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Лицензиар) адвокаттық немесе нотариаттық қызметпен айналысуға ниет білдiрген адамдарға (бұдан әрi - Лицензиат) адвокаттық немесе нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру жолымен жүзеге асырады. 3. Тиiстi лицензиясыз адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. 2. Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары 4. Адвокаттық қызметтi лицензиялау адвокаттық қызметпен айналысуға ниет бiлдiрген адамдардың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына Әдiлет аттестациялық комиссиясында (бұдан әрi - ӘАК) аттестациядан өту мiндеттiлiгi туралы бiлiктiлiк талаптарын сақтаған кезде жүзеге асырылады. 5. Нотариустардың қызметiн лицензиялау нотариаттық қызметпен айналысуға ниет бiлдiрген адамдарға мыналарды мiндеттеу туралы бiлiктiлiк талаптары сақталған кезде жүзеге асырылады: 1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына ӘАК-да аттестациядан өтуi; 2) заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында мемлекеттiк немесе жеке нотариуста тағлымдамадан өтуi. 6. Мынадай адамдарға: 1) Қазақстан Республикасының Әдiлет бiлiктiлiк алқасында бiлiктiлiк емтиханын тапсырған адамдарға; 2) тұрақты судьяларға; 3) өз қызметтерiн орындау кезiнде терiс қылықтар жасағаны және заң бұзғаны үшiн сот қызметiнен босатылған судьялардан басқа, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға осы Ереженiң 4-тармағында және 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген бiлiктiлiк талаптары қолданылмайды. 3. Нотариаттық немесе адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар 7. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн Лицензиат "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысымен бекiтiлген нысан бойынша Лицензиарға өтiнiш бередi. Өтiнiшке: 1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң немесе төлқұжатының көшiрмесi; 2) бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат; 3) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн аттестациядан өткенi туралы ӘАК-ның шешiмi не Лицензиаттың ӘАК-да аттестациядан өтуден босатылуын растайтын құжат қоса ұсынылады. 8. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн Лицензиат "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысымен бекiтiлген нысан бойынша Лицензиарға өтiнiш бередi. Өтiнiшке: 1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң немесе төлқұжатының көшiрмесi; 2) бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат; 3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн аттестациядан өткенi туралы ӘАК-ның шешiмi не Лицензиатты ӘАК-да аттестациядан өтуден босатылуын растайтын құжат; 4) мемлекеттiк немесе жеке нотариуста тағлымдамадан өткенi туралы шарттың көшiрмесi; 5) нотариус тағлымдамашысының жетекшiсiн тағайындау туралы бұйрықтан көшiрме немесе үзiндi; 6) нотариус тағлымдамашысы жетекшiсiнiң заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген тағлымдамадан өткенi туралы қорытындысы қоса ұсынылады. 9. Лицензиатты ӘАК-да аттестациялаудан өтуден босатуды растайтын құжаттар мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының Әдiлет бiлiктiлiк алқасы берген өтiнiш берушiнiң Әдiлет бiлiктiлiк алқасының судьясы лауазымына бiлiктiлiк емтиханын тапсырғанын растайтын анықтама; 2) құзыреттi лауазымды адам берген өтiнiш берушiнiң судья лауазымындағы жұмысын растайтын анықтама; 3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тұрақты судья лауазымынан босату туралы Жарлығының көшiрмесi. 10. Лицензиат ұсынылған құжаттарда берiлген мәлiметтердiң толықтығына және шынайылығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапты болады. 4. Лицензия берудiң не оны беруден бас тартудың шарттары мен тәртiбi 11. Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия басты лицензия болып табылады және Лицензиаттарға мерзiмi шектелмей берiледi. Лицензиялар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады. Лицензиялар "Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттiк лицензиялардың нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1325 қаулысымен бекiтiлген нысан бойынша берiледi. 12. Лицензия беру туралы өтiнiш оның Лицензиарға түскен күнiнен бастап бір ай мерзiм ішiнде қаралады. Лицензиар Лицензиаттың өтiнiшiмен қоса берiлген құжаттардың толықтығын және шынайылығын тексередi. 13. Өтiнiштi қарау нәтижесi бойынша Лицензиар лицензияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. 14. Лицензиардың лицензия беру туралы шешiмi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрығымен ресiмделедi. 15. Лицензияға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бiр данада қол қояды және ол Лицензиардың мөрiмен бекiтiледi. 16. Лицензия қолданыстағы заңнамаға сәйкес Лицензиаттың лицензия алуға өкiлеттiк берген өкiлiне берiлуi мүмкiн. 17. Лицензия жоғалған жағдайда Лицензиаттың оның телнұсқасын алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телнұсқасын берудi ол өтiнiш берген күннен бастап Лицензиар он күн ішiнде жүргiзедi. Бұл ретте, Лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензия телнұсқасының берiлгенi үшiн бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төлейдi. 18. Лицензиаттың аты-жөнi ауыстырылған жағдайда, ол бұл туралы көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса ұсынып, бiр ай мерзiм ішiнде Лицензиарға жазбаша хабарлауға мiндеттi. 19. Лицензиатқа, егер: 1) осы Ережеде көзделген қажеттi барлық құжат табыс етiлмесе; 2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбесе; 3) өтiнiш берушi осы Ережеде белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе; 4) өтiнiш берушiге қатысты, оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса, лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн. 20. Лицензия беруден бас тарту туралы Лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде лицензия алуға өтiнiш бiлдiрген адамға бас тарту себептерiн көрсете отырып, дәлелдi хат жолдайды. 5. Есепке алу және бақылау 21. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ереженiң сақталуын бақылауды Лицензиар жүзеге асырады. 22. Лицензиар Лицензиаттар туралы және оларға берiлген лицензиялар туралы, сондай-ақ лицензияны керi қайтарып алу, күшiн тоқтату, күшiн тоқтата тұру және қалпына келтiру туралы мәлiметтердi Адвокаттар (жеке нотариустар) лицензияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзедi және ведомстволық баспасөз органында жариялайды. 23. Осы Ереженiң негiзiнде берiлген лицензиялардың бiрыңғай есебiн жүргiзу үшiн Лицензиар заңнамада белгiленген тәртiппен лицензиялар бланкiлерiне тапсырыс жасайды. Лицензия бланкiлерi қатаң бақылаудағы құжаттар болып табылады. 24. Лицензиар өз құзыретi шегiнде Лицензиаттан тиiстi құжаттарды тапсыруын талап етуге және бақылау функцияларын орындауы үшiн қажеттi жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға құқылы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |