|
|
|
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қазандағы N 1014 қаулысы Осы редакция 2005 ж. 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi Комиссия) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi іс-шаралар жоспарын Комиссияның қарауына ұсынсын және оны бiр ай мерзiмде белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi он күн мерзiмде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегі тиiстi өңiрлiк комиссияларды құрсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қазандағы N 1014 қаулысына қосымша 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамы Әйтiмова - Қазақстан Республикасы Бiрғаным Сарықызы Премьер-Министрiнiң орынбасары, төрайым Алтынбаев - Қазақстан Республикасының Қорғаныс Мұхтар Қапашұлы министрi, төрайымның орынбасары Тимошенков - Қазақстан Республикасының Қорғаныс Виктор Аркадьевич министрлiгi Штабтар бастықтары комитетiнiң Тәрбие және психологиялық жұмыстар департаментi бастығының орынбасары, хатшы Сағдиев - Қазақстан Республикасы Ардагерлер Мақтай Рамазанұлы ұйымы орталық кеңесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша) Комиссия мүшелерi: Әкiмбеков - Қазақстан Республикасы Назымбек Қыздарбекұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Қорғаныс және құқықтық тәртiп бөлiмiнiң меңгерушiсi Өтеулина - Қазақстан Республикасы Хафиза Мұхтарқызы Премьер-Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi Дүтбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Нартай Нұртайұлы қауiпсiздiк комитетiнің төрағасы (келiсiм бойынша) Тоқаев - Қазақстан Республикасының Қасымжомарт Кемелұлы Сыртқы iстер министрi Тұрысбеков - Қазақстан Республикасының Зауытбек Қауысбекұлы Iшкi iстер министрi Досаев - Қазақстан Республикасының Ерболат Асқарбекұлы Денсаулық сақтау министрi Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының Әдiлбек Рыскелдiұлы Индустрия және сауда министрi Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет, Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi Құлекеев - Қазақстан Республикасының Жақсыбек Әбдiрахметұлы Бiлiм және ғылым министрi Қарағұсова - Қазақстан Республикасының Еңбек және Гүлжан Жанпейiсқызы халықты әлеуметтiк қорғау министрi Дунаев - Қазақстан Республикасының Арман Ғалиасқарұлы Қаржы министрi Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономика Қайрат Нематұлы және бюджеттік жоспарлау министрi Әбдiрахымов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ғабидолла Рахматоллаұлы қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы (келiсiм бойынша) Есенбаев - Ақмола облысының әкiмi Мәжит Төлеубекұлы Сағындықов - Ақтөбе облысының әкiмi Елеусiн Наурызбайұлы Құлмаханов Шалбай - Алматы облысының әкiмi Мусин - Атырау облысының әкiмi Аслан Есполлаұлы Абайдiлдин - Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Талғатбек Жәмшітұлы Жексембин - Жамбыл облысының әкiмi Бөрiбай Биқожаұлы Әшімов - Батыс Қазақстан облысының әкiмi Нұрғали Сәдуақасұлы Мұхаметжанов - Қарағанды облысының әкiмi Камалтин Ескендiрұлы Кулагин - Қостанай облысының әкiмi Сергей Витальевич Адырбеков - Қызылорда облысының әкiмi Икрам Адырбекұлы Палымбетов - Маңғыстау облысының әкiмi Болат Әбiлқасымұлы Нұрпейiсов - Павлодар облысының әкiмi Қайрат Айтмұхамбетұлы Мансұров - Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Тайыр Аймұхаметұлы Жылқышиев - Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Болат Әбжаппарұлы Шүкеев - Астана қаласының әкiмi Өмiрзақ Естайұлы Храпунов - Алматы қаласының әкiмi Виктор Вячеславович
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |