Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы (2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметін жетілдіру мақсатында қаулы етемін: ҚР Президентінің 18.08.03 № 1167 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының құрылымы бекітілсін. ҚР Президентінің 11.02.02 ж. № 805 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы № 2600 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 35, 436-құжат): 3-тармақтың 1) тармақшасы «есепті» деген сөзден кейін «және тікелей бағынатын» деген сөздермен толықтырылсын; 4, 5-тармақтардың күші жойылған деп танылсын; 2) күші жойылды 3. Мыналардың күші жойылған деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы № 2600 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 наурыздағы № 2918 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 12, 88-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 17 қазандағы № 3692 Жарлығының 2-тармағы; 3) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 тамыздағы № 4034 Жарлығының 3-тармағының екінші абзацы, 1), 2), 3) және 4) тармақшалары. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде бұрын қабылданған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|