|
|
|
Қазақстан Республикасында орта білім жүйесiн одан әрi реформалау (2008.25.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Орта білім жүйесiн одан әрi реформалау және оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. ҚР Үкіметінің 2008.25.01. № 64 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2000.10.07. № 1047 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен және Қаржы министрлігімен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкіметіне педагогикалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. ҚР Үкіметінің 2000.10.07. № 1047 қаулысымен 3-тармақ өзгерді 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi: 1) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігімен бiрлесiп балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз етсiн; 2) ҚР Үкіметінің 2008.25.01. № 64 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) мемлекеттік бастауыш кәсiптiк білім беретін оқу орындарын жергіліктi бюджет қаражатының есебiнен жұмыссыздар мен қолы бос халықты оқытуға арналған аймақтық орталықтар ретiнде барынша пайдалану үшiн шаралар қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) "Жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы № 65 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген мұнайгаз және көлiк-коммуникация кешендеріндегі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және спорт жүйелерiнiң кәсiпорындарындағы жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасында: "Денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт, объектiлерiн жекешелендiрудiң шарттары" деген тарауша мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: "Жалпы білім беру мекемелерi, кәсiптiк-техникалық мектептер, мектептен тыс мекемелер Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінiң келісімiмен жекешелендiрiледi". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Үкіметінiң 1998 жылғы тамыздағы № 640 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпы білім беру мектептерiнiң жанындағы Жалпыға бiрдей мiндеттi орта білім қоры туралы ҮЛГI ЕРЕЖЕ 1. Мемлекеттік жалпы білім беру мектептерiнiң жанындағы Жалпыға бiрдей мiндеттi орта білім қоры (бұдан әрi - Қор) мемлекеттік жалпы білім беру мектептерiнiң аз қамтамасыз етiлген отбасыларынан шыққан 1-11 сыныптардың өте мұқтаж оқушыларын әлеуметтiк қорғауды және оларға материалдық қолдау көрсетудi қамтамасыз ету мақсатында құрылады. 2. Қор: 1) жергiлiктi атқарушы органдардың бюджетiнде көзделген мектептердi ағымдағы ұстау шығыстарының сомасынан кемiнде 1 процент мөлшерiнде аударымдардың; 2) заңдарда белгiленген тәртiппен мектеп көрсететiн қызмет көрсетулердi iске асырудан түсiмдердiң; 3) демеушiлiк және iзгiлiк көмектердiң; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да түсiмдердiң есебiнен ақша және материалдық қаражат түрiнде құрылады. 3. Қор: 1) киiм, аяқ-киiм, оқулықтар, оқу құралдарын, мектеп-жазу құралдарын сатып алуға; 2) мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыруға; 3) ақшадай көмек көрсетуге; 4) санаториялық-курорттық мекемелер мен демалыс лагерлерiне жолдамалар сатып алуға; 5) мектеп оқушыларының мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға қатысуын қаржылық қамтамасыз етуге арналады. 4. Қордың қаражаты оның арналуына сәйкес ата-аналардың (оларды алмастырушы адамдардың) немесе оқушылардың өтiнiшiнiң негiзiнде бөлiнедi. Қордың қаражаты мұқтаж оқушыларға киiм, аяқкиiм, оқулықтар, оқу құралдарын, мектеп-жазу құралдарын сатып алуға, мектепте тамақтандыруға, санаториялық-курорттық емдеуге, сауықтыруға ақы төлеуге, ақшадай көмектер беруге жұмсалады. 5. Ата-аналар комитетiнiң келісімi бойынша Қордың қаражатын жұмсау құқығы мектеп директорына берiледi. ҚР Үкіметінің 2000.10.07. № 1047 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда 6. Жалпы оқыту қорының қаражаты білім беру ұйымдарында жоспарланады және олардың ағымдағы бюджеттік шоттары және шығыстардың бюджеттік жіктемесінің бағдарламалары, кіші бағдарламалары мен ерекшеліктері бойынша ақылы қызмет көрсетуден, демеушілік қайырымдылық көмектерден алынатын қаражат шоттарында ескеріледі. 7. Қордың қаражатын толықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкімі, білім беру бөлiмдерiнiң басшылары, мектеп директорлары және өзге де мүдделi жеке және заңды тұлғалар қатысады. 8. Қаражаттың түсуi мен пайдалануының есебi мен есептiлiгiн мектептiң бухгалтериясы жүргiзедi. 9. Қордың қаражатының дұрыс жұмсалуына бақылау жасау білім беру бөлiмдерiнiң басшыларына жүктеледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |