|
|
|
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы N 136-1 Заңы (ҚР 22.12.98 ж. N 328-1; 05.04.99 ж. N 364-1; 16.11.99 ж. N 482-1; 16.07.01 ж. N 244-II; 10.10.01 ж. N 247-II; 04.01.02 ж. N 278-II; 29.12.02 ж. N 369-II; 08.01.03 ж. N 378-II; 16.05.03 ж. N 416-II; 10.07.03 ж. N 483-II; 29.11.03 ж. N 500-II; 11.06.04 ж. N 562-II;13.12.04 ж. N 11-III Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды ҚР 29.12.02 ж. N 369-II Заңымен Заңға өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара) 1 Бөлім. Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi (1 - 6 баптар) 1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар) 2 Бөлім. Орталықтан зейнетақымен (7 - 21 баптар) қамсыздандыру 2-тарау. Орталықтан зейнетақы (7 - 10 баптар) төлемдерiн алу құқығы 3-тарау. Орталықтан зейнетақы тағайындауға (11 - 12 баптар) арналған еңбек стажы 4-тарау. Орталықтан төленетiн зейнетақы (13 - 14 баптар) төлемдерiн есептеу 5-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн (15 - 17 баптар) тағайындау 6-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу (18 - 21 баптар) және олардан ұстап алу тәртiбi 3 Бөлім. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан (22 - 59 баптар) зейнетақымен қамсыздандыру 7-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен (22 - 31 баптар) қамсыздандыруды ұйымдастыру 7-1-тарау. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру (31-1 - 31-5 баптар) 8-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын (32 - 45 баптар) ұйымдастыру 9-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының (46 - 48 баптар) өз капиталы 10-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебi (49 - 50 баптар) мен есеп берiп отыруы, жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы 11-тарау. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының (51 - 59 баптар) зейнетақы активтерiн басқару 4 Бөлім. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (60 - 66 баптар) және Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің әскери қызметшілерін, қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері 12-тарау. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн (60 - 66 баптар) зейнетақы төлемдерiн алу құқығы 5. Бөлім Қорытынды ережелер (67 - 69 баптар) Осы Заңның күшіне ену тәртібін қара Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi. 1 Бөлім Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi 1-тарау. Жалпы ережелер ҚР 22.12.98 ж. N 328-1; 05.04.99 ж. N 364-1 Заңдарымен 1-бап өзгертілді; ҚР 29.12.02 ж. N 369-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 16.05.03 ж. N 416-II Заңымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері; 2) осы тұлғаның аффилиирленген тұлғасы (аффилиирленген тұлға) - шешім белгілеуге және (немесе) осы тұлға қабылдайтын шешімге, соның ішінде шарт күшіне, ауызша шартты немесе өзге де мәмілені қоса алғанда, ықпал етуге тікелей және (немесе) жанама құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға (өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде осы тұлғаның қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ осы тұлғаға қатысты осындай құқыққа ие болған кез келген жеке немесе заңды тұлға. Акционерлік қоғамның лауазымды адамдары, оның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін (ашық халықтық акционерлік қоғамдар үшін бес және одан да көп процентін) иеленуші акционері міндетті түрде аффилиирленген тұлғалары деп танылады; 3) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы банк; 4) ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 5) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 6) міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы - міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға; 7) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы; 8) диверсификация - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру; 9) ерікті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы; 10) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы; 11) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы мен алушы жасасатын шарт (келісім); 12) зейнетақылық аннуитет шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді; 13) инвестициялық кіріс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша; 14) жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді; 15) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт; 16) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 17) міндетті зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен салынатын ақша; 18) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға; 19) Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдар - уәкілетті мемлекеттік органдар; 20) ресми трансферттер - бюджетке өтеусіз және қайтарылмайтын түсімдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар; 21) зейнетақы активтері - зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары; 22) зейнетақы төлемдері: Орталықтан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгіленген тәртіппен еңбек стажына бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу; жинақтаушы зейнетақы қорларынан алушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу; 23) жинақталған зейнетақы қаражаты - міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша; 24) зейнетақы - Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы; 25) баспасөз басылымы - тізбесін уәкілетті орган белгілейтін мерзімді баспасөз басылымдары; 26) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі - алушы) - Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам; 27) пруденциалдық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін экономикалық талаптар; 28) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргізу - заңды тұлға ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу; 29) жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны - жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уәкілетті органы есептен шығаратын тұтыну бағалары индексіне үйлестірілген нақты құны; 30) әлеуметтік жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код; 31) ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төлемнің мөлшері; 32) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгіленген төлемнің мөлшері; 33) міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы - салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірісіне проценттік қатынаспен көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері; 34) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 35) уәкілетті ұйым (бұдан әрі Орталық) - осы Заңның талаптарындағы міндеттерді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген заңды тұлға; 36) уәкілетті орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган. ҚР 05.04.99 ж. N 364-1 Заңымен 2-бап өзгертілді 2-бап . Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы 1. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы. 2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады. 3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. ҚР 29.12.02 ж. N 369-II Заңымен 4-бап алып тасталды (бұр. ред. қара) 4-бап. Мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу және олардың түсуiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбi ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 16.11.99 ж. N 482-1 Заңдарымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктер 1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, 1999 1 сәуірге дейін зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейінгі кезеңдерде зейнетақы төлемдері осы Заңның 13-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады. 2. Зейнеткерлiк жасына жеткен және осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес өзi зейнеткерлiк жасқа жеткенге дейiн 1998 жылғы 1-қаңтардан кейiн қалған мерзiмнiң кемiнде төрттен үшiне тең кезең iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеген азаматтарға, егер зейнетақы мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен төмен болса, тиiстi қосымша төлемдер түрiнде мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы берiледi. 3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі. 4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және/немесе оны төлеудi жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен кейiн төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi. Тағайындалған зейнетақыға осы баптың 1 және 3-тармақтарының және осы Заңның 13-бабының 4-тармағының ережелерi қолданылады. ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 29.12.02 ж. N 369-II Заңдарымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 6-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік 1. Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығы кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді. 2. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі, сондай-ақ: 1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау; 2) зейнеткерлiк активтердi инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметiн лицензиялау; 2-1) екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық қызметін лицензиялау; 3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциалдық нормативтер белгілеу; 3-1) олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттер белгілеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу; 4) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерi мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу; 5) жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау талабын белгілеу; 6) зейнетақы активтерін бір-біріне және кастодиан-банкке қатысы жағынан аффилиирленбеген тұлға болып табылмайтын банктерге депозиттерге орналастыру; 7) жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату; 9) диверсификация және зейнетақы активтерін орналастыру кезінде тәуекелді азайту жөніндегі талаптарды белгілеу; 10) жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiне шектеулер енгiзу; 11) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргiзудiң мiндеттiлiгi; 12) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi мемлекеттiк органдар алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұдайы қаржылық және статистикалық есеп берiп отыруы; 12-1) салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы жылына кемінде бір рет ақпарат беріп отыру; 13) алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорының екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бiрақ ол жылына екi реттен аспауы керек; 14) жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық көлемінде немесе ішінара ерікті сақтандыру; 15) зейнетақы активтерін сақтандыру жүйесін құру арқылы қамтамасыз етіледі. 2 Бөлім Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру 2-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы ҚР 04.01.02 ж. N 278-II Заңымен 7-бап толықтырылды 7-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы Азаматтарға осы Заңда белгiленген жағдайлар туған ретте Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығына кепiлдiк берiлген. Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге оларға еңбек сіңірген жылдары үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақыларын қайта тағайындату құқығы беріледі. ҚР 29.12.02 ж. N 369-II Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 8-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар азаматтар санаттары 1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына: 1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарына; 2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлiк жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек стажы бар адамдарға; 3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының Заңдарымен ішкі істер органдары қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне еңбек стажына бара-бар мөлшерде төленеді. 2. Жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған бiржолғы төлем Орталықтан он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi. 3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болған зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді. ҚР 29.12.02 ж. N 369-II (бұр. ред. қара); 08.01.03 Ж. N 378-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау 1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi: 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда; 1998 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, әйелдерге 56,5 жасқа толғанда; 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда; 2000 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда, әйелдерге 57,5 жасқа толғанда; 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайындалады. 2. Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес: еркектер - жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы. 3. 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс. 4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдерi толық көлемiнде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына: 1) еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 25 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан еркектерге қызметінен босатылған кезінен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі; 2) әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 20 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметінен босатылған кезінен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2) тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі. 5. Толық емес көлемдегi жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған азаматтар санаттарына олардың 1997 жылғы 1 қаңтарда нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемiнде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болмаған жағдайда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін қызметтен босатылған кезінен бастап тағайындалады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |