|
|
|
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы" мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 17 шілдедегі N 795 қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1117 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы" мемлекеттiк мекемесi "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық ауруханасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Мекеменiң жарғысына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн және оның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 17 шілдедегі N 795 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды 1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" деген 8-бөлiмнiң "Қатаң байқаудағы республикалық психиатриялық аурухана 750" деген жолындағы "Қатаң байқаудағы республикалық" деген сөздер "Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: IV "Шығындар" бөлiмiнде: 5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында: 3 "Мамандандырылған медициналық көмек" iшкi функциясында: 226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша: 036 "Мамандандырылған медициналық көмек көрсету" бағдарламасында: 036-кiшi бағдарламасында "Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана" деген сөздер "Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық аурухана" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 508-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар тiзбесiнде: "Мемлекеттік мекемелер" деген 1-бөлiмнiң реттiк нөмiрi 13-жолы мынадай редакцияда жазылсын: "13. Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық аурухана". 4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына: көрсетiлген қаулыға 19-қосымшада: 6-тармақтың 036-бағдарлама 036-кiші бағдарламасының 4, 5, 7-бағандарында "қатаң бақылаудағы" деген сөздер алынып тасталып, "республикалық" деген сөзден кейiн "жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi" деген сөздермен толықтырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |