|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Елiмiздiң ұлттық байлығы болып табылатын өсiмдiктердiң тектiк қорын сақтау және байыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Алтай ботаникалық бағы», «Iле ботаникалық бағы», «Жезқазған ботаникалық бағы», «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қолдансын. 3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |