|
|
|
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қолдануға құқылы қару-жарақ пен арнайы құралдардың нормалары мен тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 17 ақпандағы N 163 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. N 100 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қолдануға құқылы қapу-жарақ пен арнайы құралдардың нормалары мен тiзбесi бекiтiлсiн. 2. Осы қаулыны iске асыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қаржы полициясы агенттiгiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүргiзiлсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 17 ақпандағы N 163 қаулысымен бекiтiлген Бейбiт және соғыс уақытында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi және Қаржы полициясы агенттігiнiң оқу орындары үшiн қарулар мен оқ-дәрiлер нормалары мен тiзбесi 1. ҚАРУЛАР
*Қызметтiк қажеттiлiк кезiнде Макаров пистолетiне немесе револьверге ауыстырылады Ескерту: 1. Әкiмшiлiк ғимараттарды және басқа да объектiлердi күзету бойынша сыртқы посттарда қызмет атқаратын қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамы автоматтармен қарулануы мүмкiн. 2. Бейбiт уақытта аумақтық органдарда және оқу орындарында қызметтiк мақсаттар үшiн ұсталатын Калашников автоматтарының қажеттi саны Агенттiк төрағасының бұйрығымен белгiленедi. Жаттығу қару-жарағы
2. ОҚ-ДӘРIЛЕР Қаржы полициясы органдарында және оқу орындарында атыс қаруына оқ-дәрiлердiң қоры, патрондар, 1,0 жауынгерлiк жиынтық мөлшерiнде ұсталады Жауынгерлiк жиынтық құрамы
1. Жауынгерлiк жиынтық - қару-жарақ бiрлiгiне арналған оқ-дәрiлердiң белгіленген саны (пистолет, автомат, пулемет). 2. Қаржы полициясы органдарының бөлiмшелерi мен оқу орындары үшiн қару-жарақ үлгiсiне жауынгерлiк жиынтықтар құрамы бiрыңғай белгiленедi. 3. Аумақтық органдарда, оқу орындарында оқ-дәрiлердiң тиiстi санын ұстау Агенттiк төрағасының бұйрығымен белгiленедi. 4. Қаржы полициясы органдарының оқу орындарының тиiстiлiк табелiнде тиiстi қару-жараққа оқ-дәрiлер белгiленген жауынгерлiк жиынтыққа сәйкес есептеледi. 5. Жауынгерлiк жиынтықта патрондардың жекелеген түрлерiнiң қажеттi саны болмаған кезде оларды, осы жауынгерлiк жиынтыққа кiретiн арнаулы ұқсас қолда бар патрондар немесе басқа да оқ түрлерiмен ауыстыруға рұқсат берiледi. 6. Жаттығу практикасына арналған оқ-дәрiлердiң тиiстiлiгi норма бойынша бөлек есептеледi. Агенттiктiң, аумақтық органдар мен оқу орындарының жауынгерлiк даярлыққа арналған оқ-дәрiлер шығыстарының нормалары (бip жылға бiр адамға данамен алғанда)
Атыс қаруын тексеруге және қалыпты ұрысқа келтiруге арналған оқ-дәрiлер шығысының нормалары (қару бiрлiгiне данамен)
Қаржы полициясы органдарының спорттық-атыс iс-шараларына арналған патрондары шығысының нормалары (бiр жылға бip адамға данамен алғанда)
Қаржы полициясы органдары үшiн газды қару-жарақтың нормалары мен тiзбесi
Қаржы полициясы органдары мен оқу орындары қызметкерлерi үшiн арнайы құралдардың нормалары мен тiзбесi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |