|
|
|
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1272 қаулысы Осы редакция 2005 ж. 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын (бұдан әрi - Конституцияның 10 жылдығы) мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi комиссия құрылсын. 2. Қоса берiліп отырған Конституцияның 10 жылдығын мерекелеудiң іс-шаралар жоспары бекiтiлсiн. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi: Конституцияның 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөнiнде тиiстi аумақтық комиссиялар құрсын; Конституцияның 10 жылдығын мерекелеудiң тиiстi аумақтық iс-шаралар жоспарларын бекiтсiн. 4. 2005 жылы iс-шараларды қаржыландыру тиiстi бюджеттiк бағдарламалар мен кiші бағдарламалар шеңберiнде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделетін қаражат шегінде жүзеге асырылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1272 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамы Poгoв - Қазақстан Республикасы Конституциялық Игорь Иванович кеңесiнiң төрағасы, төраға (келiсiм бойынша) Бәйгелдi Өмiрбек - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары (келiсiм бойынша) Дьяченко - Қазақстан Республикасы Парламентінiң Сергей Александрович Мәжiлiсi Төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары (келiсiм бойынша) Комиссия мүшелері: Абайдiлдин - Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Талғатбек Жәмшитұлы Адырбеков - Қызылорда облысының әкімі Икрам Адырбекұлы Әшiмов - Батыс Қазақстан облысының әкiмi Нұрғали Сәдуақасұлы Жақсыбeкoв - Қазақстан Республикасының Әдiлбек Рыскелдiұлы Индустрия және сауда министрi Дүтбаев - Қазақстан Республикасы Нартай Нұртайұлы Ұлттық қауіпсiздiк комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша) Дунаев - Қазақстан Республикасының Арман Ғалиасқарұлы Қаржы министрi Есенбаев - Ақмола облысының әкiмi Мәжит Төлеубекұлы Жексембин - Жамбыл облысының әкiмi Бөрiбай Биқожаұлы Жұмабаев - Қазақстан Республикасының Парламентi Ермек Жиеншеұлы Сенатының Заңдар және құқықтық реформа жөнiндегi комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша) Жұмабеков - Қазақстан Республикасының Әдiлет Оңалсын Исламұлы министрi Жылқышиев - Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Болат Әбжаппарұлы Қарағұсова - Қазақстан Республикасының Гүлжан Жанпейiсқызы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Кәрiмов - Қазақстан Республикасының Парламентi Мұрат Әбдулхайұлы Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша) Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрi Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет, Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi Құлекеев - Қазақстан Республикасының Жақсыбек Әбдiрахметұлы Бiлiм және ғылым министрi Кулагин - Қостанай облысының әкiмi Сергей Витальевич Құлмаханов - Алматы облысының әкiмi Шалбай Мәми - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Қайрат Әбдiразақұлы Сотының төрағасы (келiсiм бойынша) Maнcұpoв - Солтүстік Қазақстан облысының әкiмi Taйыp Айтмұхаметұлы Мусин - Атырау облысының әкiмi Аслан Есболайұлы Мұхамеджанов - Қарағанды облысының әкiмi Камалтин Ескендiрұлы Нағманов - Қазақстан Республикасының Қажымұрат Ыбырайұлы Көлiк және коммуникация министрi Нұрпейiсов - Павлодар облысының әкiмi Қайрат Айтмұхамбетұлы Палымбетов - Маңғыстау облысының әкiмi Болат Әбiлқасымұлы Сағындықов - Ақтөбе облысының әкiмi Елеусiн Наурызбайұлы Тоқаев - Қазақстан Республикасының Қасымжомарт Кемелұлы Сыртқы iстер министрi Тұрысбеков - Қазақстан Республикасының Зауытбек Қауысбекұлы Iшкi iстер министрi Түсiпбеков - Қазақстан Республикасының Рашид Төлеутайұлы Бас прокуроры (келiсiм бойынша) Храпунов - Алматы қаласының әкiмi Виктор Вячеславович Шөкеев - Астана қаласының әкiмi Өмiрзақ Естайұлы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1272 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеу іс-шараларының жоспары
Қолданылған қысқартулар: МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі CIM - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгі Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі БҒМ - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |