|
|
|
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқарамысының 2002 ж. 23 желтоқсандағы N 509 қаулысы (ҚР ҰБ Басқармасының 29.05.03 ж. N 180; 02.12.03 ж. N 417 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 180 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. 3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компанияларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін. 5. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1094 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 27 наурыз-9 сәуірде жарияланған) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесіне өзгеріс енгізу туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 388 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1335 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 18-31 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін. Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. N 417 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Осы Нұсқаулық банк заңдарына сәйкес әзірленді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі банктік емес ұйымдардың) қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі уәкілетті орган) қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді. ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. N 417 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Есепті банк заңдарында көзделген операцияларды жүргізуге Ұлттық Банктің және/немесе уәкілетті органның берген лицензиясы бар барлық банктік емес ұйымдар береді. Осы Нұсқаулық кредиттік серіктестіктер және ипотекалық компаниялар беретін қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтерге қолданылмайды. ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. N 417 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Осы Нұсқаулықтың мақсаты банктік емес ұйымдар уәкілетті органға беретін қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтерге қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу болып табылады. 4. Банктік емес ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп жөніндегі заңдарында және осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес жасалады. 2-тарау. Есеп беру ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. N 417 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. Банктік емес ұйымдардың қаржылық есебіне: 1) бухгалтерлік баланс - N 1 нысан (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша); 2) кірістер және шығыстар туралы есеп - N 2 нысан (Почтаның ұлттық операторы үшін - осы Нұсқаулыққа 2-қосымша, банктік емес ұйымдар үшін (Почтаның ұлттық операторын қоспағанда) - осы Нұсқаулыққа 2-1-қосымша); 3) ақша қозғалысы туралы есеп - N 3 нысан (осы Нұсқаулыққа 3-қосымша) кіреді; 4) меншік капиталға өзгерістер туралы есеп - N 4 нысан (осы Нұсқаулыққа 3-1-қосымша). ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. N 417 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Банктік емес ұйымдардың қаржылық есебіне қосымша мәліметтерге: 1) берілген заемдар және қаржылық лизинг туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 4-қосымша); 5) салымдар және ағымдағы, корреспонденттік шоттар туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 8-қосымша); 6) ашылған ДЕПО шоттары туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 9-қосымша); 7) клирингтік ұйымға түскен төлемдердің жалпы көлемі туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 10-қосымша); 8) қабылданған аударымдарды орындау туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 11-қосымша); 9) инкассация қызметінің жұмысы туралы есеп (осы Нұсқаулыққа 12-қосымша) кіреді. ҚР ҰБ Басқармасының 29.05.03 ж. N 180 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. N 417 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7. Банктік емес ұйымдар (Почтаның ұлттық операторын және ломбардтарды қоспағанда) уәкілетті органға: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он сегізінен кешіктірмей N 1 нысанды және N 2 нысанды; жыл сайын, есепті жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуіріне дейін мерзімде N 1 нысанды, N 2 нысанды, N 3 нысанды, N 4 нысанды және қаржылық есепке қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - есепті), есепке түсіндірме жазбаны, есепті жылдың қаржылық есебіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есепті береді. Почтаның ұлттық операторы уәкілетті органға: ай сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей N 1 нысанды, N 2 нысанды және қаржылық есепке қосымша мәліметтерді; тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей N 1 нысанды, N 2 нысанды және қаржылық есепке қосымша мәліметтерді; жыл сайын, есепті жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуіріне дейін мерзімде N 1 нысанды, N 2 нысанды, N 3 нысанды, N 4 нысанды, қаржылық есепке қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - есепті), есепке түсіндірме жазбаны, есепті жылдың қаржылық есебіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есепті береді. Ломбардтар уәкілетті органға жыл сайын, есепті жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін: есепті жылдан кейінгі жылдың он сегізінші қаңтарына дейін мерзімде, N 1 нысанды, N 2 нысанды және қаржылық есепке қосымша мәліметтерді; есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуіріне дейін мерзімде N 1 нысанды, N 2 нысанды, N 3 нысанды, N 4 нысанды, қаржылық есепке қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - есепті), есепке түсіндірме жазбаны, есепті жылдың қаржылық есебіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есепті береді. 8. Банктік емес ұйымның қызметіне қолданылмайтын қаржылық есепке қосымша мәліметтер нысандары толтырылмайды. 9. Банктік емес ұйымдар есепті уәкілетті органға электрондық және қағаз түрінде береді. 10. Қағаз түріндегі есеп электрондық тасымалдауышпен берілген есепке сәйкес келуі тиіс. ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. N 417 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 11. Қағаз түріндегі есепке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олардың қол қою құқығы бар орынбасарлары қол қояды және банктік емес ұйымның мөрімен расталады. ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. N 417 қаулысымен 12-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) 12. алынып тасталды 13. Есептің деректері ұлттық валютамен - теңгемен көрсетіледі. 14. Есеп жасалған кезде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен көрсетіледі. Есепте бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді. 15. Түзетулері және өшірілгені бар қағаз түріндегі есепті уәкілетті орган қабылдамайды және қайтарылады. 16. Есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайларда банктік емес ұйым есеп берілген күннен бастап үш күндік мерзімде уәкілетті органға өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізу қажеттігінің себебін түсіндіре отырып жазбаша өтініш жібереді. ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. N 417 қаулысымен 17-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) 17. алынып тасталды 18. Уәкілетті орган банктік емес ұйым берген есепті онда дәлсіздіктер немесе қателер анықталған жағдайда пысықтауға қайтаруға құқылы. ҚР ҰБ Басқармасының 29.05.03 ж. N 180 қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. N 417 қаулысымен 19-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) 19. алынып тасталды 20. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде және өзінің бақылау және қадағалау функцияларын орындау мақсатында жекелеген күндерге тиісті қосымшаларымен және нысандарымен берілген есеп, сондай-ақ растау құжаттарын талап етуге құқылы. 21. Банктік емес ұйым есепті ұсынбағаны және осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көзделген есеп беру мерзімін бұзғаны, сондай-ақ толық емес және шынайы емес ақпарат бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді. 3-тарау. Қорытынды ережелер 22. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі. ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. N 417 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулыққа N 1 қосымша N 1 нысан Бухгалтерлік баланс _______________________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның толық атауы) 200____ жылғы "___" __________________ (мың теңгемен)
Бірінші басшы: _________________ күні__________________ Бас бухгалтер __________________ күні__________________ орындаушы: __________________ телефон:__________________ Мөр орны ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. N 417 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулыққа N 2 қосымша N 2 нысан Кірістер және шығыстар туралы есеп (функциялар бойынша шығыстарды жіктеу) _________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның толық атауы) 200____ жылғы "___" __________________ (мың теңгемен)
Бірінші басшы: _________________ күні__________________ Бас бухгалтер __________________ күні__________________ орындаушы: __________________ телефон:__________________ Мөр орны ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. N 417 қаулысымен 2-1-қосымшамен толықтырылды Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулыққа 2-1-қосымша N 2 нысан Кірістер және шығыстар туралы есеп (сипаты бойынша шығыстарды жіктеу) _________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның толық атауы) 200____ жылғы "___" __________________ (мың теңгемен)
Бірінші басшы: _________________ күні__________________ Бас бухгалтер __________________ күні__________________ орындаушы: __________________ телефон:__________________ Мөр орны ҚР ҰБ Басқармасының 02.12.03 ж. N 417 қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулыққа N 3 қосымша N 3 нысан Ақша қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс) _________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |