|
|
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N 1262 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1134 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығын қамтамасыз ету, тиімділігі мен айқындылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің "Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына: көрсетілген қаулыға 642-қосымшада: 6-тармақтың 5-бағаны (Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар) "басылымы" деген сөзден кейін "2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қарашаға дейін уақыт кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын, "10 000 экземпляр" деген сөздерден кейін "2003 жылғы қарашада, желтоқсанда 30 000 экземпляр" деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулыға 645-қосымшада: 4-тармақтағы "енгізу" деген сөзден кейін "Электрондық коммерция орталығы" РМҚК құру" деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақтың 5-бағаны (Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар) мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын; "4." Электрондық коммерция орталығы" РМҚК құру және оның қызметін қамтамасыз ету"; 2) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік 531-нөмірі жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі 531 "Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы"; 3) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі N 1031 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 334-құжат): мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: "5-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің қарауында "Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бар.". 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |