Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 және 12-баптарын ресми
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелері Х.Ә. Әбішев, Қ.Ж. Балтабаев, С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың: өтініш субъектісінің өкілі - Республика Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Б. Әлібаевтың, Республика Үкіметінің өкілі - Республиканың Әділет бірінші вице-министрі И.Д. Меркельдің, Республика Бас прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың, Республика Орталық сайлау комиссиясының хатшысы В.К. Фоостың, Республика Сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің директоры В.С. Қоңырбаевтың, Республика Ішкі істер министрлігінің көші-қон полициясы департаменті бастығының орынбасары А.П. Сергеевтің қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 және 12-баптарын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады. Конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, баяндамашының - Конституциялық Кеңестің мүшесі Қ.Ә. Омархановтың хабарын, өтініш субъектісі өкілінің және отырысқа қатысушылардың сөздерін тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: Республиканың Конституциялық Кеңесіне Республика Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсіп, бұл өтініште: бір мезгілде басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы азаматының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын (сайлауға, сайлануға құқығы) иелене ала ма деген сұрақтың жауабы көзделінуі сұралған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|