|
|
|
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 30 қаңтардағы N 112 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29., 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмiнде реттiк нөмiрi 470-156-жол мынадай редакцияда жазылсын: "470-156. "Балдәурен" республикалық оқу- сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Щучинск қаласы"; 2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 157-7-жол мынадай редакцияда жазылсын: "157-7. "Балдәурен оқу-сауықтыру орталығы". 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Pecпубликасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |