Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы (2011.26.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 Қаулысымен күші жойылды
ҚР ҰБ Басқармасының 2004.29.12. № 202 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40, 43 және 45-баптарына сәйкес және ұлттық валютаның ақша белгiлерiн қолдан жасаудан қорғау жөніндегі қосымша шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесi бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін (бұдан әрi - Ереже) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Сембиев Н.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және Ереженiң азаматтар мен заңды тұлғалардың мүддесiне қатысты 1-4 тарауларын республикалық газеттерде (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде) жарияласын; 3) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге, сондай-ақ шет мемлекеттердiң орталық банктерiне жiберсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|