Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәселелері (2013.09.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен күші жойылды
ҚР Президентінің 2013.16.04. № 544 Жарлығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін: ҚР Президентінің 2013.16.04. № 544 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже; 2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін. 2. ҚР Президентінің 2013.16.04. № 544 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Президентінің 2005.14.10 № 1660 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Агенттік Төрағасының екі орынбасары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады деп белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде: 1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы» мемлекеттік мекемесін құрсын; 2) Агенттік пен оның аумақтық органдарының қызметін қаржыландыруды республикалық бюджетте көзделген қаржының есебінен қамтамасыз етсін; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін; 4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын. 5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Агенттік бір ай мерзімде Мемлекет басшысының бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныс енгізсін. 6. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері Агенттіктің аумақтық органдарының ұйымдық-техникалық мәселелерін шешуде жәрдем көрсетсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|