Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөнінде (2008.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Бас Прокурорының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 53 Бұйрығымен күші жойылды
Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру мен дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңын, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын қолдану кезінде мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкі құрылсын. 2. "Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін жүргізу туралы" қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Р.С.Хайруллин): 1) әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құруды ұйымдастырсын; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Бұйрық барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, Бас әскери прокурорға, Астана, Алматы қалалары, облыстар және соларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|