Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 1997 жылғы 18 шілдедегі № 10 қаулысы (2020.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Сотының 2008.22.12 № 7 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша: «209», «250» деген цифрлар тиісінше «234» және «286» деген цифрлармен ауыстырылды, «ҚК-тің» деген сөздер «ҚК-нің» деген сөздермен ауыстырылды, «кеден одағының» деген сөз тиісінше «Еуразиялық экономикалық одақтың», «Еуразиялық экономикалық одаққа» деген сөзбен ауыстырылды, «рәсімдеуді» деген сөз «декларациялауды» деген сөзбен ауыстырылды, «қылмыстар», «қылмыстардың» деген сөздер тиісінше «қылмыстық құқық бұзушылықтар», «қылмыстық құқық бұзушылықтардың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Сотының 2008.22.12 № 7 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қылмыстық жаза қолданылатын контрабанда жөніндегі заңды дұрыс және бiрегей қолдану мақсатында Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қаулы етедi: ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 30.04.99 ж. № 3 қаулысымен; 18.06.04 ж. № 3 Нормативтік қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.22.12 № 7 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.21.04. № 1 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Тауарларды немесе басқа құндылықтар мен заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз алып өту Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 234-бабында жауапкершілік көзделген экономикалық контрабанда болып саналады. Айналымнан алынған нәрселерді немесе айналымы шектеулі нәрселерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өту ҚК-нің 286-бабында жауапкершілік көзделген осындай тауарлардың контрабандасы болып саналады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|