|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы (2024.18.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2024.06.05. № 79-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заңдар 2-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негіздері 4-бап. Мәслихаттар, әкімдер мен Әкімдіктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер 2-тарау. МӘСЛИХАТТАРДЫ ҚҰРУ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТI ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ 5-бап. Мәслихаттарды құру тәртiбi 6-бап. Мәслихаттардың құзыретi 8-бап. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру 10-бап. Мәслихат сессиясын шақыру тәртiбi 11-бап. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi 12-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi 13-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар 14-бап. Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi мен өкiлеттiгi 15-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртiбi 17-бап. Мәслихаттың уақытша комиссиялары 18-бап. Мәслихат сессиясының төрағасы 19-1-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы 21-2-бап. Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер 21-3-бап. Мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру 22-бап. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу 23-бап. Мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері 23-1-бап. Мәслихат депутаттарының әкімдер лауазымына тағайындауға келісім беру тәртібі 24-бап. Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру өкілеттігі 24-1-бап. Таңдаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату 3-тарау. ӘКIМДЕР ЖӘНЕ ӘКIМИЯТТАР. ҚҰРЫЛУЫ, ҚҰЗЫРЕТI ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТIНIҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ 26-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмияттары. Құрылуы және құрамы 27-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмиятының құзыретi 29-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң құзыретi 29-1-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппараты басшысының құзыреті 30-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмияттар. Құрылуы және құрамы 31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімияттың құзыреті 33-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзыретi 35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті 36-2-бап. Сайланатын әкімдердің кандидаттарына қойылатын талаптар 37-бап. Әкiмияттың, әкiмнiң актілерi 38-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 39-бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар 39-1-бап. Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуының негіздері 39-2-бап. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері 39-3-бап. Жергілікті қоғамдастық жиындары мен жергілікті қоғамдастық жиналыстары 39-4-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының міндеттері 39-5-бап. Мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы 39-6-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауаптылығы 39-7-бап. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР 41-бап. Осы Заңның өзге заң актiлерiмен арақатынасы және оның ережелерiн iске асыру тәртiбi
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің», «орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі», «орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің», «орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің», «орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің», «орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің» деген сөздер тиісінше «орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің», «орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі», «орталық мемлекеттік органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің», «орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің», «орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің», «орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен тақырыпта, кіріспеде «жергілікті мемлекеттік басқару», «жергілікті мемлекеттік басқаруды», «Жергілікті мемлекеттік басқару», деген сөздерден кейін тиісінше «және өзін-өзі басқару», «және өзін-өзі басқаруды», «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылды; заңның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша «әкімият» деген сөз тиісті жалғаулары ескеріле отырып «әкімдік» деген сөзбен ауыстырылды (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала және астана)», «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы)», «облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық және астаналық)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)», «облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана)», «облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)» деген сөздер тиісінше «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы», «облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық», «Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауылдық (селолық)», «ауыл (село)», «ауылдың (селоның)», «ауылдарда (селоларда)», деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауыл», «ауылдың», «ауылдарда» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ставкаларын», «проценті», «проценттен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерін», «пайызы», «пайыздан» деген сөздермен ауыстырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап жаңа редакцияда; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әкім - жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі; 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) әкім аппараты - жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда), әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-1) әлеуметтік инфрақұрылым - елді мекеннің қалыпты тыныс-тіршілігін функционалдық қамтамасыз ететін заңды тұлғалардың жиынтығы, оларға: әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйелерінің ұйымдары; демалуға және бос уақытты өткізуге байланысты ұйымдар; бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, қызметтер көрсету саласы, спорттық-сауықтыру мекемелері; халыққа коммуналдық қызметтерді өндіретін және ұсынатын ұйымдар жатады; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды 3-2) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасы - мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою бойынша құзыреті шегінде жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар кешені; 3) әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасы - тиісті аумақта орналасқан, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесі; 4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган; 5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме; 6) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы; 6-1) жергілікті қоғамдастық жиналысы - жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы; 6-2) жергілікті қоғамдастық жиыны - тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелерді шешуге тікелей қатысуы; 7) жергілікті маңызы бар мәселелер - реттелуі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері; 8) жергілікті мемлекеттік басқару - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі; 9) жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет; 2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды 9-1) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды 9-2) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі - қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округінің шегінде құрылатын, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі жанындағы қала әкімінің халықпен өзара іс-қимыл жасау мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші орган; 10) жергілікті өзін-өзі басқару органдары - осы Заңға сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар; 11) жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган; 12) мәслихат аппараты - тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме; 13) мәслихат сессиясы - мәслихат қызметінің негізгі нысаны; 14) 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 15) орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі — тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс шегінде орталық атқарушы органның функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 2-бап. Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы 1. Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Осы Заң Алматы қаласының айрықша мәртебесi және астана мәртебесi туралы заңдарға қайшы келмейтiн бөлiгiнде Алматы қаласы мен астананың аумағында қолданылады.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен Заң 2-1-баппен толықтырылды; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 2-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 2-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негіздері 1. Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл шегінде жеке жүзеге асырылады. 2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады. 3. Жергілікті қоғамдастық жиыны және жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті қоғамдастық қызметінің нысаны болып табылады.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-бап өзгертілді 3-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi 1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн: 1) жергiлiктi бюджет; 2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiліп берілген мүлiк; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды. 2. 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Мәслихаттар, әкімдер мен Әкімдіктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер 1. Мәслихаттар мен Әкімдіктер өз қызметiнде: 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге; 2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға; 3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға; 4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 2. Мәслихаттар мен Әкімдіктерге Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады. 3. Мәслихаттар мен Әкімдіктер қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс. 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 4. Әкімдер мен олардың орынбасарлары саяси партиялардың филиалдарында және өкілдіктерінде лауазымдарды атқаруға құқылы емес. Тағайындау немесе сайлау кезінде әкімдер мен олардың орынбасарлары саяси партиялардың филиалдарында және өкілдіктерінде лауазымдарды атқарған жағдайда, олар тағайындалған немесе сайланған күннен бастап он күн ішінде көрсетілген лауазымдарды босатуға тиіс. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) 4-1. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген талаптар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының басшыларына да қолданылады. Егер тағайындау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының басшылары саяси партиялардың филиалдары мен өкілдіктерінде лауазымдарды атқарып жүрген болса, олар тағайындалған күннен бастап он күн ішінде көрсетілген лауазымдарды босатуға тиіс.
2-тарау. Мәслихаттарды құру, олардың құзыреті және қызметін ұйымдастыру
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 5 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 5-бап. Мәслихаттарды құру тәртібі 1. Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. 2. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу үшін тиiстi мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн белгiлейдi. 4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi. 5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледi. 6. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген (қосылған, біріккен) және қайта құрылған жағдайларда, мәслихат депутаттары жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды және қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары бөлініп шығу немесе бөліну арқылы өзгерген жағдайда: 1) аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихат депутаттары олардың сайлау округтеріне тиесілігіне қарай бөлінеді; 2) саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша сайланған мәслихат депутаттары тиісті саяси партияның пікірі ескеріле отырып, мәслихаттың шешімі бойынша жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің халық санына пропорционалды түрде бөлінеді. Әкімшілік-аумақтық бірлік таратылған жағдайда тиісті мәслихат таратылады. 8. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.
11.05.04 ж. № 552-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 09.07.04 ж. № 583-II ҚР Заңымен; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен; (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен; (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен; (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заңдар2-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негіздері3-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi4-бап. Мәслихаттар, әкімдер мен Әкімдіктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер 2-тарау. МӘСЛИХАТТАРДЫ ҚҰРУ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТI ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ5-бап. Мәслихаттарды құру тәртiбi6-бап. Мәслихаттардың құзыретi7-бап. Мәслихаттың актiлерi8-бап. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру9-бап. Мәслихат регламенті10-бап. Мәслихат сессиясын шақыру тәртiбi11-бап. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi12-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi13-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар14-бап. Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi мен өкiлеттiгi15-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртiбi16-бап. Алып тасталды17-бап. Мәслихаттың уақытша комиссиялары18-бап. Мәслихат сессиясының төрағасы19-бап. Мәслихаттың төрағасы19-1-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы20-бап. Мәслихат депутаты21-бап. Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі21-1-бап. Депутаттық сауалдар21-2-бап. Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер21-3-бап. Мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру22-бап. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу23-бап. Мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері23-1-бап. Мәслихат депутаттарының әкімдер лауазымына тағайындауға келісім беру тәртібі24-бап. Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру өкілеттігі24-1-бап. Таңдаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату25-бап. Мәслихат аппараты 2-1-тарау. Алып тасталды3-тарау. ӘКIМДЕР ЖӘНЕ ӘКIМИЯТТАР. ҚҰРЫЛУЫ, ҚҰЗЫРЕТI ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТIНIҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ26-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмияттары. Құрылуы және құрамы27-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмиятының құзыретi28-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiн қызметке тағайындау және қызметiнен босату тәртiбi29-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң құзыретi29-1-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппараты басшысының құзыреті30-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмияттар. Құрылуы және құрамы31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімияттың құзыреті32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін лауазымға сайлау, қызметінен босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі32-1-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі32-2-бап. Облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аудан әкімін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі33-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзыретi34-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық, ауылдық округтiк әкiмияттар35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті36-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымға сайлаудың, оның өкілеттіктерін тоқтатудың тәртібі36-1-бап. Алып тасталды36-2-бап. Сайланатын әкімдердің кандидаттарына қойылатын талаптар37-бап. Әкiмияттың, әкiмнiң актілерi38-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкiмiнiң аппараты38-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты39-бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар39-1-бап. Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуының негіздері39-2-бап. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері39-3-бап. Жергілікті қоғамдастық жиындары мен жергілікті қоғамдастық жиналыстары39-4-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының міндеттері39-5-бап. Мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы39-6-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауаптылығы39-7-бап. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР |