|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттігінің Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң "Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының Баспа үйi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының Баспа үйi" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен: 1) Қоғамның жарғысын бекiткен кезде қызметiнің негiзгi мәнi: баспа қызметiмен айналысу, Қазақстан ғалым медиктерiнiң озық ғылыми және практикалық тәжiрибесiн, теориялық табыстары мен жетiстiктерiн насихаттау және көпшiлiкке тарату, нормативтiк құжаттарды жариялау; жарнамалық қызметтердi көрсету деп белгiлесiн; 2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шараларды орындағаннан кейiн, жарғылық капиталдың 25 пайызы мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетiн сатуды жүзеге асырсын; 4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесінде: "Алматы қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-61-жолмен толықтырылсын: "123-61 "Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының Баспа үйі" ЖАҚ"; 2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi" бөлiмiнде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне"; мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 226-3-жолмен толықтырылсын: "226-3 "Қазақстанның денсаулық сақтауы" журналының Баспа үйi" ЖАҚ"; 3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |