|
|
|
Бағалы қағаздар рыногы туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы Осы редакция 2004 ж. 7 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң құрылуы мен қызметi ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар рыногының қауiпсiз, ашық түрде және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, инвесторлар мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын, бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының адал бәсекесiн қорғау мақсатында бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалау тәртiбiн айқындайды. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) агенттiк облигация - қаржы агенттiгi шығаратын облигация; 2) андеррайтер - бағалы қағаздар рыногының брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсететiн кәсiби қатысушысы; 3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшiн жою - эмиссиялық бағалы қағаздың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде өмiр сүруiн тоқтату; 4) құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаз; 5) оқшаулау - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде бағалы қағаздармен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге бағалы қағаздардың сақталуына кепiлдiк беру мақсатында жүзеге асырылатын уақытша тыйым салу; 6) брокер - бағалы қағаздар рыногының клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы; 7) iшкi құжаттар - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң, оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң), қызметкерлерiнiң қызмет жағдайлары мен тәртiбiн, қызмет көрсетуiн және оларға ақы төлеу тәртiбiн реттейтiн құжаттар; 8) бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар; 9) жеке шоттан үзiндi - бағалы қағаз болып табылмайтын, тiркеушi немесе нақтылы ұстаушы беретiн және тiркелген тұлғаның эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша белгiлi бiр уақыт кезiндегi құқықтарын растайтын құжат; 10) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару - эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде пайда болуына бағытталған iс-әрекетi, немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылатын белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы; 11) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмi - уәкiлеттi орган қалыптастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердiң жиынтығы; 12) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болатын қарыз алуға қатысы жөнiнен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз; 13) делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау; 14) қаржы құралдарын материалсыздандыру - құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдары куәландыратын құқықтарды растау тәсiлiн осы құқықтарды орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту; 15) депонент - орталық депозитарийдiң клиентi болып табылатын ұйым; 16) депозитке салу - орталық депозитарийдiң депоненттер мен олардың клиенттерiнiң қаржы құралдарын есепке алуы; 17) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде тіркелген және бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар тұлға; 18) дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы; 19) дилер - бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгiлеудi ұсыну және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы; 20) құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздың мазмұнын тiкелей оқуға болатын өзге де материалдық берiлiм көзiндегi) бағалы қағаздар; 21) тiркелген тұлға - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстау есебi жүйесiнде жеке шоты бар тұлға; 22) өтiнiш берушi - бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу мақсатымен уәкiлеттi органға құжаттарды табыс еткен заңды тұлға; 23) инвестициялар - лизинг шартын жасасқан кезден бастап лизинг заттарын қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүлiктiң (жеке тұтынуға арналған тауарларды қоспағанда) барлық түрi, сондай-ақ оларға құқықтар немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi көбейту; 24) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы қаржы құралдарының көптеген түрлерiнiң жиынтығы; 25) инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар; 26) жеке инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор; 27) институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестицияны жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға; 28) ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілiмен (ипотекалық куәліктердің кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi активтермен қамтамасыз етiлген облигация; 29) қазақстандық депозитарийлiк қолхат - Қазақстан Республикасының резидентi емес эмитенттiң басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз; 30) кастодиан - бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебiн алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы; 31) бiлiктiлiк куәлiгi - уәкiлеттi орган берген және жеке адамның аттестаттаудан өткенiн және осындай құжаттың санатына (аттестаттау санатына) сәйкес оған бағалы қағаздар рыногында қызмет көрсетуге құқық берiлгенiн куәландыратын құжат; 32) клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы көрсететiн қызметтi пайдаланушы немесе пайдаланғысы келетiн тұлға; 33) қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша клиринг - қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебi; 34) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлiк қоғамның шығару проспектiсiнде айқындалған талаптармен және тәртiппен оның басқа түрдегi бағалы қағазына айырбасталуға жататын бағалы қағазы; 35) мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары мен олардың клиенттерiнiң мүдделерi бiр-бiрiне сай келмейтiн жағдай; 36) бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаздар бойынша сұранымның және (немесе) ұсынымның жарияланған бағасы; 37) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттердiң арасында баға белгiлеу арқылы айырбастау жүйесiн пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға; 38) левередж - эмитенттiң мiндеттемелерi мен өз капиталы мөлшерлерiнiң арақатынасы; 39) листинг - қор биржасының сауда жүйесiнде эмиссиялық бағалы қағаздарды айналысқа жiберу рәсiмi; 40) лицензиат - уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 41) жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды eceпкe алу жүйесiнде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатымен тiркелген тұлғаны сөзсiз бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы; 42) бағалармен айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысының бағалы қағаздар рыногындағы бағалардың өсуiне (төмендеуiне) байланысты пайда табу және артықшылықтар алу мақсатымен бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiн шатастыруға бағытталған iс-әрекеттерi (бағалы қағаздардың бағасын белгiлеудi ұсыну, қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу, дәйектемесіз aқпapaт тapaту және өзге де іс-әрекеттер); 43) ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi - эмиссиялық бағалы қағаздарды бiрдейлендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға уәкiлеттi орган беретiн әрiптiк-сандық код; 44) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған, мемлекеттiк емес ұйымдар шығаратын акциялар, облигациялар және өзге де бағалы қағаздар; 45) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында мәмiле объектiсiне және оның қатысушыларына белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын саласы; 46) облигацияның нақтылы құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгiленген, купондық облигация бойынша процентпен көрсетiлген сыйақы есептелетiн ақшалай көрiнiсi, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома; 47) бағалы қағаздарды нақтылы ұстау - бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау, олармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу; 48) қамтамасыз етiлген облигация - эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, кепiлдiк берумен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өзге де тәсiлдермен қамтамасыз етiлген облигация; 49) облигациялық бағдарлама - эмитент бiрнеше облигациялар шығаруды, оның iшiнде шығарылымның тиiстi проспектiсi белгiлейтiн әртүрлi құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару; 50) эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы - қайталама бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау; 51) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын уәкiлеттi орган тiркеген бағалы қағаздар; 52) опцион - белгiленген нысандағы туынды бағалы қағаз, оны сатып алушы белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн опционда көрсетiлген базалық активтi келiсiлген баға бойынша сатып алу немесе сату құқығына ие болады; 53) сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы; 54) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы - мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласы; 55) баспасөз басылымы - таралым саны мен оның таратылу өңiрлерi бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сай келетiн, бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi өздерiнiң хабарламаларын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес мiндеттi түрде жариялануға жататын басқа да ақпаратты жариялау үшiн пайдалануға тиiс мерзiмдi баспасөз басылымы; 56) бастапқы бағалы қағаздар рыногы - эмитенттiң бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында өзi сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы; 57) төлем агентi - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым; 58) облигацияларды өтеу - эмитенттiң орналастырылған облигацияларды сыйақы және облигацияның нақтылы құнын төлеу (кейiннен сату мақсатынсыз) немесе оны облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен сол эмитенттiң акциясына (акцияларына) айырбастау арқылы айналыстан алып қою жөнiндегi iс-әрекетi; 59) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi - эмитентпен жасалған шарт негiзiнде қайталама бағалы қағаздар рыногындағы ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигациялар айналысы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесiнде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн көздеп iс-әрекет жасайтын ұйым; 60) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына табыс ететiн құжат; 61) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз; 62) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi - эмитент, оның қаржылық жай-күйi, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, оларды шығару, орналастыру, айналыста болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi туралы мәлiметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн басқа да ақпарат бар құжат; 63) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы - өз қызметiн акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн лицензиясы бар заңды тұлға; 64) пруденциалдық нормативтер - уәкiлеттi орган белгiлеген және өтiнiш игерушi мен лицензиат сақтауға тиiс нормалардың қаржылық көрсеткiштерi; 65) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - бастапқы бағалы қағаздар рыногында инвесторларға бағалы қағаздарды сату; 66) орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар - бастапқы бағалы қағаздар рыногында инвесторлар толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар; 67) тiркеушi - бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды және жүргізудi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы; 68) рейтинг - белгiлi бiр эмитенттiң шамамен алғандағы кредит қабiлетiн немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенiмдiлiгiн белгiлейтiн бағаның жеке сан және әрiп көрсеткiшi; 69) басшы қызметкер - ұйымның басқару органының басшысы және оның орынбасары, ұйымның алқалы атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функциясын жеке өзi атқаратын адам) және оның орынбасары, бас бухгалтер және оның орынбасары, ұйым филиалының (өкiлдiгiнiң) басшысы, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыратын және бағалы қағаздар рыногында мәмiлелер жасасу осының негiзiнде болатын құжаттарға қол қоюға құқылы құрылымдық бөлiмшелердiң қызметiн үйлестiрудi және (немесе) оған бақылау жасауды жүзеге асыратын өзге де қызметкерлер; 70) өзiн-өзi реттейтiн ұйым - бағалы қағаздар рыногында өз қызметiнiң бiрыңғай ережелерi мен стандарттарын белгiлеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары құрған заңды тұлға; 71) своп - екi тараптың белгiлi бiр мерзiм iшiнде белгiлi бiр талаптармен қаржы құралдарын айырбастау жөнiндегi келiсiмiн куәландыратын туынды бағалы қағаз; 72) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесi - эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оларды ұстаушылардың құқықтарын бiрдейлендiрудi, бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналысқа немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер; 73) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесi - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысының уақыттың белгiлi бiр кезiнде оларды бiрдейлендiрудi, бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн бағалы қағаздарды ұстаушылар мен оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы мәлiметтер бар, нақтылы ұстау қызметiн көрсететiн есеп беру жүйесi, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың айналысқа немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзге де мәлiметтер; 74) сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмi - сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiне айналысқа жiберуге рұқсат етiлген қаржы құралдарының сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жасалып, бекiтiлген тiзiмi; 75) шығару құрылымы - шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, нақтылы құны (облигациялар үшiн) туралы мәлiметтер; 76) сауда жүйесi - сауда-саттықты ұйымдастырушының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының және сол сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелерi арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмiлелер жасауда пайдаланылатын өзге де қажеттi активтерi мен рәсiмдерiнiң кешенi; 77) трансфер-агент - бағалы қағаздар рыногының өз клиенттерiнiң арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнiнде қызмет көрсететiн кәсiби қатысушысы; 78) уәкiлеттi орган - бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 79) инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушы- бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектiлерiн басқару жөнiндегi қызметтi өз атынан, клиенттiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы; 80) қаржы агенттiгi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi және осы мақсатта Қазақстан Республикасының қаржы рыногында және (немесе) халықаралық қаржы рыногында қарыз алуды жүзеге асыратын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым; 81) қаржы құралы - қаржы рыногының Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздары (туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) мен өзге де активтерi; 82) қаржы рыногы - қаржы қызметiн көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы; 83) қор биржасы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға; 84) фьючерс - бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында айналысқа түсетiн туынды бағалы қағаз, оны сатып алушы белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн мәмiленiң талаптарына сәйкес базалық активтi сатуға (сатып алуға) өзiне мiндеттеме алады; 85) хеджирлеу - мүлiктiк мүдделердi жай-күйi қаржы құралдарымен мәмiле жасасу арқылы бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң кiрiстерi мен шығындарының туындауына байланысты болатын бағаның, айырбастау бағамының, сыйақы ставкаларының немесе өзге де ықтимал көрсеткiштердiң өзгеруi кезiндегi тәуекелдерден қорғау; 86) бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы; 87) орталық депозитарий - бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарымен мәмiлелердi тiркеудi, депоненттердiң (олардың клиенттерiнiң) қаржы құралдары бойынша құқықтарын eceпкe алу мен растауды, құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандыру мен сақтауды, оның iшiнде депоненттер арасындағы қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша клирингтi, сондай-ақ тиiстi лицензиясы болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы; 88) эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде бiртектi белгiлер мен реквизиттерi болатын, осы шығарылым үшiн бiрыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналысқа түсетiн бағалы қағаздар; 89) эмиссиялық консорциум - андеррайтерлердiң эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсету мақсатында бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылған бiрлестiгi; 90) эмитент - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға. 2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнен , осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, осы Заңның нормалары банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, инвестициялық қорлар, жинақтаушы зейнетақы қорлары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарды, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |