|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсін: 3-тармақтағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын; 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібінде: 5-тармақта: екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "в", "д", "г", "e", "ж" тармақшаларында көрсетiлген құжаттар түптелген, мөрмен және бiрiншi басшының немесе оны алмастыратын адамның қолымен расталуы тиiс көшiрме түрiнде беріледi"; 7-тармақтың үшiншi абзацындағы ", бiрақ," және "10 күннен кешіктірмей" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын: "17. Мемлекеттік органдар Лицензиарға лицензияға өтiнiштi келiсетiн уәкілеттi тұлғалардың мөр бедерлерi мен қолдарының үлгiлерiн ұсынады және уәкiлеттi тұлғалар өзгерген жағдайда Лицензиарды 3 күн iшiнде хабардар етуге мiндеттi"; көрсетілген Тәртiпке 1, 2, 3, 4-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Экспорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесiнде: 3-бағандағы "министрлiктерi мен ведомстволары" деген сөздер "мемлекеттік органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; мына: "Малдәрігерлiк мақсатқа 2936-294200000, Ауылшарминi" арналған дәрі-дәрмектер 3001-3004, 3005, мен малдәрiгерлік техника 3006, 9018-9022 деген жол алынып тасталсын; 3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Импорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесiнде: 3-бағандағы "министрліктері мен ведомстволары" деген сөздер "мемлекеттік органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; мына: "Малдәрiгерлік мақсатқа 2936-2939, 2941, Ауылшармині" арналған дәрі-дәрмек және 3001-3006, малдәрігерлік техника 9018-9022 деген жол алынып тасталсын. 2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 929 қаулысына Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібіне 1-қосымша Экспорт лицензиясына өтініші
2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 929 қаулысына Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібіне 2-қосымша Импорт лицензиясына өтініш
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 929 қаулысына Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібіне 3-қосымша Экспортқа лицензия
4-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 929 қаулысына Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібіне 4-қосымша Импортқа лицензия
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |