|
|
|
Мемлекеттiк статистика туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы N 98-1 Заңы (ҚР 30.01.01 ж. N 154-II; 15.01.02 ж. N 280-II; 09.08.02 ж. N 346-II;21.12.04 ж. N 14-III Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар) 2-тарау. Мемлекеттік статистиканы ұйымдастыру (7 - 9-1 баптар) 3-тарау. Мемлекеттік органдардың статистика (10 - 14 баптар) саласындағы құқықтары мен міндеттері 4-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (15-бап) статистика саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық Осы Заң статистика қызметi саласындағы құқықтық қатынастарды реттейдi, уәкiлеттi органның және статистика қызметiн жүргiзушi мемлекеттік органдардың өкiлеттiгi мен мiндеттерiн айқындайды. 1 тарау. Жалпы ережелер ҚР Президентінің 30.01.01 ж. N 154-II Заңымен 1-бап өзгертілді; ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күшi жеке тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын заңды тұлғалардың-резидент еместердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне (бұдан әрi - заңды тұлғалар) қолданылады. Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық және экологиялық (бұдан әрi - әлеуметтiк-экономикалық) салаларында болып жатқан құбылыстар мен процестер туралы статистикалық деректер жинаудың, өңдеудiң және таратудың негiзгi принциптерiн айқындайды. ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 2-бап жаңа редакцияда ; ҚР 21.12.04 ж. N 14-III Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: ведомстволық статистикалық байқаулар - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүргiзетiн байқаулар; мемлекеттiк статистика - мемлекеттiк статистика органдары қалыптастыратын бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесi; мемлекеттiк статистикалық есептiлiк - жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулар, бұл орайда жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi хабарланатын мәлiметтердiң берiлуi мен дұрыстығына жауапты адамдар қол қойған есептердi мемлекеттiк статистика органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұсынады; статистикалық байқау - әлеуметтiк-экономикалық өмiрдiң құбылыстары мен процестерi туралы деректердi алдын ала әзiрленген бағдарлама бойынша тiркеу арқылы жоспарлы түрде, ғылыми ұйымдастырып жинау. Мемлекеттiк статистикалық байқаулар жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулардан тұрады; ұлттық санақ - белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша зерттелуге жататын барлық жеке және заңды тұлғаларды жалпымемлекеттiк статистикалық байқау. Уәкiлеттi орган статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс жүргiзедi; жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар - уәкiлеттi орган жүргiзетiн байқаулар; бастапқы статистикалық ақпарат - статистикалық байқау жүргiзiлген кезде мемлекеттiк статистика органдарына статистикалық мақсаттарда пайдалану үшiн табыс етiлген нақты жеке тұлға, заңды тұлға және оның құрылымдық бөлiмшесi туралы деректер; статистикалық жұмыстар жоспары - мемлекеттiк статистикалық байқаулар мен статистикалық байқауларға байланысты басқа да статистикалық жұмыстарды жүргiзудiң жылдық жоспары бар құжат; статистикалық байқау бағдарламасы - байқау жүргiзудiң мақсаты мен мiндеттерi, деректер жинау жүзеге асырылатын көрсеткiштердiң (сұрақтардың) тiзбесi, нысан, сұрақтама, сауалдама, санақ парағы, есепке алу мөрқағазы және басқа (бұдан әрi - статистикалық нысандар) түрiнде ұсынылған, оларды есептеп шығарудың әдiстемесi және статистикалық байқау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар; тарату - құпия болып табылмайтын статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың, осы ақпаратты пайдалану нысандары мен құралдарына қарамастан, оған қол жеткiзуiн қамтамасыз ету; арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқаулар - жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулар, бұл ретте бастапқы статистикалық ақпаратты жинау есептер негiзiнде емес, басқа тәсiлдермен жүзеге асырылады. Бастапқы статистикалық ақпаратты жинау тәсiлi бойынша сауалдамалық, декларациялық, корреспонденттiк және инспекциялық байқаулар, есепке алу және санақ жүргiзу болып бөлiнедi; статистикалық қызмет - қоғамдағы бұқаралық сипаты бар құбылыстардың сандық деректерiн статистикалық стандарттар негiзiнде жинауға, өңдеуге және таратуға байланысты қызмет; мемлекеттiк статистикалық байқаулардың типтерi - мемлекеттiк статистикалық есептiлiк және арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқаулар; уәкiлеттi орган - мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асыратын, өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын орталық атқарушы орган. ҚР 15.01.02 ж. N 280-II ;21.12.04 ж. N 14-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттiк саясаты Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттiк саясаты ғылыми әдiстеме және халықаралық стандарттар негiзiнде бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйенi құрылуына, жұмыс iстеуiне және жетiлдiрiлуiне бағытталған. Бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйе барлық жеке және заңды тұлғалардың республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi мен тенденцияларын сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға тиiс. Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттiк саясаты әдiснамалық тұтастық және орталықтандыру принциптерiне құрылады. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады және мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүйесiнде жетекшi орын алады. Уәкiлеттi органға қарағанда мемлекеттік органдар неғұрлым дұрыс статистикалық көрсеткіштерді әзiрлеудi қамтамасыз ететiн болған жағдайда, мемлекеттiк органдар статистикалық байқаулар өткiзедi. Ұлттық санақты және статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мемлекеттiк статистикалық байқауларды жүргiзу кезiнде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң бастапқы статистикалық ақпаратты ұсынуы мiндеттi болып табылады және өтеусiз негiзде жүзеге асырылады. Ғылымның және қоғамдық ұйымдардың мүдделi өкiлдерi алдын ала талқылағаннан кейiн статистикалық жұмыстар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 4-бап. Статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға қойылатын негiзгi талаптар Статистикалық қызмет жүргiзетiн уәкiлеттi орган мен мемлекеттік органдар: статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, дұрыстығын және жеткiлiктiлiгiн; Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестердiң және олардың даму тенденцияларының жан-жақты және дұрыс зерделенуiн, қорытындылануы мен талдануын; статистикалық ақпараттың Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген шектерде қол жететiндей және ашық болуын; қолданылатын әдiстеменiң және есептелген негiзгi көрсеткiштердiң халықаралық тәжiрибеде пайдаланылатын статистикалық стандарттармен салыстырмалығын қамтамасыз етедi. ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген және осы Заң мен соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының заң актiлерiндегiден өзге ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар арасындағы мемлекеттік статистика саласындағы өзара қарым-қатынастар екiжақты және көпжақты халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тең құқылық және өзара мүдделер принциптерiнде Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы мен басқа мемлекеттердiң статистика органдары және халықаралық ұйымдар арасында мемлекеттік тiкелей жасасылған шарттар негiзiнде айқындалады. 2 тарау. Мемлекеттік статистиканы ұйымдастыру 7-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика органдары Статистикалық қызметтi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистикасын қалыптастыратын органдар: уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi; статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүзеге асырады. ҚР 15.01.02 ж. N 280-II ;21.12.04 ж. N 14-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Уәкiлеттi орган Уәкiлеттi орган статистика саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында статистиканы жетiлдiру жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi және жүзеге асырады. Статистикалық есеп жүргiзудiң әдiснамасы мен әдiстемесi мәселелерiнде тәуелсiз болады, өзiнiң аумақтық бөлiмшелерiне басшылық жасауды жүзеге асырады, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн үйлестiредi. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Уәкiлеттi орган туралы ережеге сәйкес статистикалық жұмыстар жоспарын басшылыққа алады. Уәкiлеттi органның статистиканы ұйымдастыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк статистикалық байқауларда қамтылған жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғалар үшiн мiндеттi. Уәкiлеттi орган статистика саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында: статистикалық байқаулар бағдарламаларын бекiту негiзiнде мемлекеттік органдардың статистикалық қызметiн үйлестіреді; шет елдермен және халықаралық ұйымдармен статистика саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады, олармен мемлекеттiк статистиканы дамытуға бағытталған келiсiмдер мен шарттар жасасады; мемлекеттік статистика мәселелері жөнiнде нормативтік құқықтық актiлер шығарады. ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда 9-бап. Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм статистикалық есеп жүргiзудiң құралы болып табылады және онда статистикалық есеппен қамтылған барлық жеке және заңды тұлғалар туралы қысқаша әкiмшiлiк және экономикалық ақпарат болады. Оны жүргізудi халықаралық стандарттарға сәйкес уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар туралы тiркелiмдер мен ақпараттық деректер базаларын жасайтын және жүргiзетiн мемлекеттiк органдар мен олардың бағынысындағы ұйымдар мемлекеттiк статистика органдарына бiрыңғай Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмдi қалыптастыруға және оған көкейкестi сипат беруге қажеттi ақпаратты тегiн бередi. ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 9-1-баппен толықтырылды 9-1-бап. Елдi мекендерде әр шаруашылық бойынша есеп жүргiзу Әр шаруашылық бойынша есеп жүргiзу ауылдық жерлерде тұратын жеке тұлғаларды, сондай-ақ тұратын жерiне қарамастан жеке үй (қосалқы) шаруашылығы бар жеке тұлғаларды мемлекеттiк статистикалық байқау болып табылады. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмi әр шаруашылық бойынша кiтаптарға тiркеу жазбаларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлiнетiн қаражат есебiнен жүргiзудi ұйымдастырады. Уәкiлеттi орган әр шаруашылық бойынша есеп жүргiзудi әдiснамалық тұрғыдан басқаруды жүзеге асырады және осы есептiң деректерін тиісті статистикалық көрсеткiштер түзу үшін пайдаланады. 3 тарау. Мемлекеттік органдардың статистика саласындағы құқықтары мен міндеттері ҚР 15.01.02 ж. N 280-II ;21.12.04 ж. N 14-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді 10-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi өз өкiлеттiктерi шегiнде : статистикалық жұмыстар жоспарында белгiленген мөлшерде және мерзiмдерде заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнен шынайы мемлекеттiк статистикалық есеп-қисапты тегiн алуға; статистикалық жұмыстар жоспарын орындау және ұлттық санақ жүргiзу мақсатында статистикалық жинақтау және талдау үшiн жеке тұлғалардан олардың экономикалық және әлеуметтiк-демографиялық жай-күйi, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметi туралы дұрыс ақпарат алуға; Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ұйымдардың лауазымды адамдарын мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу iсiне тартуға; мемлекеттiк статистикалық байқаулар бағдарламаларын әзiрлеуге және бекiтуге; Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм жүргiзу үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдар қалыптастыратын жиынтық статистикалық деректердi қайталамайтын статистикалық деректердi түзу үшiн мемлекеттiк органдардан бастапқы статистикалық ақпаратты, сондай-ақ орындайтын функцияларына қарай оларда болатын басқа да ақпаратты алуға; жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды бастапқы және статистикалық есепке қою iсiн бақылауды жүзеге асыруға; мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жекелеген статистикалық жұмыстар жүргiзудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаржыландыруды жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Уәкiлеттi орган туралы ережеге сәйкес басқа да функциялар орындауға құқылы. ҚР 15.01.02 ж. N 280-II; 09.08.02 ж. N 346-II; 21.12.04 ж. N 14-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде: халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдiснама әзiрлеуге; әдiстемелiк нұсқаулықтардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мемлекеттiк жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзуге және мемлекеттiк органдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз етуге; жиынтық статистикалық ақпараттың жеке және заңды тұлғалар үшiн ашық болуын қамтамасыз етуге; прокурордың талап етуi бойынша сұратылатын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн бepyгe; қолданылып жүрген шарттар бойынша мiндеттемелерге сәйкес халықаралық ұйымдарға статистикалық ақпарат беруге, сондай-ақ шет елдермен статистикалық ақпарат алмасуға; мемлекеттiк статистика органдарына ақпарат беретiн заңды және жеке тұлғаларды статистикалық нысандар мөрқағаздарымен және оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулармен қамтамасыз етуге; республиканың және оның аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базасының жинақталуын, жүргiзiлуiн және өзектiлiгiн қамтамасыз етуге; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк статистика органдары қызметкерлерiнiң дербес жауапкершiлiгi негiзiнде мемлекеттiк және коммерциялық құпияны, бастапқы статистикалық ақпараттың жасырын болуын сақтауға; статистика саласында ғылыми-зерттеу әзiрлемелерiн ұйымдастыруға мiндеттi. ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда 12-бап. Статистикалық қызмет жүргiзетiн мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi Статистикалық қызмет жүргiзетiн мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде: ведомстволық статистикалық байқаулар жүргiзуге; ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзiрлеуге; жеке және заңды тұлғалардан статистикалық ақпарат алуға; мемлекеттiк органдардан орындайтын функцияларына қарай оларда болатын ақпаратты статистикалық деректер түзу үшiн алуға; ұйымдарда бастапқы есеп пен статистикалық есептiлiктiң жолға Статистикалық қызметтi жүргізетін мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi: уәкiлеттi органға әдiстемелiк нұсқаулықтардың орындалуы туралы мәлiметтер беруге; мемлекеттiк және коммерциялық құпияларды, бастапқы статистикалық ақпараттың құпия болуын сақтау принципiн ұстануға жүргiзiлетiн статистикалық байқаулар бағдарламалары мен әдiстемелiк әзiрлемелер жобаларын уәкiлеттi органның келiсуi мен бекiтуiне табыс етуге мiндеттi. ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; 21.12.04 ж. N 14-III Заңымен (бұр. ред. қара) 13-бап жаңа редакцияда 13-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi Жеке және заңды тұлғаларға бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығына, статистикалық жұмыстар жоспарына қол жеткiзуге болатындығына кепiлдiк берiледi. Бастапқы статистикалық ақпаратты тарату ақпаратты берген жеке және заңды тұлғалардың келiсiмiмен ғана немесе аты-жөнi көрсетiлмей жүргiзiлуi мүмкiн. Басқа мемлекеттiк органдардан алынған жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат ақпаратты ұсынған мемлекеттiк органдардың келiсiмiмен ғана таратылуға жатады. Бастапқы статистикалық ақпаратты таратудың өзге де жағдайлары: мемлекеттiк меншiк нысанындағы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар туралы ақпаратқа; Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмнен алынған құпия емес ақпаратқа қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады. ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 14-бап өзгертілді 14-бап. Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен статистиканы жетiлдiру бағдарламаларына, Статистикалық жұмыс жоспарлары мен жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық есептiлiк нысандары тiзбелерiне сәйкес мемлекеттiк статистика органдары орындайтын статистикалық жұмыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді 4 тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық ҚР 15.01.02 ж. N 280-II Заңымен 15-бап жаңа редакцияда 15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдарының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |