|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен (2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы , "Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңды тұлғалары мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерін қаржыландыру мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойған кейбір шешімдерінің тізбесі бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінiң 1999 жылғы 7 маусымдағы № 708 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ?кіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың тiзбесi ҚР Үкіметінің 13.01.04 ж. № 32 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды 1. "Қазақстан Республикасында ағаш саудаласуын (аукциондар) өткізу тәртібі туралы уақытша ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 18 ақпандағы № 199 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 11, 105-құжат): 1) көрсетiлген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасында ағаш саудасын (аукциондар) өткізу тәртібі туралы уақытша ережеде: 44-тармақта: бiрiншi абзацтағы "орман кiрiсi түрiнде" деген сөздер алынып тасталсын, екiншi абзацтағы "мынадай тәртiппен бөлiнедi" деген сөздер "республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеледі" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi - бесiншi абзацтар алынып тасталсын; 45-тармақтың екiншi абзацы ", республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеледi" деген сөздермен толықтырылсын; 58-тармақтағы "сомасынан 50 процентiне дейiнгi мөлшердегi" деген сөздер алынып тасталсын; 59-тармақтағы екiншi сөйлем алынып тасталсын; 2) көрсетiлген ережеге № 1 - қосымшада: "Есеп айырысудың және алармандардың сатушыдан өнiм алуының шарттары" деген 3-бөлiмнiң 3.2.-тармағында: а) тармақшасындағы "мен қосылған құн салығының сомасын" деген сөздер алынып тасталсын; ә) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "қосылған құн салығы құнының сомасын және сату бағасы мен бастапқы бағаның арасындағы айырманы республикалық бюджетке"; б) және в) тармақшалары алынып тасталсын; 3) көрсетiлген ережеге № 6 - қосымшада: "Тараптардың мiндеттерi" деген 2-бөлiмнiң 2.1-тармағының 2.1.1- тармақшасында: а) тармақшасындағы "мен қосылған құн сомасын" деген сөздер алынып тасталсын; ә) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "қосылған құн салығы құнының сомасын және сату бағасы мен бастапқы бағаның арасындағы айырманы республикалық бюджетке"; б) және в) тармақшалары алынып тасталсын; "Орындау кепiлдiгi және тараптардың жауапкершілігі" деген 4-бөлiмнiң 4.5-тармағында: екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Бастапқы ақшалай жарна (кепiлдiк) оған қайтарылмайды, республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеледi.". 2. ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 646 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 28.04.03 ж. № 407 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды 4. "Мал дәрiгерлiгi жөніндегі нормативтiк құқықтық және басқа актiлердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы № 1205 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж, № 40, 379-құжат): көрсетiлген қаулыға "Шеттен әкелiнетiн және шетке шығарылатын малдарды, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын мемлекеттік шекара арқылы өткiзген кезде мемлекеттік малдәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыру тәртібi туралы ереже" деген 4-қосымшада: мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: "7-1. Малдәрiгерлiк қадағалау қызметiнiң заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсеткенi үшiн түсетiн қаражаттар республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеледi деп белгiленсiн.". ҚР Үкіметінің 08.10.03 ж. № 1037 қаулысымен 5-тармақтың күші жойылды 5. "Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi алған кезде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiне келтiрiлген зиянды және меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға келтiрiлген, өтеуге жататын шығындарды айқындау тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 4 наурыздағы № 299 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 11, 75-құжат): 1) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi ауыл және орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн алған кезде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеуден түскен қаражат республикалық бюджеттің кірісіне түседі."; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi алған кезде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісіне келтірілген зиянды және меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтiрiлген, өтеуге жататын шығындарды айқындау тәртібі туралы ережеде: 14-тармақта: бірінші абзацтағы "олардың жерге құқықтарын белгіленген тәртіппен тіркегеннен кейін жер учаскелерін беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінде көрсетілген жер ресурстарын және орман шаруашылығын басқару жөніндегі атқарушы органдардың тиісті арнайы қаражаттар жөніндегі ағымдағы есеп шотына" деген сөздер "республикалық бюджеттің кірісіне" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзац алынып тасталсын; 16, 18, 19, 20-тармақтар алынып тасталсын. Үкіметінің 1999 жылғы 7 маусымдағы № 708 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған кейбір шешімдерінің Тізбесі 1. "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының есепшотына есептелген өсімнен түскен қаражатты есепке алу мен пайдалану тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 2 маусымдағы № 771 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 20, 224-құжат). 2. "Денсаулық сақтаудың емдеу-профилактикалық мекемелерінде ақылы медициналық және профилактикалық қызмет көрсетудің шарты мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 6 қарашадағы № 1460 қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі № 505 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 15, 121-құжат). 4. "Атқарушылық санкция ретінде түскен ақша қаражатын пайдалану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 3 тамыздағы № 732 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 26, 222-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |