Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу Кедендік бақылау жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асырудың ережесі бекітілсін. 2. Кедендік кірістер департаменті (И.В. Тен) осы бұйрықтың іске асырылуын қамтамасыз етсін. 3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж. Мулкинге жүктелсін. 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы № 214 бұйрығымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асырудың ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер 1. Осы, Тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асырудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 432-бабына сәйкес әзірленді және тауарлар мен көлік құралдарын экспорттау, еркін айналым үшін шығару кедендік режимдерінде, сондай-ақ басқа да кедендік режимдерінде шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізудің (бұдан әрі - шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау) тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|