|
|
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетін тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы N 662 қаулысы (ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. N 314 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1132 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері" туралы 2002 жылғы 17 мамырдағы N 872 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Комитетті таратуды, оның мүлкін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруді жүзеге асырсын, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. N 314 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі N 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 340-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын; 19-тармақта: 5) тармақшадағы "ведомство туралы ережені қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын; 7) тармақшадағы ", сондай-ақ Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің нормативтік құқықтық кесімдер емес бұйрықтарын" деген сөздер алынып тасталсын; 2) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде: "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген бөлімнің реттік нөмірі 9-жолында: "170" деген сан "140" деген санмен ауыстырылсын; мына: "оның ішінде: Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитет 30" деген жолдар алынып тасталсын. 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 471 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 147-құжат) 2-тармақтың басқасы; 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат). 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі А.С.Павловқа жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |