|
|
|
Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келісімнiң күшiне енуiне арналған шарттарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы (ҚР Үкіметінiң 09.07.97 ж. № 1087; 06.04.98 ж. № 287; 25.01.02 ж. № 112; 27.01.03 ж. № 93;18.03.04 ж. № 336; 2005.03.06. № 557 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келісімнiң шарттарын орындау және республиканың ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының жердi суландыру және дренаж жүйелерiн дамытуына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Экономикалық нормалар мен талаптарды, ауыл шаруашылығы өндiрiстiк жүргiзу мен басқару әдiстерiн жетiлдiрудi және суармалы жерлердi пайдалануды, ақпараттық қызмет көрсетудi, сондай-ақ агротехника мен суландырудың озық тәсiлдерiне үйретудi ескере отырып, суармалы егiншiлiктiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келісім мақұлдансын. 2. ҚР Үкіметінің 2005.03.06. № 557 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасын орындау және оны iске асыру үшiн берiлген Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің займын өтеу тәртібі (ереже) 2-қосымшаға сәйкес бекітілсiн. 4. Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы жөніндегі халықаралық келісім мәртебесiне ие Займ туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес: осы Жоба шеңберiнде сырттан әкелiнген тауарлар қосымша құн салығы мен кеден бажынан босатылады; осы Жоба бойынша әкелiнетiн тауарларға, көрсетiлген қызметтерге (жұмыстарға) қосымша құны салығы нөлдiк ставка бойынша салынады; тұрақты мекемемен байланысы жоқ резидент еместiң қазақстандық қайнардан Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің займ қаражаты есебiнен түскен табысы төлем қайнарының табыс салығын босатылады деп белгiленсiн. ҚР Үкіметінiң 09.07.97 ж. № 1087 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы бюджетiнiң жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiруге арналған займдарды өтеуге жұмсаған шығыстарын түпкi займшы шаруашылықтардың өтеу шарттары мен тәжiрибесi туралы Типтiк ереже бекітілсiн. ҚР Үкіметінiң 25.01.02 ж. № 112 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Жобаны басқару және оның iске асуына жауаптылық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсiн. ҚР Үкіметінiң 06.04.98 ж. № 287; 18.03.04 ж. № 336 (бұр.ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді 7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі пен Ауыл шаруашылығы министрлігі займ қаражаттарын мақсатты пайдалануға бақылау жасауды жүзеге асырсын. ҚР Үкіметінiң 09.07.97 ж. № 1087 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ХҚҚДБ займ қаражаттарын жүзеге асыру мен қызмет ету және республикалық бюджетпен қатар қаржыландыру жөніндегі қаржы агентi болып белгiленсiн. ҚР Үкіметінiң 25.01.02 ж. № 112 қаулысымен 9-тармақпен толықтырылды 9. Облыстардың әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен жердi суландыру және дренаж жүйелерiн қайта құруға салынған инвестициялық шығындардың үлесiн республикалық бюджетке қайтару жөніндегі iшкi несие келісімiн жасасу ұсынылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына 1-қосымша ҚР Үкіметінiң 25.01.02 ж. № 112 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінiң 27.01.03 ж. № 93 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінiң 18.03.04 ж. № 336 (бұр.ред. қара) қаулыcымен 1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 2005.03.06. № 557 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына 2-қосымша Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасын жүзеге асырудың және оны iске асыруға берiлген Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің займын өтеудiң тәртібі (ережелерi) 1. Жобаның мақсаты 1. Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасының (бұдан әрi - Жоба) негiзгi мақсаты - экологиялық нормалар мен талаптарды, ауыл шаруашылық өндiрiсiн жүргiзу мен оны басқару әдiстерiн жетiлдiрудi және суармалы жерлердi пайдалануды, ақпараттық қызмет көрсетудi, сондай-ақ агротехника мен суландырудың озық тәсiлдерiне үйретудi ескере отырып, қолда бар жердi суландыру мен дренаж жүйелерiн қайта жаңғырту және жақсарту жолымен 38095 га алаңдағы суармалы жердiң тиiмдiлiгiн арттыру. 2. Жобаны жүзеге асыру үшiн 100 млн. АҚШ долларына тепе тең сомада қаражат қажет. Оның iшiнде 80 млн. АҚШ доллары Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi займының қаражаттары болып табылады, ал 20 млн. АҚШ доллары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң займды қоса қаржыландыру ретiнде қосқан үлесi болып табылады. 3. Жобадағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қатысу өлшемi 3. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің шарттарына сәйкес Жобаға қатысушыларға мынадай талаптар қойылады: қаражатты жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiруге жұмсау; Жобаға қатысу үшiн басымдық тиiмдiлiктiң экономикалық нормасын және кемiнде 12 процент құрауға тиiстi пайданың қаржылық нормасын әлеуеттi қамтамасыз ете алатын шаруашылықтарға берiледi; қатысушы шаруашылықтар инвестициялық шығындарды өтеу жөніндегі тиiстi келісімдерге қол қоюға тиiс; шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде займ қаражаттарын әлеуеттi өтеу үшiн кепiлдiк базасының болуы; жекешелендiрудi өткізу; Жобаның мақсаты қазiргi уақытта жердi суландыру ғимараттары бар алаңдарды, сондай-ақ бұрын салынған жердi суландыру ғимараттарының қазiргi уақытта пайдаланылмайтын жерлердi оңалту болуға тиiс; Жобада белгiленген учаскелерден темекi плантацияларының болмауы; суармалы алаптарда археологиялық және тарихи орындардың болмауы; Жобаны iске асыру нәтижесiнде: а) өзен суының бiр негiзгi бассейннен екiншiсiне құйылуына; б) жануарлар әлемi мен балық өсiретiн маңызды ауданға ықпал жасауға; в) лас ағынды суларды пайдалануға; г) жақын орналасқан су көздерi мен жалпы қоршаған ортаға керi әсерiн тигiзуге; Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi құптауға болмайтындай жер үстi және жер асты суларының Қазақстан Республикасының экологиялық стандартына сай келуi және олардың Жобаны жүзеге асырғанға дейiн тiркелген сапасымен салыстырғанда нашарлап кетуiне жол беруге болмайды. Жобада халықаралық Қайта құру және Даму Банкi құптауға болатындай қоршаған ортаға ықпал етудi бағалау мен мемлекеттік экологиялық бағаның оң қорытындысы болуға тиiс. ҚР Үкіметінiң 25.01.02 ж. № 112 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Шаруашылықтарда жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жөніндегі жұмыстарды жоспарлау, құнын белгiлеу және жүргiзу туралы шешiм қабылдауға шаруашылықтардың барлық мүшелерiн қатыстыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің талаптарына сәйкес келісімдi мынадай бес сатыда қамтамасыз ететiн болады: Жобаның сипаттауы алғаш рет берiлген бастапқы сатыда; Жобаның егжей-тегжейiн және мүмкiн болатын шығыстарды талқылау сатысында; Жобаның түпкiлiктi құрылымын бекіту сатысы; құрылыс жұмыстары бойынша контракт жасау сатысы; шаруашылықтарға оларды беру алдындағы құрылыс жұмыстарын аяқтау сатысы. Ескерту: 1. "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 Заң күшi бар Жарлығы негiзiнде Жобаға қатысушы шаруашылықтардың мүшелерi, өз үлесiмен, олардың құрамынан шығуға құқығы бар. 2. Бұл құқықты жүзеге асыру рәсiмi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен қатысушы шаруашылықтар арасында жасалатын Келісімде айтылып, нақтыланатын болады. 4. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің займын өтеу Займды Қазақстан Республикасы бюджетiнен өтеудiң кестесi мен мерзiм ұзақтығы 5. Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің ставкасы бойынша төленетiн негiзгi қарыз, проценттер, қосалқы төлемдер Қазақстан Республикасы бюджетiнен займ туралы келісім күшiне енген күннен бастап 20 жыл iшiнде, кейiннен Қазақстан Республикасының бюджетiне келтiрiлген шығыстарды Жобаға қатысушы шаруашылықтар өтей отырып проценттiк ставкалар - бесiншi және негiзгi қарыз - алтыншы жылдан бастап - төленедi. 6. Займ туралы келісімнiң шарттарына сәйкес оның негiзгi төлеушiлерi: займ қаражатынан қаржыландырылатын тауар, жұмыс және қызмет алушы шаруашылықтар; iшкi рынокта тауар айналымының көбеюi есебiнен және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн экспорттау арқылы, сондай-ақ жергiлiктi салықтар мен алымдардың өсуiнен пайда көретiн жергiлiктi бюджеттер. Займды өтеуге тараптардың үлестiк қатысуы 7. Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің шарттарына сәйкес кредиттi қайтару жөніндегі тараптардың үлестiк қатысуы: түпкi займшы шаруашылық - 70 процент; жергiлiктi бюджет - 10 процент; Жоба құнының 20 процентi өтеуге жатпайды және Займ туралы келісім шарттарына сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Займды қайтаруға Қазақстан Республикасының бюджетi шеккен шығыстарды өтеу тәртібі 8. Қазақстан Республикасының бюджетi алдындағы берешегiн өтеудiң жалпы мерзiмi түпкi займшы шаруашылықтар мен тиiстi жергiлiктi бюджеттер үшiн 30 жылға дейiн деп белгiленедi. ҚР Үкіметінiң 09.07.97 ж. № 1087 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда 9. Мемлекеттік Экспорт-импорт банк пен түпкi займшы шаруашылықтар арасындағы проценттiк ставка екiжақты келісімде айқындалуға тиiс, сондай-ақ қайтарым кепiлдiгi, мiндеттi кепiлдiк және өтем кестесi белгiленедi. ҚР Үкіметінiң 25.01.02 ж. № 112 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді 10. Берешектi өтеу кезеңiнiң басында Қазақстан Республикасының бюджетiне қайтарылатын жалпы сома сол түпкi займшы шаруашылықтың жерлерiнде жердi суландыру дренаж жүйелерiн жетiлдiруге салынған Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi займы мен бiрлесiп қаржыландыру қаражатының 80 процентi (түпкi займшы шаруашылықтар - 70 процентi және жергiлiктi бюджеттер 10 процентi) мөлшерiнде қосымша құн салығы есепке алынбайбелгiленедi. Қазақстан Республикасының бюджетiне төлемдер инвестициялау басталғаннан бесiншi жылдан бастап төленедi. Берешектi өтеу сомасы мен мерзiмiн Ауыл шаруашылығы министрлігінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әрбiр жобаны жеке-жеке бекiтедi. 11. Форс-мажорлық жағдайлар туа қалғанда шаруашылықтардың займ қайтару мерзiмi кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы бюджетiнiң жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiруге арналған займдарды қайтаруға жұмсаған шығыстарын төлеушi шаруашылықтардың өтеу тәртібі мен шарттары туралы Үлгi ереже ҚР Үкіметінiң 09.07.97 ж. № 1087 қаулысымен өзгерістер енгізілді 1. Жалпы ережелер 1. Осы Үлгi ереже Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi мен басқа да шетел инвесторларының жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру үшiн берген займын қайтаруға Қазақстан Республикасының бюджетi жұмсаған шығыстарды түпкi займшы шаруашылықтардың өтеу тәртібі мен ережелерiн айқындайды. 2. Қазақстан Республикасының бюджетi мен түпкi займшы шаруашылықтар арасындағы өзара қарым-қатынас негiзгi шарттар мен екi жақтың мiндеттерi, жыл сайынғы өтеу сомасы, келісімнiң шарттары орындалмаған жағдайда салынатын айыптар көрсетiлген екiжақты келісімдермен белгiленедi. 3. Түпкi займшы шаруашылықтардың пайдалануындағы жердiң шекарасы шегiнде негiзгi төлеушiлер жерлерiнде жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жұмыстары атқарылған өндiрiстiк бөлiмшелер (бригадалар, жалгерлер ұжымы, шаруа қожалықтары және басқалар) болып табылады. 4. Қазақстан Республикасы бюджетiнiң Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi мен басқа да шетел инвесторларының жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру үшiн бөлген займдарын қайтаруға жұмсаған шығыстарын өтеу нормасын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінiң ұсынуымен әрбiр жоба бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жеке-жеке бекiтедi. Осы нормалардың негiзiнде iшкi шаруашылық жердi суландырудың гектарлық тарифi тағайындалады. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қаржы агентiмен келісімдерi бар түпкi займшы шаруашылықтар Қазақстан Республикасының бюджетi алдындағы берешектерiн өтеу нормалары мен мерзiмдерiне сәйкес белгiленген iшкi шаруашылықтық жердi суландырудың гектарлық тарифi бойынша арнайы шотқа төлем жасайды. 6. Қазақстан Республикасының бюджетiне түпкiлiктi төлемдi түпкi займшы шаруашылықтар немесе олардың орнын ауыстыратын тауар өндiрушiлер-су пайдаланушылардың басқа да құрылымдарының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өкiлдiк берген органдармен келісім негiзiнде әр жылдың 20 желтоқсанына дейiн өтейдi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |