|
|
|
Барлық санаттағы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және ҚР Үкіметінің 2006.07.11. № 1063 Қаулысымен күші жойылды
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған Барлық санаттағы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн алу (сатып алу), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бөгде үйлер, ғимараттар мен объектiлердi құлату, сыртқа шығару, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристік және рекреациялық қызмет үшін жалға беру ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 240 қаулысымен бекiтілген Барлық санаттағы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшін жер учаскелерін алу (сатып алу), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бөгде үйлердi, ғимараттар мен объектілердi құлату, сыртқа шығару, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерін, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристiк және рекреациялық қызметтер үшін жалға беру ережесi 1. Барлық санаттағы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшiн жер учаскелерін алу (сатып алу), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бөгде үйлердi, ғимараттар мен объектілердi құлату, сыртқа шығару, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристік және рекреациялық қызметтер үшiн жалға беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегi Заңына, жер және азаматтық заңнамаларға сәйкес әзiрлендi. 2. Барлық санаттағы жерлерден заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (бұдан әрi - ЕҚТА) құру және кеңейту үшiн жер учаскелерін алу (сатып алу) техникалық-экономикалық негiздеменiң және оның құрамына енетiн жерге орналастыру жобасының негiзiнде, Қазақстан Республикасы Жер кодексiнде белгіленген шарттарға сәйкес жүргiзіледi. 3. EҚTА құру және кеңейту үшiн техникалық-экономикалық негiздеме және оның құрамына енетін жерге орналастыру жобасы заңнамада белгiленген тәртiппен: республикалық маңызы бар ЕҚТА үшiн - ЕҚТА саласындағы уәкiлеттi органның, өзге де орталық атқарушы органдардың тапсырмасы бойынша; жергiлiктi маңызы бар ЕҚТА үшін - облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) атқарушы органның тапсырмасы бойынша және ЕҚТА саласындағы уәкілеттi орган мен оның аумақтық органдарының ұсыныстары негiзiнде әзiрленедi. 4. ЕҚТА құру немесе кеңейту үшiн меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алу (сатып алу) заңнамада белгiленген тәртіппен: республикалық маңызы бар ЕҚТА құру және кеңейту үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң; жергіліктi маңызы бар ЕҚТА құру және кеңейту үшiн - облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік орман қорының жерлерiн жергiлiктi маңызы бар ЕҚТА құру және кеңейту кезiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне ауыстыру облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) атқарушы органдардың қолдаухаты мен ЕҚТА құру және кеңейтудiң техникалық-экономикалық негiздемесiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешімi бойынша белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады. 6. ЕҚТА-дағы бөгде үйлердi, ғимараттар мен объектілердi құлату, сыртқа шығару EҚTA құрудың немесе кеңейтудiң техникалық-экономикалық негiздемесiне сәйкес ЕҚТА құрылғаннан немесе кеңейтілгеннен кейiн жүргiзіледi. 7. ЕҚТА-дағы бөгде үйлердi, ғимараттар мен объектілердi құлату, сыртқа шығару туралы шешiмдi ЕҚТА қарауындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ЕҚТА әкiмшілік белгілеген тәртiппен қабылданады. Шешiм мынадай ережелердi қамтуға тиiс: 1) ЕҚТА-дағы бөгде үйлердi, ғимараттар мен объектілердi құлатудың, сыртқа шығарудың негiздемесi; 2) үйлердi, ғимараттар мен объектілердi бөлшектеудiң, құрастырудың тәртібі; 3) ЕҚТА-дағы бөгде үйлердi, ғимараттар мен объектілердi құлату, сыртқа шығару мерзiмi; 4) өзге де ережелер. 8. ЕҚТА жер учаскелерiн, үйлерi мен ғимараттарын жалға беру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар ғылыми, туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру жөніндегі тиiстi жобалық құжаттама, сондай-ақ ЕҚТА-ны қорғау және пайдалану жөнiнде ұсыныстар болған жағдайда ЕҚТА әкiмшілігіне берілетiн жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте жобалық құжаттама ЕҚТА қарауындағы мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органмен алдын ала келісіп алынуға тиiс. 9. Ғылыми, туристік және рекреациялық қызметтердi жүзеге асыру үшiн ЕҚТА жер учаскелерiн, үйлерi мен ғимараттарын жалға беру қысқа мерзiмдi (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмдi (5 жылдан 49 жылға дейiн) болуы мүмкiн және EҚTA әкiмшілігі мен жалға алушының арасында жасалған жалға беру шартының негiзiнде жүзеге асырылады. 10. ЕҚТА жер учаскелерін, үйлерi мен ғимараттарын ғылыми, туристiк және рекреациялық қызметтер үшін жалға беру экологиялық талаптарды ескере отырып, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық қызмет аймақтарында жүзеге асырылады. Реттелетiн туризм мақсаттарында пайдалануға белгіленетiн ЕҚТА жер учаскелерi, үйлерi мен ғимараттары жеке және заңды тұлғаларға оларда туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия болған кезде беріледi. 11. ЕҚТА аумағындағы жер учаскесін, үйлерi мен ғимараттарын жалға беру шартында: жалға берілетін жер учаскелерi, үйлер мен ғимараттар туралы мәлiметтер; реттелетiн туризм мен рекреацияны қамтамасыз ету жөніндегі қызметтiң рұқсат етiлген түрлерi; жалға алушылардың ЕҚТА табиғи кешендерiне рекреациялық жүктемелердің белгіленген нормаларын сақтауы жөнiнде қойылатын экологиялық талаптар; табиғат қорғау iс-шараларын жүргiзу; жалгердiң оған жалға берілген жер учаскелерiнде салған үйлерi мен ғимараттарын құлату, сыртқа шығару шарттары немесе оларды ЕҚТА-ға тегiн беру туралы келісім; шартты бұзу және жалға берiлген жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды қайтарып беру талаптары; жалдау ақысының және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердiң мөлшерi; өзге де шарттар көзделедi. 12. ЕҚТА-дағы жер учаскелерін, үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен мемлекеттік тiркелуi тиiс. 13. ЕҚТА құру мен кеңейтудiң бекітілген техникалық-экономикалық негiздемесінде көзделмеген жалгерлер жалға алған жер учаскелерiнде үйлер мен ғимараттар салу жүргiзiлмейдi. 14. Жалға берушінiң жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды жалға қабылдауы-беруi және оны жалгердiң қабылдап алуы тапсыру актiсi немесе тараптар қол қоятын тапсыру туралы өзге де құжат бойынша жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |