|
|
|
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 29 мамырдағы N 179 қаулысы Осы редакция ҚР ҰБ Төрағасының 24.05.04 ж. N 77, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының 24.05.04 ж. N 145 бірлескен қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабына сәйкес, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар қызметiнiң айқындылығы мен тиiмдiлiк дәрежесiн арттыру мақсатында, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары мен алушыларының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесi бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың есеп берушiлiгi туралы" 2000 жылғы 23 қазандағы N 697 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1307 тiркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында 2000 жылғы желтоқсанда жарияланған, N 12) күшi жойылды деп танылсын. 3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін. 5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 179 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесi Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп бepу тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейдi. 1-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар 1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратынзаңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры. 2. Жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегі қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға. 3. Уәкiлеттi орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердiң, сақтандыру ұйымдарының қызметтерiн реттеу және қадағалау жөніндегі функцияларды және өкiлеттiктердi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. 2-тарау. Есептi жасау және беру тәртiбi 4. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға уәкiлеттi органға: 1) апта сайын ағымдағы аптаның бейсенбi күнi алматы уақытымен 16.00-ден кешiктiрмей өткен аптаның сейсенбiсiнен бастап ағымдағы аптаның дүйсенбiсiн қоса алғандағы кезең үшiн мынадай есептердi: осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес есептi кезеңнiң әрбiр жеке күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерiнiң құны туралы анықтама (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн - зейнетақы активтерi инвестициялық басқарудағы әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бөлiгiнде); осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiнiң соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерiнiң құрылымы туралы есеп (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн - зейнетақы активтерi инвестициялық басқарудағы әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бөлiгiнде); 2) осы Ереженiң 3 және 4-қосымшаларына сәйкес апта сайын аптаның бiрiншi жұмыс күнi алматы уақытымен 16.00-ден кешiктiрмей зейнетақы активтерiн (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн - зейнетақы активтерi инвестициялық басқарудағы әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бөлiгiнде) және меншiктi активтердi инвестициялау бойынша жасалған мәмiлелер туралы есептi өткен аптаның әрбiр жеке жұмыс күнi үшiн; 3) ай сайын ағымдағы айдың бесiншi жұмыс күнi алматы уақытымен 16.00-ден кешiктiрмей өткен айдың соңғы күнтiзбелiк күнiндегi жағдай бойынша осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында белгiленген есептi ұсынады. 5. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым уәкiлеттi органға: 1) апта сайын ағымдағы аптаның бейсенбi күнi алматы уақытымен 16.00-ден кешiктiрмей өткен аптаның сейсенбiсiнен бастап ағымдағы аптаның дүйсенбiсiн қоса алғандағы кезең үшiн мынадай есептердi: осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiнiң соңындағы жағдай бойынша меншiктi активтердiң құрылымы туралы есеп; осы Ереженiң 6-қосымшасына сәйкес есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiнiң соңындағы жағдай бойынша бухгалтерлiк баланс; осы Ереженiң 7-қосымшасына сәйкес есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiнiң соңындағы жағдай бойынша кiрiстер және шығыстар туралы есеп; 2) ай сайын ағымдағы айдың бесiншi жұмыс күнi алматы уақытымен 16.00-ден кешiктiрмей өткен айдың соңғы күнтiзбелiк күнiнiң соңындағы жағдай бойынша мынадай есептердi: осы Ереженiң 6-қосымшасына сәйкес бухгалтерлiк балансты; осы Ереженiң 7-қосымшасына сәйкес кiрiстер және шығыстар туралы есептi; 3) жыл сайын есептi жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейiнгi кезең үшiн ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде: осы Ереженiң 6-қосымшасына сәйкес бухгалтерлiк балансты; осы Ереженiң 7-қосымшасына сәйкес кiрiстер және шығыстар туралы есептi; осы Ереженiң 8-қосымшасына сәйкес ақша қозғалысы туралы есептi; осы Ереженiң 9-қосымшасына сәйкес меншiк капиталындағы өзгерiстер туралы есептi; қаржылық есепке түсiндiрме жазбаны; есептi жылдың қаржылық есебiне жүргiзiлген аудит нәтижелерi бойынша аудиторлық есептi ұсынады. 6. Есеп қағазға жасалады және ерiктi нысанда жазылып, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның басшысы қол қойған iлеспе хатпен бiрге жiберiледi. 7. Есептiң барлық парақтары номерленедi, уәкiлеттi органға жiберiлген кезде парақтың жалпы саны iлеспе хатта көрсетiледi. 8. Түзетiлгенi және өшiрiлгенi бар есеп зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаға қайтаруға жатады. 9. Ұсынылып отырған есепке өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзiлген жағдайда зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға уәкiлеттi органға өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу қажет болған себебiн түсiндiре отырып, есептiң түзетiлген нұсқасын бередi. 10. Уәкiлеттi орган есептi қараған кезде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғадан есепте көрсетiлген ақпараттарды тексеру үшiн қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы. 11. Есепті уақытылы бермегені, есеп бермегені немесе есепте шынайы емес мәліметтер бергені үшін зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға және оның лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесіне 1-қосымша Зейнетақы активтерінің құны туралы Анықтама __________________ бастап _______________ дейінгі кезең үшін [жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы, ілік септігінде}[зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қысқартылған атауы, ілік септігінде} немесе [зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы, ілік септігінде}
мөрдiң орны Орындаушы [қолы, телефон номерi] Зейнетақы активтерiнiң құны туралы анықтаманы толтыру тәртiбi Зейнетақы активтерiнiң құны туралы анықтамадағы барлық сома үтiрден кейiн үш таңбамен мың теңгеде көрсетiледi. 4, 10, 12, 21 және 22 жолдарда деректер көрсетiлген жолдарға сәйкес сома және/немесе айырмашылық бойынша көрсетiледi. 7 және 10 жолдарда Ереженiң 3-қосымшасының деректерiне сәйкес мәлiметтер көрсетiледi. 8-жолда нақты жұмсалған шығындар бойынша бағаланатын қаржы құралдары бойынша мәлiметтер көрсетiледi. Мәмiле (қаржы құралдарын сатып алумен тiкелей байланысты) жасалған кезде жатқызылған шығындар, оның iшiнде агенттерге, консультанттарға, брокер-дилерлерге төленген сыйақы және комиссиялық сыйақы, қор биржаларының алымдары, сондай-ақ аударымдар бойынша банктiк шығыстар осы қаржы құралдарының құнына кiргiзiледi. Қаржы құралдарының сол күнгi құнына сонымен қатар сатып алу сәтiне дейiнгi кезеңге есептелген сыйақы кiредi (мұндай болған кезде). 9-жолда нақты сату құны бойынша сатылған немесе өтелген қаржы құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi. "Басқа да кiрiстер (шығындар)" деген 11.4-жолды толтырған кезде зейнетақы активтерiнiң құны туралы анықтамаға алынған кiрiстердiң тiзбесi және зейнетақы активтерiнiң құнына енгiзiлген келтiрiлген шығындар туралы мәлiметтер қоса берiледi. 13-жолда зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құны мен есептi кезеңнiң басындағы және аяғындағы құны арасындағы айырмашылық көрсетiледi. 14 және 16-жолдарда жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы сомасы көрсетiледi. 15 және 17-жолдарда комиссиялық сыйақы бойынша берешек қалдығы есептi кезең аяғындағы деректердi ескере отырып, өсу жиынтығымен есепке алынады. 18-жолда: "төлемдер" деген жолда жинақталған зейнетақы қаражаттарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына, сақтандыру ұйымдарына аударым сомалары, алушыларға және басқа тұлғаларға төленген сомалар, зейнетақы төлемдерiнен табыс салығы сомасы көрсетiледi; "басқалар" деген жолды толтырған кезде зейнетақы активтерiнiң құны туралы анықтамаға зейнетақы активтерiнiң құнына енгiзiлген мiндеттемелер тiзбесi қоса берiледi. 23-жолда зейнетақы активтерiнiң есептi кезеңнiң басындағы және аяғындағы құндары арасындағы айырмашылық көрсетiледi. 24-жолда есептi күнгi, зейнетақы активтерiнiң құны туралы анықтамада пайдаланылған валюта айырбастаудың рыноктық бағамы әр валюта бойынша бөлек көрсетiледi (валюта кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгiлеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктемесiне сәйкес көрсетiледi). Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесіне 2-қосымша Зейнетақы активтерінің құрылымы туралы Есеп [күні, айы, жылы форматымен] жағдай бойынша [Жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы, ілік септігінде] [зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қысқартылған атауы, ілік септігінде} немесе [зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы, ілік септігінде} 1-нысан. Зейнетақы Активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздар
алынған бағалы қағаздар
екінші деңгейдегі банктердегі салымдар
мөрдiң орны Орындаушы [қолы, телефон номерi] Зейнетақы активтерiнiң құрылымы туралы есептi толтыру тәртiбi 1-нысан. 1-бағанда эмитенттiң атауы және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда алаңдарында сауда-саттыққа жiберiлген бағалы қағаздардың түрлерi көрсетiледi. Мәмiле халықаралық рынокта жасалған жағдайда сауда кодтары REUTER жiктемесi бойынша пайдаланылады. 6 және 8-бағандарында валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгiлеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктемесiне сәйкес көрсетiледi. 8-бағанда деректер көрсетiлген бағандарға сәйкес сома бойынша көрсетiледi. 9 және 10-бағандарында мәмiле жасалғанын растайтын бастапқы құжаттарда (биржалық куәлiк, брокер-дилердiң есебi, Дүниежүзiлiк банкаралық қаржылық телекоммуникациялар қоғамдастығы жүйесi бойынша алынған растау (бұдан әрi - S.W.I.F.T. жүйесi) көрсетiлген баға үтiрден кейiнгi төрт таңбаға дейiнгi дәлдiкпен көрсетiледi. Сатып алынған бағалы қағаздарға шетел валютасымен ақы төлеген жағдайда 9-баған толтырылады, 10-бағанда осы сома мәмiле жасау күнгi қалыптасқан валюта айырбастаудың рыноктық бағамы бойынша көрсетiледi. Сатып алынған бағалы қағаздарға ұлттық валютамен ақы төлеген жағдайда 10-баған толтырылады, 9-баған толтырылмайды. 11-бағанда сатып алуға тiкелей байланысты шығыстарды қоса алғанда, агенттерге, консультанттарға, брокер-дилерлерге төленген сыйақылар мен комиссияларды, қор биржалары алымдарын қоса алғанда, сондай-ақ қаражат аударымы бойынша банктiң қызмет көрсетулер және сатып алушы сатушыға төлеген процент көлемiне азайтылған (мұндай болған жағдайда) қаржы құралдарының сатып алу құны көрсетiледi. Бұл сома үтiрден кейiн төрт таңбаға дейiн көрсетiледi. 12-15-бағандарда сома үтiрден кейiн екi таңбаға дейiнгi дәлдiкпен көрсетiледi. 14-бағанда өткен есептi күннiң аяғындағы сома көрсетiледi. 15-бағанда ағымдағы есептi күннiң аяғындағы сома көрсетiледi. 11, 13-15-бағандардағы "барлық ұзақ мерзiмдi бағалы қағаздар" деген жолдарда есептi күннен бастап өтеу сәтiне дейiнгi кезеңi бiр жылдан астам болатын бағалы қағаздар бойынша сома көрсетiледi. 11, 13-15-бағандардағы "барлық қысқа мерзiмдi бағалы қағаздар" деген жолдарда есептi күннен бастап өтеу сәтiне дейiнгi кезеңi бiр жылға тең немесе бiр жылдан аз болатын бағалы қағаздар бойынша сома көрсетiледi. 2-нысан. 1-бағанда бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда алаңдарында сауда-саттыққа жiберiлген бағалы қағаздардың сауда кодтары көрсетiледi. Мәмiле халықаралық рынокта жасалған жағдайда сауда кодтары REUTER жiктемесi бойынша пайдаланылады. 6 және 7-бағандарда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгiлеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктемесiне сәйкес көрсетiледi. 8-бағанда деректер көрсетiлген бағандарға сәйкес сома бойынша көрсетiледi. 8 және 9-бағандарда керi "репо" операциясының жүзеге асырылғанын растайтын бастапқы құжатта көрсетiлген баға, үтiрден кейiнгi төрт таңбаға дейiнгi дәлдiкпен көрсетiледi. Сатып алынған бағалы қағаздарға шетел валютасымен ақы төлеген жағдайда 8 және 10-бағандар толтырылады, 9 және 11-бағандарда осы сома мәмiле жасау күнгi қалыптасқан валюта айырбастаудың рыноктық бағамы бойынша көрсетiледi. Сатып алынған бағалы қағаздарға ұлттық валютамен ақы төлеген жағдайда 9 және 11-бағандар толтырылады, 8 және 10-бағандар толтырылмайды. 12, 13, 15 және 16-бағандарда сома үтiрден кейiн екi таңбаға дейiнгi дәлдiкпен көрсетiледi. 12 және 13-бағандарда тиiсiнше 10,8 және 11,9-бағандардың айырмашылығына сәйкес деректер көрсетiледi. 3, 12, 13, 15, 16-бағандардағы "жиынтығы" деген жолда бағалы қағаздардың әрбiр түрi және эмитент бойынша жиынтық сома көрсетiледi. 3-нысан. 2, 3-бағандарда валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгiлеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктемесiне сәйкес көрсетiледi. 4 және 5-бағандарда зейнетақы активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi (екiншi деңгейдегi банктегi) салымдарға орналастыру сомасы үтiрден кейiн екі таңбаға дейiнгi дәлдiкпен көрсетiледi. Зейнетақы активтерi шетел валютасымен салымдарға орналастырылған жағдайда 4 және 6-бағандар толтырылады, 5-бағанда бұл сома мәмiле жасалған күнгi қалыптасқан валюта айырбастаудың рыноктық бағамы бойынша көрсетiледi, 7-бағанда есептелген сыйақы сомасы есептi күнгi қалыптасқан валюта айырбастаудың рыноктық бағамы бойынша көрсетiледi. Зейнетақы активтерi ұлттық валютамен салымдарға орналастырылған жағдайда 5 және 7-бағандар толтырылады, 4 және 6-бағандар толтырылмайды. 8-бағанда сома үтiрден кейiнгi екi таңбаға дейiнгi дәлдiкпен көрсетiледi. 8-бағанда деректер 5 және 7-бағандардың сомасына сәйкес көрсетiледi. 12-бағанда жинақталған сыйақы төлеу күнi (кезеңдiлiгi) банктiк салым шартының талаптарына сәйкес көрсетiледi. 4-8-бағандардағы "жиынтығы" деген бағанда салым сомасы әрбiр банк бойынша және салымның әр валютасы бойынша бөлек көрсетiледi. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |