Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы туралы" 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi Жоспар) бекітілсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар:
1) Жоспарда белгiленген iс-шаралардың тиiсiнше әрi уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
2) жылына екі рет, 20 қаңтарға және 20 шiлдеге Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Жоспар iс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жылына екi рет, 10 ақпанға және 10 тамызға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспар iс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
P/c N | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзiмi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Экономиканы экологияландыру |
1 | Қоршаған ортаны қорғаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкiметі қаулысының жобасы | Қоршаған- ортаминi | 2004 жылдың IV тоқсаны |
2 | Экологиялық жүйе қағидатын ескере отырып, әзiрленетiн мемлекеттік, өңiрлiк және салалық бағдарламалар үшін экологиялық шарттар мен талаптарды енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Қоршаған- ортаминi | IV тоқсан, жыл сайын |
3 | Қоршаған ортаның ластануын төмендетудi ынталандырудың экономикалық тетiктерін әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының ?кіметіне ұсыныстар | Қоршаған- ортаминi | 2005 жылдың II тоқсаны |
4 | Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласын- дағы мемлекеттік бақылау органдарының институционал- дық реформаларын жүргізу | Қазақстан Республи- касының ?кіметіне ақпарат | Қоршаған- ортаминi, AШM, ЭМРМ | 2005 жылдың II тоқсаны |
5 | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру | Нормативтiк құқықтық кесімнің жобасы | Қоршаған- ортаминi | 2004 жылдың IV тоқсаны |
6 | Геоақпараттық жүйелер негiзiнде қоршаған орта мен табиғи ресурстар экологиялық мониторингiнiң бірыңғай мемлекеттік жүйесiн құру жөніндегі шараларды қабылдау | Нормативтік құқықтық кесімнің жобасы | Қоршаған- ортаминi, АШМ, ЭMPM, ЖРА | 2005 жылдың IV тоқсаны |
7 | Экологиялық ақпаратты жинау, жүйелендіру, сақтау және тарату үшiн экологиялық ақпарат орталығын құру | Нормативтік құқықтық кесiмнiң жобасы | Қоршаған- ортаминi | 2004 жылдың III тоқсаны |
8 | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы индикаторлар мен көрсеткіштердің ғылыми негiзделген жүйесiн әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Қоршаған- ортамині | 2004 жылдың IV тоқсаны |
9 | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы индикаторлар мен көрсеткiштер жүйесiн индикативтік әлеуметтік- экономикалық жоспарлау практикасына және мемлекеттік статистикаға енгізу | Нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасы | Қоршаған- ортаминi, СА | 2005 жылдың IV тоқсаны |
Заңнаманы экологияландыру |
10 | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы талдауды, жүйелендіруді жүргiзу және нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | Қоршаған- ортаминi | 2005 жылдың IV тоқсаны |
Қоғамды экологияландыру |
11 | Үздiксiз экологиялық білім беру жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандарды даярлау, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру | Нормативтік құқықтық кесiмнiң жобасы | БҒМ, Қорша- ғанортаминi | 2006 жылдың IV тоқсаны |
12 | Биологиялық әркелкiлiкті сақтау проблемаларын, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн зерделеудi жүргiзу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Қоршағанор- таминi, БҒМ, АШМ | 2005 жылдың IV тоқсаны |
13 | Климаттың жаhандық және өңiрлiк өзгеруi проблема- лары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу | Қазақстан Республи - касының Үкіметіне есеп | Қоршағанор- таминi, БҒМ | 2005 жылдың IV тоқсаны |
14 | Экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының ?кіметіне есеп | БҒМ, Қорша- ғанортаминi | 2005 жылдың IV тоқсаны |
15 | Қоршаған ортаның ластануының алдын алу мен жоюдың, оңалтудың және қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратудың әдiстерi мен құралдарын әзiрлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | Қоршағанор- таминi, БҒМ, ИСМ, ЭМРМ | 2005 жылдың IV тоқсаны |
16 | Халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның сапасы арасындағы байланысты зерделеу жөнiнде медицина- лық зерттеулер жүргiзудi ұйымдастыру | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне есеп | Қоршағанор. таминi, ДСМ | 2005 жылдың IV тоқсаны |
17 | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiрудi қамтамасыз ету | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Қоршағанор- таминi, БҒМ | 2005 жылдың IV тоқсаны |
18 | Интернеттiң қазақстандық бөлiгiнде экологиялық сайттар жасау | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | Қоршаған- ортаминi | IV тоқсан, жыл сайын |
19 | Табиғатпен үйлесiмдiктегi салауатты өмiр салтын насихаттау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Ақпаратминi, Мәдениет- минi, Қорша- ғанортаминi | IV тоқсан, жыл сайын |
Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту |
20 | Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық табиғат қорғау шарттары мен келісімдерiнің (конвенцияларының) орындалуына талдау жүргiзу және оларды практикалық iске асыруды қамтамасыз ету | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Қоршаған- ортаминi | IV тоқсан, жыл сайын |
Жаhандық экологиялық проблемалар |
21 | Парник газдарының тастан- дыларын қысқарту жөнiндегі сандық міндеттемелердiң Қазақстанның экономикасына әсерi мәселелерi бойынша зерттеу жүргізу | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне есеп | Қоршағанор- таминi, ЭБЖМ | 2004 жылдың IV тоқсаны |
22 | Қазақстан Республикасындағы парник газдарының тастанды- ларына жыл сайынғы түгендеу жүргізу | Қазақстан Республи- касының ?кіметіне ақпарат | Қоршаған- ортаминi | IV тоқсан, жыл сайын |
23 | Қазақстан үстіндегi озон қабатының жай-күйін зерттеу жөніндегі ғылыми зерттеу- лердi жүргiзу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Қоршағанор- таминi, БҒМ | IV тоқсан, жыл сайын |
24 | Қазақстандағы озон бүлдiргiш заттарды жыл сайынғы түгендеудi ұйымдастыру және жүргiзу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Қоршаған- ортаминi, АШМ | IV тоқсан, жыл сайын |
25 | Биоәркелкілiк объектіле- рінің жай-күйін бағалауды және оларды түгендеудi жүргiзу | Қазақстан Республи- касының Үкіметiне ақпарат | АШМ, Қорша- ғанортаминi | IV тоқсан, жыл сайын |
26 | ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілiк табиғи мұрасының тiзiмiне елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын енгізу жөнiнде жұмыс жүргiзу | Қазақстан Республи- касының Yкіметiне ақпарат | Қоршағанор- таминi, АШМ | IV тоқсан, жыл сайын |
27 | Биоәркелкілiк бойынша БҰҰ конвенциясының Биоқауіп- сiздiк жөніндегі Картахена хаттамасына Қазақстанның қатысуы жөнiнде iс-шаралар жүргiзу | Нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасы | АШМ, Қорша- ғанортаминi, СIМ | 2006 жылдың IV тоқсаны |
28 | Қазақстан Республикасындағы шөлденуге қарсы күрес жөніндегі бағдарламаны әзiрлеу және бекіту | Қазақстан Республи- касының Үкiметі қаулысының жобасы | Қоршағанор- таминi, АШМ, ЖРА | 2004 жылдың IV тоқсаны |
Ұлттық экологиялық проблемалар |
29 | Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының және Арал өңірінің проблемаларын кешендi шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ, ЕХҚМ, Қоршаған- ортаминi, ЭMPM, АШМ, ДСМ, БҒМ | 2005 жылдың III тоқсаны |
30 | Каспий теңізiнiң қоршаған теңiз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелiк конвенцияны бекітуге дайындау | Қазақстан Респу- бликасы Заңының жобасы | Қоршаған- ортаминi, СIМ | 2005 жылдың IV тоқсаны |
31 | ҚР Үкіметінің 2006.22.05. № 436 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) |
32 | Шектi жол берілетін зиянды әсер етулердің нормативтерiн және судың жай-күйінiң мақсатты көрсеткiштерiн әзірлеу жөніндегі ғылыми-қолданбалы зерттеулер кешенін жүргiзу | Қазақстан Республи- касының Үкiметіне ақпарат | АШМ, Қорша- ғанортаминi | IV тоқсан, жыл сайын |
33 | ҚР Үкіметінің 2007.20.01. № 41 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) |
34 | Жаңа ластанулардың туындауын болдырмайтын құқықтық, экономикалық және өзге де тетiктердi әзiрлеу және енгізу | Нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасы | ЭМРМ, Қорша- ғанортаминi, ЭБЖМ, Әді- летминi | 2005 жылдың IV тоқсаны |
35 | Трансшекаралық су ағындарды және халықаралық өзендердi қорғау және пайдалану жөніндегі Хельсинки конвенциясына Орталық Азия мемлекеттерінің қосылуы жөніндегі Қазақстанның бастамашылығын жылжыту мәселесін пысықтау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | АШМ, СIМ | 2005 жылдың I тоқсаны |
36 | Әскери-ғарыш және сынақ полигондары аумақтарының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жүйесiн құру | Нормативтiк құқықтық кесiмнің жобасы | Қоршағанор. таминi, ККM | 2005 жылдың IY тоқсаны |
Жергілікті экологиялық проблемалар |
37 | Ластанудың радиоактивтi көздерін түгендеу жөніндегі жұмысты жүргiзу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ЭMPM, Қорша. ғанортаминi, ДСМ | 2004 жылдың IV тоқсаны |
38 | Жоғары радиациялық сәулелену қауіптiлігі туралы халыққа уақтылы ақпарат беру жөніндегі шараларды әзiрлеу | Нормативтiк құқықтық кесiмнің жобасы | ТЖА, ИСМ, ДСМ, Қорша- ғанортаминi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi | 2005 жылдың IІІ тоқсаны |
39 | Радиоактивтi қалдықтарды қайта өңдеу және көму жөнiнде мамандандырылған ұйымды құрудың орындылығы туралы мәселенi қарау | Қазақстан Республи- касының Үкіметiне ұсыныстар | ЭМРМ, ИСМ, Қоршаған- ортаминi | 2004 жылдың IV тоқсаны |
40 | Арал теңiзіндегі Барсакелмес аралының аумағында қоршаған орта объектілерінің эпидемио- логиялық мониторингiн жүргiзу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ДСМ, Қорша- ғанортаминi | тұрақты |
41 | Жұқпалы аурулар қоздыр- ғыштарының ұзақ уақыт сақталу мүмкiндігі тұрғысынан Арал теңiзіндегі Барсакелмес аралының аумағын бағалауды жүргiзу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ДСМ, Қорша- ғанортаминi | 2005 жылдың IV тоқсаны |
42 | Қалдықтарды басқаруды есепке алу мен бақылау жүйесiн ұйымдастыруға бағытталған нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және енгізу | Нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасы | Қоршаған- ортаминi, ЭMPM, ИСМ | 2005 жылдың IV тоқсаны |
43 | Көмiрсутегi кен орындарын әзiрлеу аумақтарында қауiптi геологиялық процестер мониторингiнiң жүйесiн құру | Нормативтiк құқықтық кесімнің жобасы | ЭМРМ, ТЖА, Қоршаған- ортаминi | 2005 жылдың III тоқсаны |
44 | Орман өрттерiн уақтылы табу және сөндiру үшiн жеңіл моторлы авиацияның мамандандырылған жасағын құру жөнiнде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | АШМ, ТЖА, ККM | 2005 жылдың IV тоқсаны |