Қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері мен
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 542 Бұйрығымен күші жойылды
Келісілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2003 жылғы 18 қараша
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері мен көлемдері бекітілсін. 2. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) және республикалық медицина ұйымдарының бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің "Қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері мен көлемдерін бекіту туралы" 2003 жылғы 20 қарашадағы № 856 бұйрығымен бекітілген Қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері мен көлемдері 1. Жалпы ережелер 1. Медициналық оңалту - науқастардың ағзасы мен денсаулығының бұзылуы немесе жоғалтып алған функцияларын қалпына келтіруге бағытталған медициналық іс-шаралар кешені. Медициналық оңалтудың мақсаты қоғам өмірінің қарапайым жағдайына денсаулықты, еңбекке қабілеттілігін, жеке басының және әлеуметтік мәртебесін, олардың материалдық және әлеуметтік тәуелсіздікке жетуін, бірлесуін, бірлесуін қалпына келтіру болып табылады. 2. Қалпына келтіріп емдеу - науқас ағзасының функционалдық қабылеттілігін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешені. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|