|
|
|
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуiл екпелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы (2013.09.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 12-бабына сәйкес және қылқан жапырақтылар мен сексеуiл екпелерiнiң қурауына жол бермеу, сондай-ақ ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 568 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.09.08. № 815 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Мыналарға: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын. ҚР Үкіметінің 2013.09.08. № 815 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Облыс әкiмдерi заңнамамен белгiленген тәртiппен: 1) осы қаулының 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын; 2) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта тұқымдарын плантацияда өсiру жөніндегі, сондай-ақ жеке меншiк орман өсiру үшiн жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жер учаскелерiн беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын; 3) жыл сайын, 10 маусымға және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiне ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөнiнде қабылданған шаралар және ағаш пен бұта тұқымдыларын плантацияда өсiру туралы ақпарат берсiн. ҚР Үкіметінің 2013.09.08. № 815 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi: 1) осы қаулының 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын; 2) ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөніндегі шаралардың орындалуын бақылауды және құрылып жатқан ағаш пен бұта тұқымдары плантацияларының есепке алынуын ұйымдастырсын. 4. «Қазақстан Республикасында сексеуiл екпелерiн сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 тамыздағы № 942 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 28, 318-құжат) күшi жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 568 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.09.08. № 815 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Ж. Қаппаровқа жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |