|
|
|
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар; 3) Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның мүлiктi басқару жөнiндегi функциялары және өкiлеттiктерi Агенттiкке берiле отырып таратылсын. 3. Агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Агенттiкке берiлетiн штат саны шегiнде республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 4. Агенттiк төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат етiлсiн. 5. Комитеттiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта аталсын. 6. Агенттiк, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне 2003 жылға бөлiнген бюджет қаражатын қайта бөлуді қамтамасыз етсiн. 7. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |