|
|
|
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (2001 жылғы 12 маусым N 209-II) (ҚР 21.03.02 ж. N 310-II; 21.03.02 ж. N 312-II; 23.11.02 ж. N 358-II; 08.01.03 ж. N 375-II; 13.03.03 ж. N 394-II; 16.05.03 ж. N 416-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР 2003 ж. 4 шілдедегі N 475-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы ҚР 2001 жылғы 12 маусымдағы N 210-ІІ Заңын қараңыз Бұрынғы редакцияларды қара 1. Жалпы бөлім 1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер 1-бап. Осы Кодекспен реттелетiн қатынастар Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөніндегі билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейдi. 2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңдары 1. Қазақстан Республикасының салық заңдары осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі осы Кодексте көзделмеген мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес. 3. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер осы Кодексте белгiленген тәртiпте және жағдайларда белгіленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды. 4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерiнiң арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында осы Кодекстiң нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтiн нормаларды салықтық емес заңдарға енгiзуге тыйым салынады. 5. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Салық заңдарының қолданылуы 1. Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiне қолданылады. 2. Осы Кодекске жаңа салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер белгiлеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізiлуi мүмкін. 4-бап. Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері 1. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді. 2. Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс. 5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. 6-бап. Салық салудың айқындығы принципі Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді. 7-бап. Салық салудың әдiлдiгi принципi 1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады. 2. Жеке сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады. 8-бап. Салық жүйесiнiң бiртұтастығы принципi Қазақстан Республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге қатысты бiртұтас болып табылады. 9-бап. Салық заңдарының жариялылығы принципi Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға тиiс. ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 10-тармақ өзгертілді 10-бап. Осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар 1. Салық салу мақсатында осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар: 1) қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатымен және коммерциялық емес ұйымдарға олардың жарғылық қызметiн қолдау мақсатымен өтеусiз негiзде берiлетiн мүлiк; 2) сыйақы - кредиттер үшiн; қаржы лизингi бойынша Қазақстан Республикасының қаржы лизингінің мәселелерін реттейтін заң актілеріне сәйкес сыйақы түрінде берiлген (алынған) мүлiк үшiн; салымдар (депозиттер) бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер - дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып); 3) ұтыстар - конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушiлер алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез келген түрлерi; 4) грант - мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн, мемлекеттiк органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбеге енгiзiлген шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға; шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусiз негiзде беретiн мүлiк; 5) iзгілік көмек - халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, өзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына өтеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бөлетiн мүлiк; 6) дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиiстi табыс; заңды тұлға өз қатысушылары, құрылтайшылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар; 7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу құны немесе оларды сатып алу құны арасындағы айырма; 8) борыштық бағалы қағаздар - заем қатынастарын куәландыратын қаржы құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттiк бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады; 9) қатысу үлесi - жеке және заңды тұлғалардың бiрлесiп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлiк қоғамдарды қоспағанда, мүлкiмен қатысу үлесi; 10) басқа да мiндеттi төлемдер - бюджетке белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер); 11) жеке кәсiпкер - заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға; 12) заңды тұлғаның өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшесi - орналасқан жерi бойынша стационарлық жұмыс орындарымен жабдықталған, тұлғаның заңды функцияларының бiр бөлiгiн орындайтын кез келген аумақтық оқшауланған бөлiмшесi. Жұмыс орны бiр айдан артық мерзiмге құрылса, стационарлық болып саналады; 13) бағамдық айырма (оң, терiс) - шетелдiк валютамен жасалған операциялар бойынша пайда болатын айырма. Бұл айырма бухгалтерлiк есепте ұлттық валютамен жасалған операцияны көрсету нәтижесiнде операция жасалған күн мен осы операция бойынша есеп айырысқан күн арасында пайда болады; 14) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон - эмитенттiң шығарылым шарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнынан тыс төлейтiн (төлеуге тиiс) сомасы; 15) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шетелдiк заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым осы Кодекстiң мақсаттары үшiн олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесiне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде қарастырылады; 16) есептеу әдiсi - салық есебiнің әдiсi, оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды өткiзу және мүлікті кірiске алу мақсатымен тиеп жiберу кезiнен бастап есептеледi; 17) салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер; 18) салық берешегi - бересi сомасы, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары; 19) салық төлеушi - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын тұлға; 20) салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көздерiнен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет жүктелген заңды тұлға, жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат; 21) салық режимi - осы Кодексте белгiленген салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы; 22) бересi - есептелген және мерзiмiнде төленбеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары; 23) негiзгi құралдар - қызмет ету мерзiмi бiр жылдан асатын материалдық активтер; 24) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру құны немесе сатып алу құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма; 25) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активiне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздарға опциондар, своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарийлiк қолхаттар, варранттар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады. Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта және қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкiн; 26) өткiзу - сату, айырбастау, өтеусiз беру мақсатында тауарларды тиеп жiберу, жұмыстарды орындау және қызметтер ұсыну, сондай-ақ кепiлге берiлген тауарларды кепiл ұстаушыға беру; 27) роялти - мыналар үшiн: пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін; авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар белгiлерiн немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; осыған байланысты техникалық көмек көрсету үшiн төленетiн төлем; 27-1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - қазақстандық қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген тәртіппен анықталған теңгенің шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |