|
|
|
Екінші деңгейдегі банктердің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2004 ж. 24 қаңтардағы N 10, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 ж. 24 қаңтардағы N 29 бірлескен қаулысы Осы редакция ҚР ҰБ Басқармасының 12.04.04 ж. N 56, ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау ж/гі агенттігінің 12.04.04 ж. N 117 бірлескен қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54 және 55-баптарына, "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі қаулы етеді: 1. Еншілес ұйымы жоқ екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі банктер) Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) жыл сайын аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті ұсынатын болсын. Еншілес ұйымы бар банктер Агенттікке шоғырландырылмаған және аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті ұсынатын болсын. 2. Жылдық қаржылық есеп мыналарды қамтиды: 1) 1-нысан бойынша жасалған, осы бірлескен қаулының 1-қосымшасында белгіленген шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) бухгалтерлік баланс; 2) 2-нысан бойынша жасалған, осы бірлескен қаулының 2-қосымшасында белгіленген кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) есеп; 3) 3-нысан бойынша жасалған, осы бірлескен қаулының 3-қосымшасында белгіленген ақша қозғалысы туралы шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) есеп; 4) 4-нысан бойынша жасалған, осы бірлескен қаулының 4-қосымшасында белгіленген, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) есеп; 5) шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазба. Банктер жылдық қаржылық есепті және оған қоса берілген аудиторлық қорытындыны 1 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынады. 3. Банктер: 1) шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепті Агенттікке электрондық және қағазға шығарылған түрде ұсынуды қамтамасыз ететін болсын; 2) еншілес ұйымдардың шоғырландырылған негізде жасалған жылдық қаржылық есебінің тиісті нысандарын ұсынсын; 3) 1 мамырға дейінгі мерзімде аудиторлық ұйым растаған бухгалтерлік балансты және кірістер мен шығыстар туралы есепті, ал еншілес ұйымдары бар банктер аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылған бухгалтерлік баланс нысандарын және кірістер мен шығыстар туралы есепті жариялайтын болсын; 4) 15 мамырға дейінгі мерзімде Агенттікке осы тармақтың 3) тармақшасының орындалуы туралы мәліметті ұсынсын. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Агенттікке жіберсін. 5. Агенттіктің Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.): 1) осы бірлескен қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он бес күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және Банктерге жіберсін; 2) осы бірлескен қаулы күшіне енген күнінен бастап Банктердің шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есебін осы бірлескен қаулыға сәйкес жинауды, өңдеуді және жинақтауды қамтамасыз етсін. 6. Осы бірлескен қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы бірлескен қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын. 8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға (4 және 7-тармақтар бойынша) және Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға (5-тармақ бойынша) жүктелсін. Ұлттық Банк Төрағасының
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі
"Екінші деңгейдегі банктердің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 10 және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы 1-қосымша N 1 нысан ________________________________ (банктің атауы) 200_ жылғы ________________ жағдай бойынша Бухгалтерлік балансы мың теңгемен
2-бағанда қаржылық есептің түсіндірме жазбасында көрсетілген баптар бойынша ескертулердің нөмірлері көрсетіледі "Азшылық үлесі" бабы шоғырландырылған қаржылық есеп жасау кезінде толтырылады Бірінші басшы ______________________ күні ___________ Бас бухгалтер ______________________ күні ___________ Орындаушы __________________ Мөрге арналған орын "Екінші деңгейдегі банктердің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 10 және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы 2-қосымша N 2 нысан 200_ жылғы "____" __________ жағдай бойынша _______________________________________ кірістер мен шығыстар туралы есеп мың теңгемен
2-бағанда қаржылық есептің түсіндірме жазбасында көрсетілген баптар бойынша ескертулердің нөмірлері көрсетіледі "Азшылық үлесі" бабы шоғырландырылған қаржылық есеп жасау кезінде толтырылады Бірінші басшы ______________________ күні ______________ Бас бухгалтер ______________________ күні ______________ Орындаушы __________________ Мөрге арналған орын "Екінші деңгейдегі банктердің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 10 және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы 3-қосымша N 3 нысан 200_ жылғы "____" __________ жағдай бойынша _______________________________________ (банктің атауы) Ақша қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс) мың теңгемен
2-бағанда қаржылық есептің түсіндірме жазбасында көрсетілген баптар бойынша ескертулердің номері көрсетіледі "Азшылық үлесінің көбеюі (азаюы)" бабы шоғырландырылған қаржылық есепті жасау кезінде толтырылады Бірінші басшы ______________________ күні ______________ Бас бухгалтер ______________________ күні ______________ Орындаушы __________________ Мөрдің орны "Екінші деңгейдегі банктердің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 10 және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы 4-қосымша N 4 нысан Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп ___________________________________________ (банктің атауы) 200_ жылғы ________________ жағдай бойынша мың теңгемен
Бірінші басшы ______________________ күні ______________ Бас бухгалтер ______________________ күні ______________ Орындаушы __________________ Мөрдің орны
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |