|
|
|
«Есеп» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жекешелендіру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 маусымдағы № 575 қаулысымен бекітілген Мемлекет активтерiн тиiмдi басқару мен оларға билiк жасауды қамтамасыз ету жөніндегі 1998-1999 жылдарға арналған шаралардың жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Есеп» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын (шаруашылық жүргізу құқындағы) жекешелендiру туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен «Есеп» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (шаруашылық жүргiзу құқындағы) мүлiктiк кешенiн сатуды жүзеге асырсын. 3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Мыналардың: 1) «Есеп» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi № 1066 қаулысының; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 392 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 12, 118-құжат) 1-тармағындағы 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |