|
|
|
Мемлекеттік сатып алу туралы (2007.11.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2007.21.07 № 303-III ҚР Заңымен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 9 баптар) 2-тарау. Мемлекеттік сатып алуды ашық конкурс тәсілімен (10 - 17 баптар) 3-тарау. Мемлекеттік сатып алуды басқа тәсілдермен (18 - 23 баптар) 4-тарау. Арнаулы ережелер (24 - 27 баптар) 5-тарау. Қорытынды ережелер (28 - 32 баптар)
05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Осы Заң мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердiң, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілi мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың өз билiгіндегі ақшаны тиiмдi пайдалану мақсатында өнiм берушiлерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары - акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбірек проценті немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың шешімдерiн тура және (немесе) жанама түрде белгілеуге және (немесе) олар қабылдайтын шешiмдерге, оның ішiнде негiзгі ұйымның акцияларын (үлестерiн) иелену құқықтарын жүзеге асыруға байланысты шешiмдерге, шарттарға ықпал етуге мүмкiндiгi бар тұлғалар (акцияларының (үлестерiнің) елу және одан да көбірек проценті немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың қызметін реттеуді өздеріне берiлген өкілеттік шеңберінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың өзiне қатысты осындай құқығы болатын кез келген тұлға; 2) ықтимал өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасы - осы ықтимал өнiм берушi қабылдайтын шешiмдi анықтауға және (немесе) шешiмге, оның iшiнде шарттың немесе өзге де мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге тiкелей және (немесе) жанама құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзi жөнiнде сол ықтимал өнiм берушiнiң осындай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік монополия - шаруашылық жүргізудi тек қана мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заң актілері негiзiнде жүзеге асыратын, сондай-ақ бәсекелестікті енгізу ұлттық қауіпсiздiк, құқық тәртібі, мемлекеттің жоғары лауазымды адамдарының қауіпсiздігі, қорғаныс және қорғаныс-өнеркәсіптiк кешен мүдделерін қамтамасыз ету тұрғысынан мақсатқа сай болмайтын жағдайларда жүзеге асырылатын қызмет саласы. Мемлекеттік монополия субъектілерінің және осы субъектілер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) мемлекеттік сатып алу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердiң, сондай-ақ акцияларының (үлестерінiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың өз билiгіндегі ақшаның есебiнен, осы Заңның 27-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) конкурстық өтiнiмнiң демпингтік бағасы - тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтер белгілі бір тауар рыногында қалыптасқан бағалар деңгейiнен едәуір төмен бағамен ұсынылатын, ықтимал өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасы; 4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт - осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес тапсырыс берушi мен өнiм берушi арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 5-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) тапсырыс берушi - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсiпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар. Тапсырыс берушi конкурстың бастамашысы болып табылады; 6) конкурс - тапсырыс берушiнiң тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуына бағытталған және ықтимал өнiм берушiлер арасында ашық та адал бәсекелестiктi қамтамасыз ететiн мемлекеттік сатып алуды жүргiзу әдiсi; 7) конкурстық құжаттама - конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі қамтылатын, конкурстық өтiнiмдi дайындау үшiн ықтимал өнiм берушiге табыс етiлетiн құжаттама; 8) конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету - конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушi табыс ететiн ақша кепiлi немесе банк кепiлдiгi; 9) бiртектi тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер - бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас компоненттерден тұратын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер; 10) конкурсты ұйымдастырушы - тапсырыс берушi немесе осы Заңға сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшiн тапсырыс берушi белгiлеген адам; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 11-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 11) мерзiмдi баспасөз - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган айқындайтын, өткізілуге дайындалып жатқан және өткiзілген мемлекеттік сатып алу туралы мәлiметтер жарияланатын мерзiмдi баспасөз басылымдары; 12) өнiм берушi - тапсырыс берушiмен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта келісім-шарт жасасушы агент ретiнде әрекет ететiн жеке немесе заңды (мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, егер заң актілерінде өзгеше белгiленбесе) тұлға; 13) ықтимал өнiм берушi - мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатымен мемлекеттік сатып алу процесiне қатысатын жеке немесе заңды (мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, егер заң актілерінде өзгеше белгiленбесе) тұлға; 14) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн, мемлекеттік сатып алу процесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Мемлекеттік сатып алу процесiн құқықтық реттеу принциптерi Мемлекеттік сатып алу процесiн құқықтық реттеу: 1) сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау; 2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық ықтимал өнiм берушiлердiң мемлекеттік сатып алу процесiне қатысуына тең мүмкiндiк беру; 3) ықтимал өнiм берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк; 4) мемлекеттік сатып алу процесiнiң жариялылығы принциптерiне негiзделедi.
4-бап. Мемлекеттік сатып алу процесi Мемлекеттік сатып алу процесi: 1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы мен көлемiн қалыптастыруды; 2) өнiм берушiнi таңдауды, онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды; 3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.
5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi орган: 1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеудi және iске асыруды қамтамасыз етедi; 2) мемлекеттік сатып алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды қорытады және әзiрлейдi, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды; 3) мемлекеттік сатып алу процесiнiң үйлестiрiлуi мен мониторингiн жүзеге асырады; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 3-1-тармақшамен толықтырылды 3-1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өз билігіндегі ақша есебінен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті субъектiлердiң Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады; 4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 5) мемлекеттік сатып алу мәселелерi жөніндегі есептіліктiң нысанын, оны жасау мен табыс етудiң тәртібін әзiрлейдi; 6) әдiстемелiк материалдарды, үлгiлiк конкурстық құжаттаманы әзiрлейдi және бекiтедi, мемлекеттік сатып алу мәселелерi бойынша конкурстарды ұйымдастырушыларға консультациялық көмек көрсетедi; 7) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейiн конкурстарды ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушiлер мен конкурс комиссияларының Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарын бұза отырып қабылдаған шешiмдерiн қайта қарау немесе олардың күшiн жою жөнiнде шешiмдер қабылдайды; 8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдары бұзыла отырып жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тану жөнiнде соттарға талап қою iсiн жүргiзедi; 9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдары саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жазалар қолданады; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-1-тармақшамен толықтырылды 9-1) тапсырыс берушiлерге және конкурсты ұйымдастырушыларға, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерi мен хатшысына өз құзыретiндегі мәселелер бойынша орындалуға мiндеттi ұйғарымдар енгізедi; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-2-тармақшамен толықтырылды 9-2) конкурстық комиссияның, конкурсты ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушiнiң іс-әрекеттеріне шағым жасалған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуды тиiстi тексеру жүргізу кезеңiне, бірақ күнтiзбелік отыз күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-3-тармақшамен толықтырылды 9-3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы мен көлемiне талдау жасайды; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-4-тармақшамен толықтырылды 9-4) тапсырыс берушiлерден қажеттi есептіліктi, ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-5-тармақшамен толықтырылды 9-5) ұсынылған есептілік деректердің дұрыстығын тексередi; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-6-тармақшамен толықтырылды 9-6) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша тапсырыс берушілер орындауға мiндеттi шешiмдер қабылдайды; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-7-тармақшамен толықтырылды 9-7) мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуiн бақылайды; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-8-тармақшамен толықтырылды 9-8) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс өткiзiлген кезде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берiлiп, ол конкурс қорытындысына ықпалын тигiзген жағдайда және егер өткiзілген конкурс конкурстың жеңiмпазын айқындауға және шарт жасасуға алып келмесе - конкурсты жарамсыз деп тану туралы шешiмдер қабылдайды; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен бап 9-9-тармақшамен толықтырылды 9-9) сараптамалар мен консультациялар өткізуге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын тартады; 2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен 9-10) тармақшамен толықтырылды 9-10) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді; 10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. Уәкiлеттi органның ұйғарымдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн. 6-бап. Мемлекеттік сатып алуға байланысты қызметтегi жариялылық 1. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, өткiзiлуге дайындалып жатқан және өткiзiлген мемлекеттік сатып алу туралы мәлiметтердi конкурсты ұйымдастырушы мерзiмдi баспасөзде жариялайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысандар мен мерзiмдерде уәкiлеттi органға табыс етедi. 2. Уәкiлеттi орган ықтимал өнiм берушiнiң мемлекеттік сатып алу процесiне өзiнiң қатысуын жоспарлауы үшiн мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты мерзiмдi баспасөзде ұдайы жариялап отырады және (немесе) жалпыға жететiн телекоммуникациялық желiлерге (Интернет және басқалар) орналастырады. 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өз билігіндегi ақша есебiнен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға міндеттi субъектiлердің мемлекеттік тiзiлiмi Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ акцияларының (үлестерiнің) елу және одан да көбірек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерді өз билiгіндегі ақша есебінен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi Субъектiлердiң мемлекеттік тiзілімiне енгiзiлуге тиiс. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өз билiгіндегі ақша есебiнен сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi Субъектілердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгізудің және одан шығарудың тәртібiн уәкiлеттi орган белгілейдi. 7-бап. Мемлекеттік сатып алу процесiне байланысты шектеулер 1. Мемлекеттік сатып алу процесiне қатысатын ықтимал өнiм берушiнiң лауазымды немесе сенім бiлдiрген адамының жақын туыстарының (ата-анасы, ерлi-зайыптылар, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) немесе жекжаттарының (ерлi-зайыптылардың аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, ата-анасы және балалары) мемлекеттік сатып алу процесiне байланысты тапсырыс берушiнiң мүдделерiн бiлдiруге құқығы жоқ. 2. Ықтимал өнiм берушiнiң және (немесе) оның конкурстық құжаттаманы дайындау бойынша тапсырыс берушiге консультациялық қызметтер көрсеткен қызметкерiнiң көрсетiлген консультациялық қызметтерге байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға құқығы жоқ. 3. Ықтимал өнiм берушi мен оның аффилиирленген тұлғасының бiр конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ. 4. Осы бапта көрсетiлген негiздер бойынша конкурстық өтiнiм қабылданбай тасталған кезде конкурстың қорытындылары туралы хаттамада оның қабылданбау негiздемелерi көрсетiледi, олар осы конкурстық өтiнiмдi табыс еткен ықтимал өнiм берушiге хабарланады. 8-бап. Ықтимал өнiм берушiге қойылатын біліктілік талаптары 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Мемлекеттік сатып алу процесiне қатысу үшiн ықтимал өнiм берушi, осы Заңның 20-бабында және 21-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге: 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1) кәсіптiк біліктілігi, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетiн қызметтердiң тиiстi рыногында кемінде бір жыл жұмыс тәжiрибесі болуға; 2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындауға қажеттi қаржы, материалдық және еңбек ресурстары болуға; 3) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқық қабiлеттілігi болуға; 4) төлем қабiлетi болуға, таратылуға жатпауға, оның мүлкiне тыйым салынбаған болуға тиiс, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатылып қоймаған болуға тиiс; 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 5-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) мемлекеттік сатып алу туралы соңғы екi жыл iшiнде жасалған шарттардағы өз мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негізiнде жауапқа тартылмаған болуға тиiс. Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер рыногындағы жұмыс тәжiрибесi болуының қажеттiгi туралы талаптар осы Заңның 27-бабына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне және ықтимал өнiм берушілер болып табылатын жағдайларда мүгедектердiң қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдарына қолданылмайды. 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарға кәсіпкерлiк қызметпен айналыспайтын ықтимал өнiм беруші - жеке тұлғалар өздері осындай ықтимал өнім берушi - жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесiлі тауарларды тапсырыс берушіге сату мақсатында қатысқан кезде, осы баптың 1-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көзделген талаптарды қоспағанда, олардың білiктілік талаптарына сай болуы талап етiлмейдi. 2. Ықтимал өнiм берушi өзiнiң осы баптың 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетiнiн растау үшiн конкурсты ұйымдастырушыға аттестаттардың, куәлiктердiң, патенттердiң, лицензиялардың, сертификаттардың, дипломдардың және анықтамалардың көшiрмелерiн табыс етедi. Қазақстан Республикасының заң актілерімен мiндеттi аудит өткізу белгiленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылы үшiн аудиторлық есептi де табыс етедi. 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Ықтимал өнiм берушi, оған біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берiлген жағдайда, осындай факт анықталған кезден бастап бiр жыл iшiнде мемлекеттік сатып алу процесiне қатысуға жiберiлмейдi. Табыс етiлетiн ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы конкурстық комиссияның ықтимал өнiм берушiнiң біліктілік талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарын қарауы кезiнде анықталады. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ықтимал өнiм берушiлердің дәйектемесiз ақпарат ұсынған анықталған барлық фактілері туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсiпорындар, заңды тұлғалар, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғалар өнiм берушiлердiң мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны туралы сотқа талап-арыздар ұсынған кезде олардың талап-арыздары қанағаттандырылған жағдайда, олар сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органның мекен-жайына белгiленген тәртiппен расталған сот шешiмiнің көшiрмесiн жiбере отырып, оны хабардар етуге мiндеттi. Бiлiктілік талаптары бойынша дәйектемесiз ақпарат ұсынған ықтимал өнiм берушiлер туралы, сондай-ақ соңғы екi жыл iшiнде мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде жауапқа тартылған ықтимал өнiм берушiлер туралы ақпарат уәкiлеттi органның WEB-сайтына орналастырылады. 4. Конкурсты ұйымдастырушының ықтимал өнiм берушiге осы Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын белгiлеуге құқығы жоқ. Ықтимал өнiм берушi өзiне қойылатын біліктілік талаптарына жатпайтын ақпаратты табыс етпеуге құқылы. 9-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсiлдерi 1. Мемлекеттік сатып алу мына тәсiлдердiң бiрiмен: 1) ашық конкурс; 2) жабық конкурс; 3) баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып, өнiм берушiнi таңдау; 4) бiр көзден сатып алу; 5) ашық тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады. 2. Ашық және жабық конкурстар екi кезеңдi рәсiм пайдаланыла отырып өткiзiлуi мүмкiн. 3. Мемлекеттік сатып алуды осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында аталған тәсiлдермен жүзеге асыру үшiн конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссия құрады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу, конкурстық комиссияны құру мен оның қызметiнiң тәртібін, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың салалық ерекшелiктерiн және солар бойынша шарттар жасасу мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсiпорындар қаржы жоспарын бекiткен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекiтедi, онда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жоспарланып отырған номенклатурасы мен көлемi, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсiлi мен мерзiмдерi көрсетiледi. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындар, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар жыл сайын, бiрiншi сәуiрден кешiктiрмей, бюджеттердiң (бизнес-жоспарлардың) негiзiнде, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекiтедi, онда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жоспарланып отырған номенклатурасы мен көлемi, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсiлi мен мерзiмдерi көрсетiледi. Тапсырыс берушi мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгеннен кейiн оны жетi жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға табыс етедi. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының нысанын уәкiлеттi орган бекiтедi. 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 5-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара) 5. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс берушi, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмде республикалық бюджет туралы заң немесе мәслихаттың тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмi қабылданбаса, Қазақстан Республикасының Үкіметі келесi жылдың бiрiншi тоқсанына белгiлейтiн тiзбе бойынша ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында мемлекеттік сатып алу көлемiнен осы шарт бойынша аспайтын көлемде тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылуын ұзартуға құқылы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер олардың үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында, егер жаңа қаржы жылының басына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетi бекітілмеген болса, осы баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылуын ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында осы шарт бойынша мемлекеттік сатып алу көлемiнен аспайтын көлемде келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға да құқылы. Құрылыстағы ұзақ мерзiмдi мердiгерлiк жұмыстарға және оларға iлеспе тауарларға және (немесе) көрсетiлетiн қызметтерге жасалған шарттар, сондай-ақ әзiрленуiнiң технологиялық мерзiмi бiр жылдан асатын тауарларды сатып алу туралы шарттар бiр жылдан асатын мерзiмге жасалуы мүмкiн. Мұндай шарттар жасасудың тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейдi. 6. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн осы Заңға сәйкес тапсырыс берушi таңдайды. 2-тарау. Мемлекеттік сатып алуды ашық конкурс тәсілімен жүзеге асыру 10-бап. Ашық конкурсты ұйымдастыру 1. Осы Заңда сатып алуды жүзеге асырудың өзгеше тәсiлi көзделген жағдайларды қоспағанда, ашық конкурс мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негiзгi тәсiлi болып табылады. 05.07.04 ж. № 569-II ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара) 2. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты ұйымдастырады және өткiзедi. Тапсырыс берушi бюджет (бизнес-жоспар) бекітілгеннен кейiн келесi жылға қажеттi және бекітілген бюджетте (бизнес-жоспарда) көзделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөнiнде конкурс өткізу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |