|
|
|
Денсаулық сақтау жүйесі туралы 2003 жылғы 4 маусымдағы N 430-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар) 2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу (5 - 13 баптар) 3-тарау. Денсаулық сақтау субъектілері (14 - 15 баптар) 4-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету (16 - 18 баптар) 5-тарау. Медициналық қызмет (19 - 34 баптар) 6-тарау. Медициналық сараптама қызметі (35 - 43 баптар) 7-тарау. Фармацевтикалық қызмет (44 - 45 баптар) 8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет (46 - 47 баптар) 9-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру (48 - 50 баптар) 10-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің (51 - 52 баптар) құқықтары мен міндеттері 11-тарау. Қорытынды ережелер (53 - 54 баптар) Осы Заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру және олардың сақталу кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) әскери-медициналық қызмет - әскери немесе арнайы қызметтiң болуы заңмен көзделiп, осы органдардың қызметiн медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери-медициналық бөлiмшелердiң, бөлiмдер мен мекемелердiң жиынтығы; 2) денсаулық сақтау - азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси және өзге де шаралардың жиынтығы; 3) медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсiби медициналық бiлiм алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсiби қызметi; 4) медициналық көмек - аурулардың медицина қызметкерлерi жүзеге асыратын профилактикасы, диагностикасы, азаматтардың ауыруына, денсаулығының өзге де бұзылуына, жүктiлiгi мен босануына байланысты емдеу және оңалту; 5) медициналық ұйымдар - негiзгi қызметi халыққа медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары; 6) медициналық қызметтер көрсету - азаматтарға медициналық көмек көрсету жөнiндегi тиiстi лицензия негiзiнде iс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалардың қызметтер көрсетуi; 7) медициналық сараптама - денсаулық сақтаудағы қызметтiң әр түрлi салалары жай-күйiнiң деңгейiн, сапасын және дәрежесiн белгiлеуге бағытталған ұйымдастыру, талдау және практикалық iс-шаралардың жиынтығы; 8) денсаулық сақтау ұйымы - ұйымдық-құқықтық және меншiк нысанына қарамастан денсаулық сақтау саласында қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға; 9) денсаулық сақтауды басқару органдары - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органы, денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары, медициналық қызметтерiнiң органдары; 10) денсаулық сақтау жүйесi - қызметi азаматтардың денсаулық сақтау және медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк органдардың және денсаулық сақтау субъектiлерiнiң жиынтығы; 11) денсаулық сақтау субъектiлерi - денсаулық сақтау ұйымдары және жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалар; 12) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органы. 2-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi мен мiндеттерi 1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi: 1) халықтың денсаулығын ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету факторларына жатқызу; 2) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын сақтау және оларды мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз ету; 3) әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына қарамастан халықтың медициналық көмекке қол жетiмдiлiгi; 4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету; 5) азаматтардың денсаулығын ғұмыр бойы сақтау саласындағы мемлекеттiк реттеу және мемлекеттiк бақылау; 6) азаматтардың медициналық көмек алуындағы әлеуметтiк әдiлдiк пен теңдiк; 7) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы мұқтаждықтарына денсаулық сақтау жүйесiнiң ықыластылығы; 8) мемлекеттiк органдардың азаматтардың денсаулығын сақтау мен тыңайтуды қамтамасыз етуге жағдай жасау жолындағы жауапкершiлiгi. 2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi: 1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiмен қамтамасыз ету; 2) дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету саласындағы қауiпсiздiктi сақтау; 3) отандық медициналық және фармацевтикалық өнеркәсiптi дамытуды қамтамасыз ету; 4) оқытудың осы заманғы технологияларын пайдалана отырып, медициналық бiлiм берудiң үздiксiздiгi мен сабақтастығын қамтамасыз ету; 5) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру нормативтерiн белгiлеу; 6) медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетудегi iс-қимылдарының сабақтастығы; 7) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды белгiлеу; 8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметiн, ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi мемлекеттiк қолдау; 9) медициналық ғылым мен техниканың осы заманғы жетiстiктерiне, емдеудiң жаңа технологияларына сәйкес медициналық көмек көрсету; 10) халықтың әлеуметтiк шетiн топтарындағы азаматтардың, оның iшiнде аналардың, балалардың, мүгедектердiң және зейнеткерлердiң денсаулығын сақтау жөнiндегi шараларды ұйымдастыру және өткiзу; 11) халықтың денсаулық жағдайы мен өмiр сүру ортасының факторлары туралы статистикалық және өзге де ақпаратты беру; 12) көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасы мен толымдылығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарының өзге де талаптарының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру; 13) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту. 4-бап. Денсаулық сақтау жүйесi 1. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады. 2. Мемлекеттiк денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк органдардан, денсаулық сақтау ұйымдарынан, мемлекеттiк меншiк құқығына негiзделген денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан және бiлiм беру ұйымдарынан тұрады. Мемлекеттiк емес денсаулық сақтау секторы жеке меншiк құқығына негiзделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан, бiлiм беру ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалардан тұрады. 3. Денсаулық сақтау жүйесiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi және мемлекеттiк бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу 5-бап. Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етудiң кепiлдiктерi Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына: 1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға; 2) алғашқы медициналық-санитарлық көмекке бiрдей қол жеткiзуiне; 3) мемлекеттiк және жекеше емдеу ұйымдарында, сондай-ақ жекеше медициналық ic-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалардан ақылы медициналық көмек алуға; 4) санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа; 5) дәрiлiк заттармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етiлуiне; 6) бiрыңғай медициналық стандарттар бойынша тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасына, мазмұнына және көлемiне; 7) медициналық және дәрiгерлiк көмек көрсету, фармацевтикалық өнiмдi шығару және өткiзу бөлiгiндегi кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгi құқығына кепiлдiк бередi. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң денсаулық сақтау саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) денсаулық сақтауды дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты айқындайды және iске асырады; 2) денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi және оларды iске асыруды қамтамасыз етедi; 3) өзiнiң құзыретi шегiнде денсаулық сақтау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады; 4) азаматтардың медициналық көмектiң осы Заңда белгiленген кепiлдi көлемiн тегiн алуын қамтамасыз етедi; 5) медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметтiң бiлiктiлiк талаптарын және оны лицензиялау тәртiбiн бекiтедi; 6) халықтың тығыз және елдi мекендердiң шалғай орналасқанына қарай денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiтедi; 7) денсаулық сақтау саласындағы аккредитациялау, аттестаттау, сертификаттау және стандарттау тәртiбiн белгiлейдi; 8) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен бiр орталық арқылы сатып алынатын медициналық жабдықпен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi; 9) төтенше жағдайларда тегiн медициналық көмек көрсету және азаматтарды дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi. 7-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган: 1) денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi; 2) медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарының қызметiне басшылықты жүзеге асырады; 3) денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды iске асырады; 4) азаматтар денсаулығының мүддесiне орай салааралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 5) медициналық көмек көрсету және азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi; 6) денсаулық сақтау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтiк құжаттарды әзiрлеп, бекiтедi; 7) медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызмет саласындағы, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы стандарттарды әзiрлеудi жүзеге асырады; 8) денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жepгiлiктi органдары басшыларының және мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсiби құзыретiне арналған аттестаттауды өткiзедi; 9) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк статистикалық есепке алудың және есептiлiктiң жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi; 10) медициналық ұйымдардың өзара iс-қимылының тәртiбiн белгiлейдi; 11) медициналық ұйымдардың шығындарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеу ережелерiн әзiрлейдi; 12) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына бақылауды жүзеге асырады; 13) медициналық, дәрiгерлiк қызметпен айналысуды, емдiк препараттарды (малдың, құрамында есiрткi және психотроптық заттар жоқ өсiмдiктер мен шөптердiң емдiк өнiмдерiн өсiру, жинау және сатудан басқа) дайындау мен сатуды лицензиялауды жүзеге асырады; 14) медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы қызметпен айналысуды лицензиялауға қорытынды бередi және қатысады; 15) медициналық, дәрiгерлiк қызметпен айналысу, емдiк препараттарды (малдың, құрамында есiрткi және психотроптық заттар жоқ өсiмдiктер мен шөптердiң емдiк өнiмдерiн өсiру, жинау және сатудан басқа) дайындау мен сату жөнiндегi лицензиялау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; 16) медициналық жабдықтың, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдардың өндiрiсi мен сапасына, сондай-ақ дәрiлiк заттардың айналысы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; 17) төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi және оларды дәрiлiк заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады; 18) денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық емделуде жатқан аурулардың дәрiмен қамтамасыз етiлуiне бақылауды жүзеге асырады; 19) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын, олардың қызметi туралы ереженi; дәрiгерлiк лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасын; денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгi штаттарын және штат нормативтерiн; халыққа медициналық қызмет көрсету көлемi мен деңгейiнiң нормативтерiн әзiрлеп, бекiтедi; 20) медицина ғылымының дамуын қамтамасыз етедi және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiредi; 21) бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу тәртiбiн айқындайды; 22) ведомстволық және әскери-медициналық қызмет орындарының жұмысын үйлестiредi; 23) денсаулық сақтау саласында, оның iшiнде дәрiлiк заттарды басқару жөнiнде республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердiң құрылуы мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi; 24) республикалық мемлекеттiк медициналық ұйымдарды жарақтандыруды қамтамасыз етедi; 25) салалық ынталандыру жүйесiн әзiрлеп, бекiтедi; 26) көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасына бақылауды жүзеге асырады; 27) денсаулық сақтау, медицина ғылымымен бiлiм беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 28) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. 8-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi 1. Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары: 1) денсаулық сақтау саласындағы аймақтық бағдарламаларды бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 2) ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау қызметкерлерiне жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк көмек беру туралы шешiм қабылдайды; 3) тиiстi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемiн бекiтедi, денсаулық сақтауға және медициналық бiлiм беруге арналған шығыстардың үлесiн айқындайды; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен азаматтардың жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен емделу үшiн елдi мекен шегiнен тыс жерлерге тегiн немесе жеңiлдiкпен жол жүруi туралы шешiм қабылдайды; 5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары: 1) тиiстi аумақта денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады; 2) тиiстi аумақта денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi; 3) денсаулық сақтау саласындағы аймақтық бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi; 4) азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алу құқығының iске асырылуын қамтамасыз етедi; 5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етедi; 6) денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарын құрады; 7) денсаулық сақтау ұйымдарының желiсiн дамыту мен оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдайды; 8) денсаулық сақтаудың мемлекеттiк және мемлекеттiк емес секторларының қызметiн үйлестiредi және бақылауды қамтамасыз етедi; 9) өз өкiлеттiктерi шегiнде денсаулық сақтауға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылу тиiмдiлiгiне бақылауды қамтамасыз етедi; 10) төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi, оларды дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етедi; 11) денсаулық сақтау саласындағы аймақаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 9-бап. Денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының құзыретi Денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары өз өкiлеттiктерi шегiнде: 1) денсаулық сақтау, медицина ғылымы мен бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады; 2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, медицина ғылымы мен медициналық бiлiм беру саласындағы заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi; 3) азаматтарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде медициналық көмекпен және дәрiлiк заттармен қамтамасыз етедi; 4) денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; 5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдайды; 6) азаматтардың дәрiлiк заттар мен медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдарға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асырады; 7) денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады; 8) медицина және фармацевтика кадрларының кәсiби бiлiктiлiгiне аттестаттау жүргiзедi; 9) мемлекеттiк медициналық ұйымдарды жарақтандыруды қамтамасыз етедi; 10) денсаулық сақтау саласындағы, оның iшiнде дәрiлiк заттарды басқару жөнiндегi аймақтық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердiң құрылуы мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi; 11) жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына берiп отырады; 12) төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi, оларға дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етедi; 13) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi; 14) халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудi, салауатты өмiр салтын насихаттауды ұйымдастырады; 15) халықты әлеуметтiк қаупi бар аурулардың және жұртқа қауiптi болып табылатын аурулардың таралуы туралы хабардар етедi; 16) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасайды; 17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 10-бап. Медициналық қызметтi лицензиялау Медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның лицензиялауына жатады. 11-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарын аккредитациялау Денсаулық сақтау ұйымдарын аккредитациялауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың медициналық, дәрiгерлiк, фармацевтикалық, ғылыми және бiлiм беру қызметiмен шұғылдануының мәртебесi мен құқықтылығын тану мақсатында өткiзедi. 12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) сертификаттау 1. Денсаулық сақтау саласындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) сертификаттау олардың адамның өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн растау мақсатында жүзеге асырылады. 2. Денсаулық сақтау саласындағы мiндеттi сертификатталуға жататын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 3. Сертификаттау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 13-бап. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар 1. Медициналық стандарттарды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейдi, стандарттауды өткiзудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 2. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар: 1) ұйымдастыру технологияларын; 2) медициналық қызметтер көрсетудi; 3) медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру процесiнде пайдаланылатын технологияларды; 4) дәрiлiк заттарды және медициналық бұйымдарды өндiрудi, сатудың шарттарын және олардың сапасын; 5) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн; 6) есепке алу-есеп беру құжаттамасын қамтиды. 3. Денсаулық сақтау стандарттарын денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiлейдi. 4. Денсаулық сақтау стандарттары денсаулық сақтау ұйымдары және жекеше медициналық iс-тәжiрибемен айналысатын жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады. 5. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жекелеген стандарттардың сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттiк органдары жүзеге асырады. 3-тарау. Денсаулық сақтау субъектілері 14-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiнде мынадай денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс iстейдi: 1) азаматтарға амбулаториялық-емханалық және стационарлық медициналық көмек көрсететiн ұйымдар; 2) балалардың амбулаториялық-емханалық және стационарлық медициналық ұйымдары; 3) жедел медициналық көмек ұйымдары; 4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары; 5) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары; 6) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар; 7) денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру ұйымдары; 8) қан қызметi, сот медицинасы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары; 9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де денсаулық сақтау ұйымдары. 15-бап. Жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалар 1. Жеке тұлғалар медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған лицензиясы болған кезде медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсетуге құқылы. 2. Тиiстi бейiндегi медициналық бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар жеке тұлғалардың жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылдануға құқығы бар. 4-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету 16-бап. Денсаулық сақтау жүйесiн қаржымен қамтамасыз ету көздерi 1. Денсаулық сақтаудың мемлекеттiк ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету: мемлекеттiк бюджет қаражаты; медициналық сақтандыру қаражаты; ақылы негiзде медициналық қызметтер көрсетуден алған қаражаттары; Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады. 2. Денсаулық сақтаудың мемлекеттiк емес ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету: тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуге арналған мемлекеттiк бюджет қаражаты; медициналық сақтандыру қаражаты; ақылы негiзде медициналық қызметтер көрсетуден алынған қаражат; Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады. 3. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 17-бап. Медициналық ұйымдарды қаржыландыру нысандары Медициналық ұйымдарды қаржыландыру мынадай нысандарда: мемлекеттiк медициналық мекемелер шығыстар сметасы бойынша; медициналық ұйымдар бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шарттық негiзде медициналық қызметтер көрсетудiң атқарылған көлемi үшiн шығындарды өтеу арқылы; алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн және бекiтiлген халқы бар ұйымдар жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылады. 18-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы қаражаттарын пайдалану 1. Денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржы қаражаттары: медициналық көмектiң тегiн кепiлдi көлемiн көрсету жөнiндегi шығындарды өтеуге; денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды iске асыруға;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |