Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы Ереженi бекіту туралы (2005.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 881 Бұйрығымен күші жойылды
«Денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында бұйырамын: 1. 1) 1-қосымшаға сәйкес жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы Ереже; 2) 2-қосымшаға сәйкес жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі комиссиялар туралы Ереже бекітілсiн. 2. Медициналық ғылым, білім, медицинаны және халықаралық қатынастарды дамыту департаментi (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген сәтiнен бастап күшiне енедi және 2004 жылғы 1 қаңтардан құқықтық қатынас жасау үшiн таратылады. Министр медициналық көмек көрсету ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы"22 желтоқсандағы № 941 бұйрығына 1-қосымша Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ереже 1. Осы ереже азаматтарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің тәртібін, сондай-ақ оны әртүрлі кезеңдерде іске асыруға жауапты органдар мен ұйымдардың іс-қимылын айқындайды. 2. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі ЖММК) - диагностика мен емдеудің аса күрделі әдістерін, сондай-ақ бірегей медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететін аурулар кезінде азаматтарға медициналық ұйымдар көрсететін медициналық көмек. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005.30.12. № 653 Бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. ЖММК көлемі мен түрлері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекіткен тізбелерге сәйкес стандарттарға (емдеу мен диагностиканың хаттамаларына) сәйкес белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|