|
|
|
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жекелеген мәселелерi (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мына республикалық мемлекеттік кәсiпорындары таратылсын: «Қapy (Арсенал)-1»; «Қapy (Арсенал)-2». 2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мына мемлекеттік мекемелерi құрылсын: «Оңтүстiк» әскери және арнайы жабдықтау базасы»; «Солтүстiк» әскери және арнайы жабдықтау базасы». 3. Құрылатын мемлекеттік мекемелердi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) құрылатын мемлекеттік мекемелер жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1443 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |